Ерте темір дәуіріндегі қазақстан аймақтары



бет4/4
Дата26.10.2022
өлшемі19,6 Kb.
#155071
1   2   3   4
Байланысты:
ЕРТЕ ТЕМІР ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫ

«мұртты» обалар жатады. Кейбір ғалымдардың пікірінше, «мұртты қорғандар» бағдаршам рөлін атқарған. Шынында, «мұртты қорғандар» белгілі бір бұрышпен салынған да, оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс бағытты көрсетеді. Мұртты обалардың аузы күншығысқа қаратылған. Бұл сол кездегі күнге табынудың белгісі. «Мұртты» обалардың 4 түрі кездеседі. Бірінші түрі - үлкендеу қорғанның шығыс жағынан салынған кішілеу қорған обалар. Кіші қорғанның шығыс жағынан «мұрт» сияқты тас тізбек кетеді. Екінші түрі – екі қорған оңтүстіктен солтүстікке қарай қатар салынады және екі қорғанның оңтүстік және солтүстік шегінен шығысқа карай мұрт (доға) сияқты тас құрылыс жүргізіледі. Үшінші түрінде, алдымен бір үлкендеу қорған салынады, соның үстінен тағы бір кіші қорған тұрғызылады. Үлкен қорғанның шығыс жағынан тас «мұрт» жасалады. Төртінші түрі үшіншіге ұқсас, яғни бірінің үстінен бірі салынған екі қорғаннан тұрады. Бұл обалардағы астыңғы қорған мен үстіңгі қорғанның ара жігін қазба барысында ғана анықтауға болады. Обалардың біреуіне адамды, ал екіншісіне мініс атын жерлеген. Өлген адамның аруағына арналып жылқы шалып, оны бірге көмген екен. Қазақта өлген адамға арналып сойылған жылқының басы оның қабірінің үстіне қойылған. Бұл әдет шығыс аймақтарындағы қазақтарда күні бүгінге дейін сақталған.
4. Ерте темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан. Оңтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ең көне ескерткіштері Түгіскен мен Ұйғарақ қорымдары. Олар Арал теңізінің шығыс жағында орналасқан. Бұл ескерткіштердің салыну мерзімі б.з.б. VІІІ-V ғасырға жатады. Обаларды қазу барысында сыртын жылтыратқан ұзын мойынды қыш ыдыстар, үш қырлы жебе, ат ауыздықтары, ер-тұрман әбзелдері көптеп табылды. Сонымен қатар, обалардан табылған заттардың ішінде аң бейнесінде жасалған металл бұйымдар жиі кездеседі. Оның ішінде арыстан бейнесі көп табылған. Ғалымдардың болжауынша Түгіскен, Ұйғарақ ескерткіштерін массагет тайпалары қалдырған. Арал өңірінде кездесетін сақ тайпалары ескерткіштеріне жататын Шірік-рабад, Бәбіш-молда, Баланды және т.б. ескерткіштер «су жағасын мекендеген сақтар» - апасиактардан қалған. Шірік-рабад қаласы апасиактардың астанасы болған. Сонымен қатар темір дәуірінің құнды ескерткіштеріне жататын Маңғыстау жеріндегі Дықылтас және Үстірт аймағындағы Бәйте, ҚарамөңкеТерең қорымдарынан б.з.-дағы IV ғасырға жататын жерлеу ғибадатханалары табылды. Дықылтастағы 3 қабірден 30 шақты адамның сүйегі шыққан.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет