Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан. 7 – сынып Түрік қағанаты (552-603жж.)



Дата08.04.2020
өлшемі43 Kb.
#62003
Байланысты:
erteortaghasyrlyk-memleketter-vi-ix-test-suraktary-56fffd21d0f31

Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан. 7 – сынып

Түрік қағанаты (552-603жж.)
1. Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі:

А) Түркеш қағанаты; В) Түрік қағанаты; С) Батыс Түрік қағанаты;

D) Шығыс түрік қағанаты; Е) Қарлұқ қағанаты;

2. Түрік тайпаларының ерте феодалдық мемлекеттері аталды:

А) Қағанат; В) Хандық; С) Әмірлік; Д) Патшалық; Е) Княздық;

3. VІ ғасырда жужандар (аварлар) қағанатын талқандау нәтижесінде құрылған мемлекет:

А) Түргеш қағанаты; В) Оғыз мемлекеті; С) Қарлұқ қағанаты;

Д) Түрік қағанаты; Е) Қыпшақ қағанаты;

4. Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды:

А) Жужандарды жеңген соң; В) Ұйғыр қағанатын жеңген соң;

С) Енисей қырғыздарын жеңген соң; D) Арабтарды жеңген соң;

Е) Эфтолиттерді жеңген соң;

5. «Теле» сөзінің мағынасы:

А) Ұйғыр; В) Қарлұқ; С) Түрік; D) Оғыз; Е) Қимақ;

6. «Түрік» этнонимі бірінші рет деректерде қашан кездесті:

А) 542 ж. В) 545 ж. С) 546 ж. D) 547 ж. Е) 548 ж.

7. Бумын елді қай кезеңде басқарды:

А) Монғол; В) Түрік; С) Қазақ; D) Батыс түрік; Е) Қарлұқ;

8. Бумын қаған басқарған мемлекет:

А) Оғыз мемлекеті; В) Батыс Түрік қағанаты; С) Түрік қағанаты;

Д) Түргеш қағанаты; Е) Қимақ қағанаты;

9. Жужандар Түрік қағанатынан түпкілікті жеңілді:

А) Бумын қаған кезінде; В) Иштеми қаған кезінде; С) Қара-Еске қаған кезінде;

Д) Тобо қаған кезінде; Е) Мұқан қаған кезінде;

10. Қытай билеушілері Түрік қағанатына жібек матамен салық төлеп отырды:

А) Бумын қаған кезінде; В) Қара-Еске кезінде; С) Елтеріс қаған кезінде;

Д) Тон қаған кезінде; Е) Мұқан қаған кезінде;

11. VІ ғ. 70 жылдары Түрік қағанаты үстемдік құрды:

А) Әмудария мен Памирге дейін; В) Каспий мен Аралға дейін;

С) Сырдария мен Әмударияға дейін; Д) Алтай мен Еділге дейін;

Е) Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін;

12. VІ ғасырдың екінші жартысында сауда жолына байланысты дипломатиялық келісім жасаған елдер:

А) Түрік қағанаты мен Византия; В) Түрік қағанаты мен Сирия;

С) Түрік қағанаты мен Египет; Д) Түрік қағанаты мен Киев Русі;

Е) Түрік қағанаты мен Иран;

13. Сауда қатынасын дамыту мақсатында Иран, Византиямен байланыс орнатуға ұмтылған түрік қағаны:

А) Үшлік; В) Білге; С) Мұқан; Д) Иштеми; Е) Сұлу;

14. Сауда жағдайына байланысты Иран мен Византияға елшіліктер жіберіп, келіссөз жүргізген түрік қағанаы:

А) Бумын; В) Білге; С) Үшлік; Д) Сұлу; Е) Иштеми;

15. Түріктердің шаруашылығы:

А) Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы; В) Аңшылық;

С) Балық аулау; D) Егіншілік;

Е) Ешқандай шаруашылықпен айналыспады;

16. Түрік қағанатында 581 ж. болған оқиға:

А) Эфталиттерді жеңді; В) Қағанат ішінде өзара соғыс болды;

С) Қытаймен бейбіт қатынас орнатты; Д) Бумын қаған «ел хан» атағын алды;

Е) Ұлы даланың қожасына айналды;

17. Түрік қағанатының екіге бөлінген уақыты:А) 603ж. В) 604ж. С) 605ж. D) 606ж. Е) 607ж.



Батыс Түрік қағанаты (603-704жж.)

1. Батыс Түрік қағандығының солтүстік – батыс шекарасы алып жатқан аралық:

А) Жем, Жайық өзендерінің аралығы; В) Торғай, Тобыл өзендерінің аралығы;

С) Еділ, Кубань өзендерінің аралығы; Д) Сарысу, Есіл өзендерінің аралығы;

Е) Ырғыз, Есіл өзендерінің аралығы;

2. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы:

А) Суяб; В) Сығанақ; С) Мыңбұлақ; D) Күнгіт; Е) Испиджаб;

3. Батыс Түрік қағанатын алғышқы кезде басқарды:

А) Тардуш; В) Бумын; С) Үшлік; Д) Сұлу; Е) Мұқан;

4. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп,олаға «селиф» деген атақ берген қаған:

А) Шигу; В) Қапаған; С) Тон; D) Тардуш; Е) Ешбар;

5. Батыс Түрік қағанатында жасауылдарға есеп беріп отырған адамдар:

А) Тархандар; В) Селифтер; С) Бұйрықтар; Д) Даруғалар; Е) Бектер;

6. VІІ ғасырда «Он оқ будун» жүйесін енгізген қағанат:

А) Эфталиттер мемлекеті; В) Шығыс Түрік қағанаты; С) Түргеш қағанаты;

Д) Батыс Түрік қағанаты; Е) Қарлұқ қағанаты;

7. 659 жылы Жетісуға басып кірді:

А) Қарлұқтар; В) Шығыс түріктер; С) Қытайлар; Д) Соғдылар; Е) Парсылар;

8. VІІІ ғасырдың басында Түргеш қағанатының құрылуына жол ашқан оқиға:

А) Шығыс Түрік қағандығының ыдырауы; В) Сұлу қағанның арабтарды жеңуі;

С) Қытайлармен соғыстағы жеңіс; Д) Ұйғырлармен соғыстағы жеңіс;

Е) Соғдылардың Жетісуға келуі;

9. 682 жылы Шығыс түріктері өз мемлекетін қалпына келтірген жер:

А) Шығыс Иран; В) Монғолия; С) Қытай; Д) Тибет; Е) Жетісу;

10. Шығыс Түрік қағанаты Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтірген жыл:

А) 686 ж. В) 682 ж. С) 684 ж. Д) 685 ж. Е) 683 ж.

11. Шығыс Түрік қағанатының алғашқы қағаны:

А) Тоныкөк; В) Құтлық; С) Үшлік; Д) Жыпыр; Е) Күли шор;

12. VІІ ғасырдың аяғы мен VІІІ ғасырдың ортасында Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерін алып жатқан мемлекет:

А) Түрік қағандығы; В) Батыс Түрік қағандығы; С) Түргеш қағандығы;

Д) Шығыс Түрік қағандығы; Е) Қарлұқ қағандығы;

13. VІІ ғасырдың аяғы мен VІІІ ғасырдың ортасында Қазақстан, Орта Азия, Оңтүстік Сібір жерін алып жатқан мемлекет: А) Түрік қағандығы; В) Батыс Түрік қағандығы; С) Түргеш қағандығы; Д) Қарлұқ қағандығы; Е) Шығыс Түрік қағандығы;

14. Құтлық негізін қалаған Шығыс Түрік қағанатының аумағына енген жер:

А) Қырғыз жері; В) Шығыс Түркістан;С) Қызылқұм маңы; Д) Түркімен жері; Е) Орал жері;

15. Батыс Түрік қағанатында қағаннан кейінгі билік берілді:

А) Бектерге; В) Тархандарға; С) Бұйрықтарға; Д) Ұлықтарға; Е) Селифтерге;

16. Батыс Түрік қағанатында яғбу,шад,елтебер атағы кімдерге берілген:

А) Қағанатты басқарушыға; В) Қаған руынан шыққандарға;

С) Қарапайым халыққа; D) Салық жинаушыларға;

Е) Сот ісін басқарушыларға;

17. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарушылар:

А) Беклербектер; В) Бұйрықтар мен тархандар; С) УәзірлерD) «Селифтер»; Е) Басқақтар;

18. Батыс түрік қағанатында тархандардың атқарған қызметі:

А) Сот істері; В) Қағанның негізгі тірегі; С) Тайпа салығын жинаушы;

Д) Әскербасы; Е) Жоғарғы жер иеленуші;

19. Батыс Түрік қағанатында «Қара бұдундар» деп кімдерді атаған:

А) Ақсүйектерді; В) Әскерді; С) Қарапайым халықты; D) Саудагерлерді; Е) Қолөнершілерді;

20 «Тат» сөзінің мағынасы:

А) Бай; В) Бек; С) Бұйрықтар; D) Құл; Е) Салық жинаушылар

21. VІІ ғасырдың басында Батыс Түрік қағанатының одақтасы болған ел:

А) Иран; В) Византия; С) Соғды; Д) Бұхар; Е) Қытай;

Түргеш қағанаты (704-756жж.)

1. Түркеш қағанатының мерзімі:

А) 704-756 ж ж В) 703-705 жж . С) 704-706 жж . D) 706-756 жж Е) 707-708 жж

2. Түргеш қағанатының астанасы:

А) Фараб; В) Суяб; С) Баласағұн; Д) Тараз; Е) Сығанақ;

3. Түргештер туралы алғашқы деректер кездесетін еңбек:

А) «Авеста» кітабы; В) Парсы жазбалары; С) «Күлтегін» ескерткіші;

Д) Рузбиханның деректері; Е) П.Карпинидің еңбегі;

4. Үшлік қаған басқарған мемлекет:

А) Түргеш қағанаты; В) Батыс Түрік қағанаты; С) Оғыз мемлекеті;

Д) Қарлұқ мемлекеті; Е) Түрік қағанаты;

5. Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған:

А) Сұлу; В) Құтшар; С) Күлишор; D) Жыпыр; Е) Үшілік;

6. Түргеш қағанатының екінші ордасы:

А) Ыстықкөлдегі Баласағұн; В) Іле өзені бойындағы Күнгіт; С) Алмалық;

Д) Ертіс бойындағы Имакия; Е) Мыңбұлақ;

7. Түркештердің Күнгет қаласы қай жерде орналасқан:

А) Іле; В) Талас; С) Шу; D) Есіл; Е) Ертіс;

8. Түркеш қағанаты бөлінген аймақ саны: А) 10; В) 20; С) 30; D) 40; Е) 45;

9. Түргеш қағанатының тәуелсіздігі үшін үш жақты күрес жүргізген қаған:

А) Үшлік; В) Шегу; С) Сұлу; Д) Жыпыр; Е) Құтшар;

10. Түргеш қағанатындағы ішкі қайшылықты пайдаланып қауіп төндірген ел:

А) Ұйғыр қағанаты; В) Бұхара хандығы; С) Монғолия;

Д) Қашғар билеушілері; Е) Шығыс Түрік қағанаты;

11. Түргеш қағандығына батыстан қауіп төндірген мемлекет:

А) Шығыс Түрік қағандығы; В) Иран; С) Қытай;

Д) Арабтар; Е) Ұйғыр қағанаты;

12. Сұлу қаған арабтарға қарсы күресте күш біріктірген ел:

А) Орта Азия халықтары; В) Шығыс Түркістан; С) Қытай;

Д) Хазар қағанаты; Е) Парсылар;

13. 737 жылы Тоқарстандағы арабтарды талқандауға түргештермен біріккен тайпа:

А) Оғыздар; В) Қытайлар; С) Қарлұқтар; Д) Соғдылар; Е) Ұйғырлар;

14. Арабтар «Сүзеген» деп атаған қаған:

А) Сұлу; В) Білге; С) Бумын; D) Тон; Е) Мұқан

15. 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды талқандаған түргештердің әскербасы:

А) Тоныкөк; В) Баға тархан; С) Жыпыр; Д) Иштеми; Е) Күли шор;

16. Сұлудан кейін билікке келген Түргеш қағаны:

А) Тұқарсан Құтшар; В) Сақал; С) Жыпыр; Д) Үшлік; Е) Қапаған;

17. Түргеш қағанатының саяси және экономикалық жағдайын әлсіреткен:

А) Отырықшылық өмірге бейімделуі; В) Соғдылардың қоныс аударуы;

С) Сары және қара түргештердің күресі; Д) Соғдылар мен түріктердің арасындағы қайшылық;

Е) Алым-салықтың көбеюі;

18. 748 жылы Түргештердің астанасы Суяб қаласын басып алған:

А) Қытай империясы; В) Ұйғыр қағанаты; С) Шығыс Түрік қағанаты;

Д) Тибет патшалығы; Е) Кушан империясы;

19. Түргештердің билеушісі Жыпыр қаған билік құрған жылдар:

А) 704-766 жж. В) 1160-1203 жж. С) 915-955 жж. Д) 1125-1212 жж. Е) 749-753 жж.

20. Арабтар мен қытайлар арасында 751 жылы шайқас өткен жер:

А) Имақия қаласы; В) Атлах қаласы; С) Суяб қаласы; Д) Құлан; Е) Испиджаб қаласы;

21. 751 жылы Атлах шайқасына қатысқан түрік тайпалары:

А) Қарлұқ, араб; В) Түргеш, түрік; С) Түргеш, қарлұқ; Д) Қимақ, оғыз; Е) Самани, қарлұқ;

22. Атлах шайқасынан кейін:

А) Арабтар Жетісудан кетті; В) Қытайлар Жетісуды басып алды;

С) Қытайлар Жетісудан біржолата кетті; D) Арабтар Жетісуды басып алды; Е) Қытайлар жеңді;

23. 756жылы Түркеш қағандығын құлатып,билікті өз қолына алған тайпа:

А) Қимақ; В) Қарлұқ; С) Қарахан; D) Қыпшақ; Е) Оғыз;

24. Ерте орта ғасырларда Жетісу жерінде теңге шығару ісін дамытқан бірлестік:
А) Наймандар; В) Түргештер; С) Қыпшақтар; Д) Керейлер; Е) Қимақтар;

25. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты деп айтқан зерттеуші:

А) Бартольд; В) Әл-Марвизи; С) Рубрук;

D) Сюань Цзянь; Е) Менондр Протектор;

26. Ежелден Орта Азияда өмір сүрген иран тілдес халық:

А) Соғдылар; В) Қимақтар; С) Ұйғырлар; Д) Қарақытайлар; Е) Нушебилер;

27. Соғдылар ежелден қоныстанған өзендер алабы:

А) Талас, Тобыл; В) Зеравшан, Қашқадария; С) Орхон, Енисей;

Д) Сырдария, Жаңадария; Е) Қызылырмақ, Шыршық;

28. VІ-VІІІ ғасырларда Жетісуға қоныстанған ел:

А) Ұйғырлар; В) Қырғыздар; С) Салжұқтар;

Д) Қидандар; Е) Соғдылар;

29. Қытай саяхатшысы Сюань Цзянь деректері бойынша соғды халқының негізгі кәсібі:

А) Жартылай көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілік; В) Қолөнер мен бақташылық;

С) Балық аулау мен егіншілік; Д) Сауда мен егіншілік;

Е) Таза көшпелі мал шаруашылығы мен қолөнер;

30. ХІ ғ. «Соғдылардың арасында түрікше сөйлемейтіні жоқ» деп жазған ғалым:

А) Рузбихан; В) М.Қашқари; С) Әл Марвази;

Д) П.Карпини; Е) Әл Омари;

Қарлұқ қағанататы (756 – 940жж)

1. 756 – 940 жылдар аралығында өмір сүрген қағанат:

А) Қарахан; В) Түрік; С) Түргеш; Д) Қарлұқ; Е) Қыпшақ;

2. Араб тарихшысы Әл-Марвазидің (ХІІғ.) хабарына қарағанда қарлұқтар құрамындағы тайпалардың саны: А) Үш; В) Бес; С) Жеті; Д) Он бір; Е) Тоғыз;

3. Қарлұқ қағанаты 756 жылы осы мемлекеттің әлсіреуі нәтижесінде құрылды:

А) Батыс Түрік; В) Қимақ; С) Түргеш; Д) Соғды; Е) Оғыз;

4. 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолына алған тайпа:

А) Қимақ; В) Оғыз; С) Қарахан; Д) Қарлұқ; Е) Қыпшақ;

5. Түргеш қағанатының орнына келген тайпа:

А) Қимақтар; В) Қарлұқтар; С) Қыпшақтар; Д) Оғыздар; Е) Қарахандықтар;

6. Қарлұқ қағанатының орталығы болған қала:

А) Талхиз; В) Суяб; С) Жаңакент; Д) Икан; Е) Ашнас;

7. Қарлұқтардың Шығыс Түрік қағанаты құрамында болғандығын білдіретін деректер:

А) «Авеста» кітабы; В) «Күлтегін» жазуы; С) П.Карпинидің еңбегі;

Д) Рузбиханның деректері; Е) Парсы жазбалары;

8. Алтайдан Сырдарияның орталық ағысына дейінгі аймақты алып жатқан ірі тайпалық одағы:

А) Қимақтар; В) Оғыздар; С) Қарлұқтар; Д) Керейлер; Е) Наймандар;

9. Ұйғыр қағанатынан жеңілген қарлұқтар жылжыған аймақ:

А) Солтүстік Қазақстан; В) Жетісу; С) Шығыс Түркістан;

Д) Қашқария; Е) Оңтүстік Қазақстан;

10. ІХ ғасырдың басында қарлұқтар жеңілген ел:

А) Ұйғыр қағанатынан; В) Енисей қырғыздарынан; С) Арабтардан;

D) Қарахандардан; Е) Қимақтардан;

11. Қарлұқтардың Ұйғыр қағанатына қарсы күресі қанша жылға созылған:

А) 2 жылға; В) 10 жылға; С) 20 жылға; Д) 15 жылға; Е) 25 жылға;

12. Саманилер жаулап алған қарлұқ қалалары:

А) Испиджаб, Шаш; В) Испиджаб, Тараз; С) Шаш, Баласағұн; Д) Баласағұн, Суяб; Е) Суяб, Шаш;

13. Қарлұқтардың саманилерге қарсы күресін жүргізген Білге Күл Қадыр-ханның екі баласы:

А) Хасан Боғра хан мен Әли Арслан; В) Насыр ибн Әли мен Сатұқ Боғра хан;

С) Базар Арслан мен Оғұлшақ; Д) Мұса хан мен Сүлеймен ілік; Е) Жүсіп хан мен Оғұлшақ;

14. Қарлұқ мемлекетінің құлаған жылы: А) 603ж. В) 940ж. С) 850ж. Д) 760ж. Е) 990ж.

15. «Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс бар» деп хабарлайтын деректер кездеседі:

А) Күлтегін жазбасында; В) Тоныкөк жазбасында; С) Талас жазуында;

Д) Худуд әл-алам қолжазбасында; Е) Орхон-Енисей жазбаларында;

16. Қазақстандағы түрік дәуіріндегі кең тараған балбал мүсіндері негізінен жасалды:

А) Қыштан; В) Ағаштан; С) Темірден; Д) Тастан; Е) Мыстан;



Оғыз мемлекеті

1. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты:

А) VIII – Х ғ. В) IХ ғ. аяғы – ХI ғ. басы; С) ХI-ХП ғ. D) ХП-ХI ғ. Е) ХП-ХШ ғ.

2. Оғыз мемлекетінің орталығы қай қала болды?

Қарнақ; В) Суяб; С) Янгикент (Жаңа Грузия); Д) Испиджаб; Е) Сүткент;

3. Оғыз мемлекетінің астанасы Янгикент орналасқан жер:

А) Ертіс жағасында; В) Сырдария бойы; С) Таластың төменгі ағысында;

Д) Торғай бойы; Е) Тобыл жағасында;

4. Оғыздар Сыр бойына ығысты:

А) Қыпшақ хандығы құлағаннан кейін; В) Қарлұқ қағанаты құлағаннан кейін;

С) Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін; Д) Қимақ қағанаты құлағаннан кейін;

Е) Түрік қағанаты құлағаннан кейін;

5. Құрамына арғы тегі финн – угорлар, үнді еуропалық тайпалар енген мемлекет:

А) Қимақ; В) Қарахан; С) Оғыз; Д) Қарлұқ; Е) Түркеш;

6. М.Қашқаридің мәліметі бойынша Оғыздардағы тайпалар саны:

А) 20 В) 40 С) 30 Д) 34 Е) 24

7. Оғыздардағы тайпалар саны: А) 20 В) 24 С) 30 D) 34 Е) 40

8. Оғыздардың тайпалық құрамын сипаттап жазған ғалымдар:

А) Гардези мен әл-Макдиси; В) Ж.Баласағұн мен М.Қашқари;

С) М.Қашқари мен әл-Марвази; Д) М.Х. Дулати мен ибн Хаукал; Е) П.Карпини мен В.Рубрук;

9. Оғыздарда жоғарғы билік иесі қалай аталды?

А) Күл-еркін; В) Атабек; С) Инал; Д) Жабғу; Е) Сюбашы;

10. Жабғудың “Инал” атты мұрагерін тәрбиелеуші:

А) Ябғу; В) Сюбашы; С) Атабектер; D) Селифтер; Е) Шад;

11. Оғыздарда жабғу әйелдеріне берген атақ:

А) «Патшайым»; В) «Қатын»; С) «Ханым»; Д) «Әйел»; Е) «Бәйбіше»;

12. Оғыз қоғамында маңызды роль атқарған әскер басының лауазымы:

А) Сюбашы; В) Эльтебер; С) Қаған; Д) Патша; Е) Жабғу;

13. Жабғудың кеңесшілерін қалай атаған:

А) Күл-еркіндер; В) Он оқ бұдын; С) Беклербектер; D) Тархан; Е) Басқақтар;

14. Оғыз мемлекетінде жабғудың кеңесшілерін атады:

А) Басқақтар; В) Күл-еркіндер; С) Беклербектер; Д) Тархан; Е) Он оқ будын;

15. «Оғыз қаған Ұлығ құрылтай шақырды» - деген сөз кездеседі:

А) «Шыңғыснама» шежіресінде; В) «Күлтегін» жазбасында;

С) «Шежірелер жинағында»; Д) «Түрік шежіресінде»; Е) «Оғызнама» жәдігерінде;

16. Оғыздардағы тайпалық және рулық бөлімшелер атауы:

А) «боз оқ», «үш оқ», «уыз»; С) «бой», «уыз», Д) «ұрық», «оба», «көк»; Е) «бой», «оба», «көк»;

17. Оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы қай жылы әскер одақ құрды:

А) 985ж. В) 965ж. С) 1041ж. Д) 988ж. Е) 764ж.

18. 965ж. оғыздар хазарларға қарсы әскери одақ құрды:

А) Иранмен; В) Киев Русімен; С) Қытаймен; D) Арабтармен; Е) Парсылармен

19. Оғыздар хазарларға қарсы соғыста одақ құрған Киев князі:

А) Дмитрий; В) Святослав; С) Игорь; Д) Ярослав; Е) Олег;

20. Оғыз билеушілерінің сыртқы саясаттағы басты мақсаттарының бірі:

А) Каспийдің оңтүстігі арқылы Кавказға жету;

В) Оңтүстік Сібір, Тобыл, Есіл өзендерін өзіне қарату; С) Қара теңіз, Дон өзенінің бойына жету;

Д) Шығыс Түркістан, Қашқарияны басып алу; Е) Алтайды, , Енисей өзендерінің бойын өзіне қарату;

21. Оғыз мемлекетінің күшеюіне үлес қосқан:

А) Әли; В) Шахмәлік; С) Тоныкөк; D) Бұмын; Е) Мұқан;

22. ХІ ғасырдың 40-шы жылдары Хорезмді жаулап алған мемлекет:

А) Қыпшақ ; В) Оғыз; С) Қарахані; Д) Қарақытай ; Е) Қимақ қағанаты;

23. Қыпшақтар ХІ ғасырда жеңген Сырдың төменгі ағысы, Арал бойын мекендеген тайпа:

А) Түргеш; В) Қарлұқ; С) Оғыз; Д) Ұйғыр; Е) Найман;

24. Оғыздардың күз айларында Ұлытау баурайында көшіп жүргенін айтқан ғұлама:

А) Әл-Бируни; В) Әл-Морвази; С) В.В.Бортольд; D) М.Қашғари; Е) Ибн Хаукәл;

25. Түркістан аймағындағы оғыздардың елтірі беретін қойларды өсіретінін жазған:

А) Әл-Бируни; В) Әл-Морвази; С) Ибн-Хаукәл; D) М.Қашғари; Е) В.В.Бортольд
26. Оғыз мемлекеті мал өнімдерімен айырбас сауда жүргізген елдер:

А) Парфия, Араб елдері; В) Киевь Русі; С) Орта Азия, Қытай елдері;

Д) Үндістан, Парсы; Е) Византия, Болгария;

27. Оғыздарда кәсіпшілік пен қолөнердің басты, дамыған түрі:

А) Құмыра жасау, көзешілік; В) Малдан алынған өнімді өңдеу;

С) Зергерлік бұйымдар жасау; Д) Темір ұсталығы;

Е) Сауда-саттық;

28. Әл-Идриси “ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды”-деп қай тайпалар туралы жазған:

А) Түріктер мен Оғыздар; В) Оғыздар мен Қимақтар; С) Қимақтар мен Қарлұқтар;

D) Қимақтар мен Қыпшақтар; Е) Қарлұқтар мен Оғыздар

29. Оғыздардың тотемі:

А) Бұғы; В) Киік; С) Қыран; Д) Қой; Е) Көкбөрі;

30. Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан ығыстырды:

А) Қарахандықтар; В) Қыпшақтар; С) Қарлұқтар;

Д) Қимақтар; Е) Түргештер;
Қимақ қағанаты

(ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы)

1. VII ғасырлардың басында Қимақтар мекендеген аймақ :

А) Жетісу; В) Ертістің бойы; С) Монғолияның солтүстік батысы;

D) Қытайдың солтүстігі; Е) Шығыс Қазақстан өңірі;

2. VІІ ғасырдың басында Монғолияның солтүстік – батысын мекендеген түрік тайпасы:

А) Қимақ; В) Қарлұқ; С) Түргеш; Д) Қарахан; Е) Қыпшақ;

3. Қимақтардың құрамында 7 тайпа болды деп жазған парсы тарихшысы:

А) М.Қашқари; В) Әл Марвази; С) Гардези; Д) Әл Макдиси; Е) Әл Омари;

4. Қимақтар құрамында болған ең ірі және күшті тайпа:

А) Қыпшақтар; В) Қарлұқтар; С) Оғыздар; D) Наймандар; Е) Керейлер;

5. 766-840 жылдары қимақтардың қоныстанған аумағы:

А) Мауараннахр, Ыстықкөл бойы; В) Батпақдала, Үстірт;

С) Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан; Д) Батыс Алтай, Тарбағатай, Алакөл ойпаты;

Е) Сырдарияның орта ағысы, Арал бойы, Маңғыстау;

6. Орта ғасырда Қазақстанның солтүстік – шығыс, орталық аймағын алып жатқан қағанат:

А) Оғыз; В) Қарахан; С) Қарақытай; Д) Қимақ; Е) Түркеш;

7. Қимақтардың екінші астанасы орналасқан көлдің жағасы:

А) Ертіс; В) Есіл; С) Шу; D) Алакөл; Е) Балқаш;

8. Қимақ қағанатының билеушісі қалай аталған:

А) Жабғу; В) Қаған; С) Хан; Д) Шах; Е) Имек байғу;

9. Қимақ қағанатында шонжарларға берілген лауазымдар:

А) «Ябғу», «шад-түрік», «елтебер»; В) «Елтебер», «шад», «ілік хандар»;

С) «Бектер», «тегіндер», «ябғу»; Д) «Ябғу шад», «ұлы қаған», «кіші қаған»;

Е) «Елтебер», «кіші хандар», «шад»;

10. Қимақ қағанатының саяси өмірінде беделі күшті болған топ:

А) Диқандар; В) Шаруалар; С) Жатақтар;

Д) Ябғулар; Е) Әскери қызметкерлер;

11. Көшіп – қонуға мүмкіндігі жоқ бір орнында отырған қимақтарды «жатақтар» деп атады:

А) Ж.Баласағұни; В) М.Қашқари; С) Гардизи; Д) Әл-Омари; Е) Петахья;

12. Х ғасыр басында Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алған тайпа:

А) Оғыздар; В) Қарлұқтар; С) Қимақтар; Д) Наймандар; Е) Қыпшақтар;

13. Х ғасырдың ІІ-ші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасаған мемлекет

А) Қарахан; В) Қарлұқ; С) Оғыз; D) Қыпшақ; Е) Найман;

14. Х – ХІ ғасырда Қимақ жеріне жиі шабуыл жасаған мемлекет:

А) Оғыз; В) Қарлұқ; С) Қарақытай; Д) Қарахан; Е) Хорезм;

15. Қимақ қағанатының құлауына себеп болған:

А) Түргештердің шабуылы; В) Оғыздардың басып кіруі;

С) Қыпшақ хандарының билік үшін таласы; Д) Қарлұқ шапқыншылығы;

Е) Қидандардың жаулап алуы;

16. ІХ-Х ғасырда қимақтардың ежелгі түрік жазуымен жазғандығын дәлелдейтін айғақ:

А) Қару-жарақтардағы жазу; В) Қола айналардағы жазу;

С) Күміс тостағандағы жазу; Д) Алтын білезіктердегі жазу; Е) Тастағы жазулар;


17. Жазба деректердегі мағлұматтарда олардың қамыс қаламмен және IX-X ғасырларда ежелгі түрік жазуымен жазғанын көрсетеді:

А) Қимақтар; В) Қарлұқтар; С) Наймандар; Д) Керейлер; Е) Қарахандар;
18. Қимақтар қай ғасырда ислам дінін қабылдай бастаған:

А) VІ ғасырда; В) Х ғасырда; С) ІХ ғасырда; Д) VІІІ ғасырда; Е) ХVІ ғасырда;

19. Х ғасырда Қимақтарда тараған дін:

А) Христиан; В) Ислам; С) Манихей; D) Зороастра; Е) Будда;


VІ – ІХ ғасырлардағы отырықшы және жартылай

көшпелі мәдениет
1. Испиджаб қаласын өз жазбаларында Сайрам деп атаған ғалым:

А) М.Қашқари; В) Әл-Омари; С) Рашид ад-Дин;

Д) Гардизи; Е) Ж.Баласағұни;

2. VІ – ІХ ғасырда отырықшылық мәдениет орталығы болған Отырар, Йасы, Сығанақ қалалары орналасқан аймақ:

А) Оңтүстік Қазақстан; В) Алтай; С) Жетісу;

Д) Батыс Қазақстан; Е) Сарыарқы;

3. Оңтүстік – батыс Жетісуда орналасқан ортағасырлық қала:

А) Талхир; В) Тараз; С) Сарайлы; Д) Жент; Е) Сығанақ;

4. VІ – ІХ ғасырларда қалалық мәдениет дамыған Тараз, Алмалық, Қойлық қалалары орналасқан өңір:

А) Ұлытау; В) Алтай; С) Сыр бойы; Д) Жетісу; Е) Қарқаралы;

5. VІ – ІХ ғасырларда түріктерде қалалық мәдениет дамыған аймақ:

А) Батыс Қазақстан; В) Батыс, Шығыс Қазақстан; С) Оңтүстік Қазақстан;

Д) Орталық Қазақстан; Е) Шығыс Қазақстан;

6.VІ – ІХ ғасырларда қалалық мәдениет ерекше дамыған өңір:

А) Шығыс Қазақстан; В) Батыс Қазақстан; С) Оңтүстік Қазақстан;

Д) Орталық Қазақстан; Е) Солтүстік Қазақстан;

7. Кангу Тарбан деген түрік бірлестіктерінің теңгелері табылған қалалар орналасқан өңір:

А) Талас бойы; В) Шу бойы; С) Сырдария бойы;

Д) Жайық бойы; Е) Ертіс бойы;
Архитектура және өнер (VІ – ІХ ғғ)
1. Қытай жылнамаларындағы Испиджаб қаласы Махмуд Қашғари жазбасындағы атауы:

А) Сауран; В) Сығанақ; С) Сайрам; Д) Жент; Е) Созақ;

2. Ақыртас ғимараты салына бастаған кезең:

А) Моңғол дәуірінде; В) Сақ кезеңінде; С) Қарлұқ қағанатының кезінде;

Д) Қыпшақ хандығы дәуірінде; Е) Қарахан дәуірінде;

3. VІІ-VІІІ ғасырлар арасында басталып, бітпей қалған Тараз жеріндегі ғимарат:

А) Білеулі ғимараты; В) Ақыртас ғимараты; С) Дың ескерткіші;

Д) Якка сардобасы; Е) Көккесене;

4. Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасы арасында орналасқан орта ғасырлық ғимарат:

А) Білеулі; В) Ақсүмбе; С) Дың; Д) Ақыртас; Е) Боран;

5. Ерте орта ғасырларда қазақ жерінде салынған «сардоба» құрылысы:

А) Керуен сарай; В) Тас мүсіндер; С) Діни құрылыстар;

Д) Тұрғын үйлер; Е) Құдықтың үстіне салынған құрылыс;

6. VІ – ІХ ғасырларда қазақ жерінде салынған сардоба:

А) Дың сардобасы; В) Боран сардобасы; С) Мырзарабат сардобасы;

Д) Ақбешім сардобасы; Е) Маңғыстау сардобасы;

7. VІІІ ғасырда Дың ескерткіштері кең тараған мемлекет:

А) Найман; В) Қарахан; С) Оғыз; Д) Қарлұқ; Е) Қарақытай;


8. VІІІ ғасырда Қарлұқ, Қимақ қағанаттары дәуірінде кең тараған, киіз үйге ұқсас діни құрылыс жүйесі:

А) Керуен сарайы; В) Балбал тастар; С) Сардобалар;

Д) Дың ескерткіштері; Е) Жер асты кесенелері;


9. Дың ескерткіштері көп тараған жерлер:

А) Мұғалжар, Ойыл; В) Тарбағатай, Маңғыстау; С) Тобыл, Торғай бойы;

Д) Батыс Қазақстан, Жайық; Е) Жайық, Еділ бойы;

10. Дың ескерткіштері көп сақталған жерлер:

А) Жайық, Еділ бойы; В) Тобыл, Торғай бойы; С) Сібір, Орал өңірі;

Д) Солтүстік Қазақстан, Ертіс бойы; Е) Орталық Қазақстан, Жетісу;

11. Будда ғимараттарының орны табылған жер:

А) Сығанақ, Испиджаб; В) Тараз,Түркістан; С) Отырар,Тараз;

D) Ақбешім, Суяб; Е) Түркістан,Сығанақ

12. Ислам діні құрылыстарының ІХ ғ. ІІ жартысынан бастап салына бастағандығына дәлел:

А) Жетісудағы құрылыс қалдықтары; В) Отырар монша құрылысы;

С) Боран мұнарасының орны; Д) Құйрықтөбеден табылған үйлер;

Е) Баба-Ата қаласы орнынан табылған мешіт қалдығы;

13. Х ғасырда дуалы екі қатар кірпіштер тұрғызылған қала:

А) Талхир; В) Алмалық; С) Сүткент; Д) Қапал; Е) Баба-Ата;

14. Көне түрік дәуіріндегі тас мүсіндердің Орхон жазуындағы атауы:

А) «Ақыртас»; В) «Балбық»; С) «Терракота»; Д) «Сардоба»; Е) «Тас мүсін»;

15. Қазақстандағы түрік дәуіріндегі кең тараған балбал мүсіндері негізінен жасалды:

А) Қыштан; В) Ағаштан; С) Темірден; Д) Тастан; Е) Мыстан;

16. Балбал тас өте көп кезедесетін аймақ:

А) Орталық Қазақстан, Жетісу; В) Батыс Қазақстан, Маңғыстау;

С) Орал, Торғай; Д) Жайық, Мұғалжар;

Е) Солтүстік Қазақстан, Арқайым;

17. VІІ ғасырдың аяғы және VІІІ ғасырдың басында Ақбешімде салынған діни құрылыс:

А) Христиан дінінің храмы; В) Дың ескерткіші; С) Манихей храмы;

Д) Будда ғибадатханасы; Е) Зороастризм ғибадатханасы;


Түріктердің рухани мәдениеті
1. Ежелгі түрік әліпбиіндегі әріп саны:

А) 30 В) 45 С) 35 Д) 25 Е) 40

2. Көне түріктердің төл жазуы:

А) Ұйғыр жазуы; В) Руналық жазу; С) Сына жазу; Д) Араб жазу; Е) Соғды жазуы

3. Көне түрік жазуының қалыптасқан уақыты:

А) б.з.б. І мың жылдығы; В) б.з.б. ІІ мың жылдығы; С) б.з. І мың жылдығы;

D) б.з.ІІ мың жылдығы; Е) көне түрік жазуы болған жоқ;

4. «Отыз ұланның адал достары! Мешін жылы, елде, жиырма (еді)» - деген жолдар кездеседі:

А) «Күлтегін» жазуында; В) «Талас» жазуында; С) Таңбалы Нұрада;

Д) Тамғалыда; Е) «Тоныкөк» жазуында;

5. Көне түрік жазуының бүкіл халық игілігіне айнала бастаған уақыты:

А) V-VІ ғасырлар аралығы; В) VІІІ-ІХ ғасырлар аралығы; С) Х-ХІ ғғ. аралығы;

Д) ІХ-Х ғасырлар аралығы; Е) VІ-VІІ ғасырлар аралығы;

6. VIII-IX ғасырда түрік жазуының өмірде қолданылу аясының тарылу себебі:

А) Ислам дінінің таралуына байланысты араб жазуының түрік билеушілері арасында тез қабылдануы;

В) Соғды жазуы кең тарады; С) Араб билеушілерінің тыйым салуы;

D) Орыс әліпбиі кең тарады; Е) Парсы жазуы кең тарады;

7. Түрік халқының арасында көне түрік жазуымен қатар кең тарады:

А) Сына жазу; В) Грек жазуы; С) Соғды жазуы;

Д) Ұйғыр жазуы; Е) Моңғол жазуы;

8. Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлер саны:

А) 100 астам; В) 200 астам; С) 300; D) 400; Е) 500;

9. Түріктердің жазба әдебиеті дүниеге келген уақыт:

А) V ғасыр; В) VІ ғасыр; С) VІІІ ғасыр; Д) Х ғасыр; Е) ХІ ғасыр;

10. Түрік жазба әдебиетінің көне ескерткіштері:

А) «Күлтегін», «Тоныкөк»; В) «Ақиқат сыйы»; С) «Даналық кітабы»;

D) «Жүсіп-Зылиқа»; Е) «Құт негізі-білік»;

11. «Қорқыт ата» кітабы мен «Оғызнама» дастанының қағазға түсе бастаған уақыты:

А) VIIIғ. В) ІХ ғ. С) Х ғ. D) ХІ ғ. Е) ХІІғ.

12. «Қорқыт ата» кітабы неше жырдың қосындысынан тұрады:

А) 10 В) 11 С) 12 D) 13 Е) 14

13. Қорқыт атаның туған жері:

А) Қазақстан; В) Өзбекстан; С) Иран; D) Шаш; Е) Египет;

14. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ:

А) Түркістан өңірі; В) Қызылорда облысы; С) Тараз маңы;

Д) Шымкент өңірі; Е) Алматы облысы;

15. «Оғызнама» дастаны VІ ғасырда аударылған тіл:

А) Парсы; В) Моңғол; С) Грек; Д) Славян; Е) Араб;

16. ХІІ ғасырларда қалаларда тұрғын үйлерде қолданылған суды сыртқа шығаратын құбыр:

А) Сардоба; В) Терракота; С) Ташнау; Д) Қазандық; Е) Арық;

17. «Оғызнама» дастаны ІХ ғасырда аударылған тіл:

А) Араб тілі; В) Қытай тілі; С) Ұйғыр тілі; Д) Славян тілі; Е) Парсы тілі;

18. Түріктер отбасына шапағатын тигізеді деп табынған:

А) Отқа; В) Көк бөріге; С) Ұмай анаға; Д) Табиғатқа; Е) Суға;

19. Жетісу қазақтарының да Ұмай анаға табынатынын жазған ғалым:

А) Ж.Баласағұни; В) Ш.Уәлиханов; С) М.Қашғари; Д) Әл-Бируни; Е) К.Байпақов;



20. Қала тұрғындары арасында ертедегі діни наным дәстүрлері кең тараған аймақ:

А) Жетісу; В) Орал; С) Ұлытау; Д) Алтай; Е) Торғай;

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет