Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім



бет115/351
Дата06.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#39125
түріБағдарламасы
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   351
Құрал-жабдықтар. Егер сіз құс өсіруді балапан кезінен бастағыңыз келсе, сізге инкубатор қажет болады. Жұмыртқалардың инкубациясы үшін арнайы дүкендерде сатылатын кішігірім кез келген тұрмыстық инкубаторлар қолданыла береді. Дайын зауыттық инкубаторлардан басқа әуесқой құс өсірушілердің көбісі қолдан жасалған қарапайым инкубаторларды пайдаланады. Оларды құрастыру туралы мәліметтер интернетте жетерлік. Қаз балапандарының жұмыртқаны жарып шығу мерзімінің басталуы – 29- күн, жаппай шығатын күні – 30-күн, шығудың бітетін күні 31-күннің бірінші бөлігі, ал үйрек балапандарының шығуы 27- күні басталып, жаппай шығу – 28-күні жалғасады.

  • Негізгі жем. Үйрек пен қаз балапандарының алғашқы қорегі – ұсақтап туралған пісірілген жұмыртқа, салат, әртүрлі көк-сөк, пісірілген күріш немесе тары. Екі аптаға дейін оларға әрбір екі сағат сайын жем беру керек. Одан кейін жем беруді тәулігіне 5-тен 3 ретке дейін қысқартуға болады. Бұдан кейін үйрек пен қаз балапандары қанаттанып, шамамен 2 айдай өсіп-жетілген уақытта оларды жетілген құстардың қорегіне көшіруге болады. Ал ересек үйрек-қаздарды жаз бен күзде көбінесе жайылымда ұстап, кешкі мезгілде ғана қоспа жеммен немесе дәнмен қоректендіруге болады. Үйрек пен қаз балапандарының тиімділігі сол, олар бар болғаны алғашқы 1,5-2 ай мерзімде ғана айтарлықтай калоритті жемді қажет етеді де, бұдан кейінгі уақытта оларды негізінен жайылымда өсіруге болады. Жайылымнан оралған уақытта күніне бір рет құстарды бақшаның көк шөптерімен: тамырлы жемістердің собығы, арамшөптер, адам тұтынуына жарамсыз жемістер мен көкөністердің, асхана, дән мен ұн қалдықтарынан дайындалған быламықпен қоректендіру керек.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   351




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет