Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу



бет22/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#144967
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Педиатрия мейіргер ісі стандарттар
1 сабақ
Клиникалық диагностикасы. Бала адаммен қатынасқа кірмейді. Бұлшық ет тонусы күрт төмендейді, беті боз, қарашығы кеңейген, пульс толымы әлсіз. Артериялық қысымы төмендеген, жүрек үндері тұйықталған, жүрек жиырылуының жиілігі мен ырғағы әртүрлі болуы мүмкін, тынысы беткей. Терең талма қысқа мерзімді тоникалық тырыспамен өтеді. Естен тану жағдайы талма кезінде бірнеше минутқа, сирек одан ұзаққа созылады және горизонтальдық дене қалпында есін тез жияды.
Талма жағдайының негізгі белгілері: кенеттен даму; қысқа мерзімділік (бірнеше секундтан 3-5 минутқа дейін); қайтымдылық; санасының тез қалпына келуі – бала айналасында бағдарланады, есін жоғалтудың алдында болған жағдай есінде қалады.
Жедел жәрдем.

  1. Баланы горизонтальды қалпында жатқызып, аяқ жағын 40-500 көтеріп кою керек. Жағасын ағытып, белбеуін босатып, денесін қысып тұрған басқа да киім бөліктерін босату қажет. Таза ауаның кіруін қамтамасыз ету керек.

  2. Рефлекторлық әсерді қолдану:

  • бетіне суық су шашу немесе бетінен ылғалды сүлгімен қағу;

  • мүсәтір спиртінің буымен дем алғызу.

Бұл жағдайдан шыққан соң ыстық, тәтті шай ішкізу керек.
Ұзаққа созылған талма кезінде тағайындалады:

  • 10% натрий кофеин-бензоаты 0,1 мл/өмірінің әр жылына тері астына немесе кордиамин ерітіндісі 0,1 мл/өмірінің әр жылына тері астына.

Гипогликемия жағдайы кезінде 10% глюкоза ерітіндісін 5 мл/кг мөлшерінде вена ішіне саулатып енгізу, 30 минуттан кейін қандағы глюкоза деңгейін тексеріп, қажет болса қайтадан енгізу.


Коллапс кезінде дәрігерге дейінгі көмек


Коллапс (лат. сollapsus – құлау) – қантамырлар тонусының күрт төмендеуімен, айналымдағы қан көлімінің азаюмен, ми гипоксиясының белгілерімен және өмірлік маңызды қызметтердің тежелуімен сипатталатын, өмірге қауіп төндіретін жедел қантамыр жетіспеушілігі.
Коллапс – жүйелі қанайналымның талмадан ұзағырақ бұзылысы. Коллапс кезінде естен тану сирек болады (талмадан айырмашылығы), өйткені ол кезде ми қантамырларының біріншілік спазмы болмайды.
Балалардағы коллапстың ең жиі себептері:
- жедел инфекциялық патологиялық ауыр ағымы (ішек инфекциялар, грипп, ЖРВИ, пневмония, пиелонефрит, баспа және т.б.);
- жедел бүйрекүсті безінің жетіспеушілігі;
- гипотензивті дәрілерді шамадан артық мөлшерде қабылдау;
- жедел қансырау;
- ауыр жарақат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет