7. Болжамды есептеулер. 7.1. Шығыстар: Мұздатқыш қобдишаны жалға алатын болсаңыз, онда аталған өндірушінің өнімін ғана сата аласыз. Тауар түрлерін өздеріңіз таңдайсыз. Минималды тапсырыс - 5 000 теңге. Сауда жақсы жүруі үшін тауардың сан алуан түрі болу керек, егер 5 сауда нүктеңіз болса, онда 50 000-60 000 теңгеге шығындаласыз.
Егер мұздатқыш қобдишаны сатып алатын болсаңыз, оның бағасы 60 000 теңге. Мұндай жағдайда тауардың түрлері де әркелкі болады, өйткені өндірушілер әртүрлі. Өнімнің шығыны – 50 000-60 000 теңге.
Барлығы: 50 000-60 000 теңге (мұздатқыш қобдишасыз), 110 000 теңге (мұздатқыш қобдиша + тапсырыс).
7.2. Табыс: Бизнесіңіздің табысы орынға, тауар түрлері мен сатушыға байланысты. Табыс 35 %-ды құрайды.
Тәжірибе көрсеткендей, жазда бір сауда нүктесі 20 000-25 000 теңге табады, яғни айына = 4 апта * 20 000 теңге = 80 000 теңге. Қыста табыс аздау болады, бір сауда нүктесінен түскен апталық табыс 5000-10 000 теңге, яғни 4 апта * 5 000 теңге = 20 000 теңге.
Сондықтан балмұздақ сатуда жақсы пайда табу үшін 40 шақты сауда нүктеңіздің болғаны абзал.
8. Пайдалы сілтемелер: http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0B6%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B5 http://www.morozyvo.com.ua/ http://www.business-plany.ru/kafe-4.htm http://bizcentr.com/small-business-magkoe-morozhenoe.html http://www.openbusiness.ru/html/ice1.htm http://www.lari.ru/tehnologii/pravilaekspluatacii/ Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «балмұздақ сату» және т.б. кілт сөздерді теру керек.