Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу


Пероралды регидратация жүргізу



бет11/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#144967
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Байланысты:
Педиатрия мейіргер ісі стандарттар

Пероралды регидратация жүргізу
(Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу бағдарламасы бойынша)

Қолдануы: ағзадағы сұйықтықтың көп мөлшерде жоғалуымен қатар жүретін жұқпаларда және су-электролиттер алмасуының бұзылуларында.


Жабдықтар:

  1. «Пероралды регидратациялық тұз»

(ішу арқылы қабылданатын регидратациялық тұз).

  1. 1литр қайнаған, ыстық су.

  2. Өлшегіш стакан.

  3. Кесе, шай немесе ас қасық.

Орындалуы.

  1. Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіреді.

  2. Медбике қолын жуып, құрғатады.

  3. 1 литр қайнаған, ыстық суға 1 пакет «Пероралды регидратациялық тұз» ерітіп, салқындату керек. Дайын ерітіндіні сақтау мерзімі 24 сағат.

  4. Өлшегіш стаканға диареяны емдеу жоспары бойынша пероралды регидратациялық тұз ерітіндісінің тиісті мөлшерін құйып алады.

  5. Дайындап қойған кесеге өлшенген пероралды регидратациялық тұз ерітіндіні құйып, анасына береді.

  6. Медбике анасынапероралды регидратациялық тұз ерітіндісін қалай беру керектігін көрсетеді:

  • Балаға пероралды регидратациялық тұз ерітіндіні ыдыстан жиі, аз-аздан беру керек.

  • Егер балада құсу болса, 10 минут күтіңіз. Содан кейін жалғастырыңыз, бірақ баяу түрде.



Менингококкты инфекция кезінде лабораториялық тексеруге жағынды алу

Зерттеуге жатады: диагнозы «Менингококкты инфекция» бар науқастар; менингококкты инфекциясы жұққан науқас баламен қарым-қатынастаболған балалар; санация (организмді сауықтыру бойынша мақсатты емдеу-профилактикалық іс-шараларын жүргізу) жүргізгеннен кейін бактерия таратушылар.


Жалпы мәлімет. Материалды аш қарынға алады.
Жабдықтар:

  1. Штатив.

  2. Зарарсыздандырылған пробиркада тығынға бекітілген ұшында зарарсыздандырылған мақта оралған таяқша.

  3. Зарарсыздандырылған шпатель немесе зарарсыздандырылған, бір қолданылатын терапевтік ағаш шпатель.

  4. Бактериологиялық зертханадан алынған 3-5 мл қоректік орта құйылған пробирка.

  5. Бикс.

  6. Поролон, жылытқыш, термометр.

  7. Стеклограф.

  8. Зарарсыздандырылған қолғап, бетперде.

  9. Жолдама.

Орындалуы.

  1. Медбике жолдаманы тексеріп, журналдағы тіркелген нөмірін жазады.

  2. Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  3. Медбике қолын жуып, құрғатады, зарарсыздандырылған қолғапты және бетперде киеді.

  4. Пробиркаға стеклографпен журналдағы тіркелген нөмірін жазады.

  5. Зарарсыздандырылған мақта оралған таяқша ұшынан 3-4 см арақашықта пробирка шетімен 1350майыстыру.

  6. Баланы көмекшінің алдына жарыққа қарай отырғызады: көмекші өзінің екі тізесімен баланың аяқтарын қысып, сол қолымен басын, оң қолымен екі қолын ұстайды.

  7. Балаға аузын ашу керек деген нұсқау береді.

  8. Сол қолдың саусақтарымен шпательді қаламшаны ұстағандай ұстайды.

  9. Баланың тілін шпательмен басып, аузын ашады.

  10. Оң қолымен зарарсыздандырылған мақта тампоны бар таяқшаның майысқан ұшын жоғары қаратып тіліне, тістеріне, ауыздың шырышты қабатына тигізбей жұмсақ таңдайдың артынан абайлап 2-3 рет қозғалтып жұтқыншақтан жағынды алады.

  11. Зарарсыздандырылған мақта тампоны бар таяқшаны тістеріне, ауыздың шырышты қабатына тигізбей шығарып, қоректік орта құйылған пробирканың шетіне тигізбей салады.

  12. Пробирканы штативке қойып, бикске салады.

  13. Бикске жылытқыш, поролон, термометр салады. Тасымалдау кезінде бірқалыпты температура 380С болу керек. Менингококк 370С төмен температурада жойылады.

  14. Медбике қолғап және бетпердені шешіп, қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерге (ҚЖКЖК) салады.Қолды жуып, құрғатады.

  15. Алынған материалды бикспен тез арада 1 сағат ішінде бактериологиялық зертханаға жеткізу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет