Ерте көшпелілер дәуіріндегі Ұлы дала өркениеті Көшпелілікті зерттеу тарихы Жоспар



бет1/2
Дата06.10.2023
өлшемі3,47 Mb.
#183950
  1   2
Байланысты:
Ерте көшпелілер дәуіріндегі Ұлы Дала өркениеті


Ерте көшпелілер дәуіріндегі
Ұлы дала өркениеті
Көшпелілікті
зерттеу тарихы
Жоспар:
1.Көшпелі малшаруашылығының
Пайда болуы
2.Көшпеліліктің шығу тегі
3.Сақтардың әлеуметтік ұйымы
Далада ұзақ ғасыр көшпелі малшы-егінші шаруашылығы өмір сүрді. Б.з.б. II мыңжылдықтың ортасын-да көшпелі малшаруашылығына өтудің барлық алғышарттары қалыптасқанымен, ол жүзеге аспады. Көшпелілікке өтуге б.з.б. I мыңжыл-дықта болған кезекті құрғақшылық ықпал етті. Б.з.б. I мыңжылдықтың алғашқы жартысында құрғақшылыққа ұшыраған Далада шаруашылық жүргізудің жалғыз түрі көшпелілік болды
Алғашқы кезеңде мал үйірлерімен бірге ер адамдар көшті. Әйелдер, балалар мен қарттар тұрақты қоныста қалып, егіншілікпен және үй шаруашылығымен айналысты. Кейін көшу үдерісіне біртіндеп барлығы қатыса бастады. Ақырында ерлер әйелдері мен балаларын қоныста қалдырмайтын болды. Енді отбасылар жүк пен үй артылған арбалармен салт атты малшылардың соңынан еріп жүретін болды
Көпшеліктің пайда болуы
Көшпелілер мал құрамын өзгертіп, тебінге ыңғайлы қой мен жылқыны көбірек өсіре бастады. Жайылымды тиімді пайдалану үшін көшпелілер маусымдық көшуді меңгерді: шөптің қашан, қайда өсетінін зерттеді, бір маусымдық жайылымнан басқасына көшу жолдарын есте сақтады, малдарды суаратын су көздерін іздестірді
Көшпелілік,даладағы шаруашылықтың негізгі түрі ретінде,ерте темір (б.з.б. І мың)дәуірінде қалыптасқан.Темірді игерну мыс пен қоладан жасалған еңбек құралдары мен қаруларды темірге алмастыру
Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылар, философтар, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады.
Соғыс және аңшылық арбалары бейнеленген жартастағы суреттер (б.з.д. ІІ—Іғғ.);
1, 5, 6 — Арпаөзен,
2, 3, 4, 7 — Қойбағар
Көшпеліліктің шығуы, көпшілік жағдайда, географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі бір нақты тарихи кеңістіктерде ғана таралды. Көшпеліліктің пайда болуы — белгілі бір климаттық жағдайлар, экологиялық ұяның (ниша) шектеулі мүмкіндіктері, табиғи ресурстардың сол өлкеде өмір сүруші этностың алдына қоятын табиғи талаптарына байланысты
Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Әдетте, бұл — далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау аймақтары
Қазақстан шеңберінде көшпелілік қалыптасқан аймаққа Каспий маңы ойпаттары, Үстірт, Торғай, Жем жоталары, Бетпакдала, Балқаш маңы далалары, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле Алатауларының тау беткейлері және таулы өлкелері жатады. Бұл аймақтардағы өзен-сулардың маңайында, әсіресе осы аймақтар мен отырықшы-егінші мәдениеттер шекараларында маргиналдық аймақтар қалыптасты. Оларға тән шаруашылық-мәдени тұрпат — жартылай көшпелі шаруашылық пен мәдениет. Мұндай аймақтарға Сырдың бойы, жартылай Ертістің, Тобылдың, Есілдің, Жайықтың бойлары, Жетісу, Шығыс Қазақстанның таулы және тау бөктерінің кейбір алқаптары, Аралдың маңайы жатады.
Көшпеліліктің эволюциясы
Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болуының, дамуының өзіндік заңдылықтары, себептері бар. Малшылықтың алғашқы түрі — үй маңында мал өсіру болды. Ал "Көшпелі мал шаруашылығы қалай пайда болды?" деген мәселеде әр түрлі пікір бар. Кейбір ғалымдар: "Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңіту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туады
Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты", — дейді. Ал енді бір зерттеушілер бұл жағдайды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен — Еуразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді. Көшпелі қоғам тарихын зерттеуші ғалымдар басқа да көптеген себептер бар дейді.
Б.з.д. 1-мыңжылдықтың ортасына қарай көшпелі шаруашылық иен тұрмыстың жаңа жетістіктері пайда болды. Олар — темір үзеңгінің шығуы, ағаш ердің таралуы (бұрын тоқым сияқты жұмсақ ер болған), кереге, уық, шаңырағы бар киіз үйдің шығуы, т.б. Осы кезде, мөлшермен V—VI ғасырларда, көшпелі мал шаруашылығы өзінің дамуының ең жоғары деңгейіне көтерілді. Зерттеулерге карағанда, осыдан кейін де 1000 жылға таяу уақыт көшпелілер саяси билікте басымдығын көрсетті. Олар бүкіл Азия, Еуропаның жартысында, Солтүстік Африкада өзінің билігін жүргізді. Олар Еуразия континентіндегі бүкіл саяси жағдайды уысында ұстады, сауданы, керуен жолдарын бақылап отырды. Мүның бәрі олардың әскери күшінің мықтылығына байланысты болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет