Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу



бет18/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#144967
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Педиатрия мейіргер ісі стандарттар

Клиникалық диагностикасы:
Қанның түсі анық-қызыл. Қан жұтқан кезде канмен құсу болуы мүмкін. Қан көп кеткенде бозару, әлсіреу, бас айналу, құлағының шуылдауы мүмкін.
Жедел жәрдем.

  1. Баланы тыныштандырып, отырған немесе жартылай отырған дене қалпында ұстау, басын алға қарай еңкейту.

  2. Мұрын қанаттарын мұрын пердесіне 10-15 мин қысып тұру, мұрынның жоғарғы жағына суық басу.

  3. Алдына лоток немесе сулгі қояды, киімін босатады, науқасты терең және бір қалыпты дем алуды сұрайды.

  4. Желке және кеңсірекке 30 минутқа сұық қою. Алақан немесе табанды ыстық суға салуға болады, аяқ жағына жылытқыш.

  5. Егер қолданған шаралардан нәтижесі болмаса, онда мұрын қуысының алдынғы (мейіргер) немесе артқы (дәрігер) тампонада жасайды. Алдынғы тампонада мұрын кіреберісіне 3% сутегі асқын тотығының ерітіндісіне малынған мақта тампон (дәке турунда) енгізу. 12,5% этамзилат ерітіндісін вена ішіне саулатып енгізу. Биологиялық препараттардан гемостатикалық сүзгіні де қолдануға болады. Тампонды 12-24 сағатқа қалдыруға болады.

Мұрынан қан кетуі тоқтамаған баланы белгілі немесе күдіктенген ауруына қарай соматикалық, гематологиялық немесе ЛОР-бөлімшеге жатқызу қажет.

Балаларға жүрек-өкпе реанимациясының өткізу ерекшеліктері


Жүрек-өкпе реанимациясының өткізу кезеңдері (С-А-В):

  1. Жүрекке тікелей емес массаж жасау (Circulation – қан айналымын қалпына келтіру). Бір жасқа дейінгі балалардың төсін бір-екі саусақпен басқаны жеткілікті. Баланы тегіс жерге шалқасынан жатқызады, қолдың үлкен саусақтары кеуде қуысының алдынғы жағында емшек ұшының сызығынан 1 см төмен орналасқан нүктесінде қосылуы керек, қалған саусақтарымен арқасын ұстайды немесе 2 және 3 саусақпен жүрекке тікелей емес массаж жасайды. 1 - 7 жастағы балаға бір жағынан тұрып (жиі оң жағынан тұрады) бір қолдың алақан негізімен, 8 жастан бастап реанимация шараларын ересек адамдарға ұқсас екі қолдың алақанымен жүрекке тікелей емес массаж жасау өткізеді.

Жүрекке тікелей емес массажды баланың перифериялық артерияларда пульс қалпына келгенше жасайды.
Төстің басу тереңдігі (компрессия) және жиілігі.
а) сәбилерге (2 айға дейін) - 4 см, минутына 100 рет;
б) балаларға – 5 см, минутына 100 рет.

  1. Тыныс алу жолдарын тазарту (Airways – тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру).

  • Ауыз қуысын және жұтқыншақты сілекей, құсық қалдықтардан тазалайды.

  • Абайлап баланың басын артқа қарай шалқайтып (омыртқа жотасының мойын бөлігінің жарақаттарында қарсы көрсетілім), мойын астына жұмсақ валик қояды.

  • Жақ сүйегін алға қарай жылжыту: иегін көтере отырып төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту.

  • Кеудесі көтерілу үшін дем береді, екінші дем беру кеудесінде көрінетін қозғалысты бақылаудан кейін жасалады.

  1. Өкпені жасанды жолмен желдету (Breath - тыныс алу қалпына келтіру).

Бір жасқа дейін «ауызбен ауызға және мұрынға», бір жастап асқан балаларда «ауызбен ауызға» өкпені жасанды жолмен желдетуді бастайды. Науқастың ауызына және мұрынына салфетка жабады немесе балаларға арналған Амбу қапшығын қолданылады.
Компрессия мен дем беру қатынасы 30:2. Жүрек-өкпе реанимациясының бір кезеңін өткізу – 2 минут ішінде жүрек-өкпе реанимациясының 5 циклін өткізу (30:2).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет