Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу


Балаларға тазарту клизмасын жүргізу



бет8/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#144967
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Педиатрия мейіргер ісі стандарттар

Балаларға тазарту клизмасын жүргізу

Жабдықтар:



  1. Бір рет қолдануға арналған алжапқыш.

  2. Зарарсыздандырылған қолғап.

  3. Жөргек.

  4. Клеенка.

  5. Сүлгі.

  6. Ұшы бар резеңкелі баллон №1-2-3-4-5-6

(көлемі әртүрлі мысалы №1 – 30 мл, №2 – 60 мл).

  1. +20-220С таза суы бар ыдыс.

  2. Вазелин майы.

  3. Нәжіске арналған қыш құмыра (горшок).

  4. Дезинфекциялық ерітінді, бір рет қолданылатын салфетка.

Көрсеткіштері: іш қату, улану, дәрілік қлизма және жел шығарғыш түтікшені енгізер алдында, эндоскопиялық әдіспен зерттеу (ректороманоскопия, колоноскопия) және асқазан, ішек, бүйректің рентгенологиялық зерттеу алдында, құрсақ қуысының мүшелерін ультрадыбыспен зерттеу алдында, операцияға дайындағанда.
Қарсы көрсеткіштері:аппендицит, асқазан-ішектен қан ағу, тік ішектің жарылуы (тілінуі) және шығып кетуі, тік ішектің ісіктерінің ыдырау кезеңінде.
Орындалуы.

  1. Анасына процедураның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріп, келісімін алады.

  2. Жабдықтарды тексереді.

  3. Жөргек үстеліне клеенканы салып, оның үстіне жөргекті төсейді.

  4. Медбике қолын жуып, құрғатады, алжапқышты және зарарсыздандырылған қолғаптыкиеді.

  5. Резеңкелі баллонды оң қолға алып, қысып, ішінен ауаны шығарады. Баллонға +20-220С суда сорып алады. Судың көлемі баланың жасына қарай (жаңа туған нәрестеге - 25-30 мл, бір жасқа дейін - 50 -150 мл, 1-3 жас -150-250 мл).

  6. Баллонның ұшына вазелин майын құяды.

  7. Баланы сол жақ қырымен жатқызады, аяқтарын тізежәне ұршықбуынында бүгіп, ішіне тартады. 6 айға дейінгі баланы шалқасынан жатқызып, екі аяғын жоғары көтеріп, сол қолымен ұстайды.

  8. Сол қолының 1-2 саусақтарымен баланың бөкселерін саусақпен кереді, оң қолымен алдымен баллонның ұшын еппен кіндікке қарай бағыттап, тік ішекке 1-1,5 см енгізгеннен кейін, баллонның ұшын сегізкөз сүйекке сәйкес бағытпен әрі қарай кіргізеді.

  9. Жайлап баллонды қысып, суды тік ішектің саңылауына жібереді.

  10. Баллонды қысылған күйінде тік ішектен шығарады. Баллонды лотокка салады.

  11. Сол қолыменбаланың бөкселерін бір–біріне келтіріп, 3-5 минутқа дейін қысып тұрады.

  12. Баланы арқасына жатқызып, бөкселерінің астына клеенка салып, шатты жөргекпен жабады.

  13. Бірнеше минуттан кейін, нәжіс сумен араласып сыртқа шығады.

  14. Нәжіс шығып болғаннан кейін, шатты жуып, сүлгімен терісін құрғатады, киімін кигізеді.

  15. Медбике қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнерге (ҚЖКЖК) салады. Алжапқышты шешеді, қолды жуып, құрғатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет