Кіріспе. Физика пәні нақты ғылым болып есептеледі. Табиғаттағы барлық құбылыстарды заңдар мен формулаларға кіріктіріп, ғылым негізіне салу үшін адамзат қанша жылдарды сарп етті. Ғалымдар ашқан жаңалықтарын қағаз бетіне түсіріп, келешектің дамуына жол ашты. Қазіргі таңда барлық жер бетіндегі тіршілік мен технология осы физика заңдарына бағына өмір сүреді. Сол үшін «физиканы» білмеу, өзіңді танымаумен пара пар.
Ал қазіргі таңда физика пәнін оқытуда қандай проблемалармен жолығамыз? Жаһандану заманында жаңа технологиялар үздіксіз дамып өсіп келеді. Ақпарат алу көзі де өте көп. Мектеп жасындағы балалардың назарын ғылымнан тыс, басқа да ақпараттар қызықтыруда. Сол үшін оқыту процесінде кейбір әдістер балалардың қызығушылығына ілінбей, сол пәнге деген ынта азайып бара жатыр. Проблемадан шығу жолы: түрлі педагогикалық технологияларды енгізу, үздігін табу. Әлемдегі білім саласы бойынша тәжірибелі мемлекеттер тығырықтан шығар жолын іздестіріп түрлі дидактикалық жұмыстар атқару процесінде. Ал біздің еліміздің жай күйі қалай?
Алдымен, «оқытудағы педагогилық технология дегеніміз не?» деген сұраққа жауап берсек, мектепте жалпы білім беру бағдарына, оқытудың мақсаты мен мазмұнына негізделген, жақсы нәтижелерге жету кепілдігін беретін оқыту жүйесін құрастыру. Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялардың алатын орны, мектепте оқушылардың ауызекі сөйлесу әрекеттерін белсендіру мен қарқынды дамытудың, сапалы әрі тиімді жолы ретінде қазіргі заманғы оқыту технологияларын қолдану жолдары ғылыми-теориялық тұрғыдан баяндалған. Педагогикалық технология ұғымын анықтауда, ғалымдар басым көпшілік осы сипаттарға мән береді:
- оқыту барысында іс-әрекетті жиынтық түрінде жоспарлау.
- оқытудың барлық процесін арнайы бағдарламалап жоспарлау.
- «қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген сұраққа бағыттап жасау.
Осы орайда тек физика пәні ғана емес, еліміздің білім беру саласында қазір таңда қолданылатын педагогикалық технологияларды атап өтсек:
- ойын арқылы оқыту технологиясы;
- проблемалық оқыту технологиясы;
- тірек сигналдар арқылы оқыту технологиясы;
- деңгейлік саралап оқыту технологиясы;
- міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы;
- бағдарламап оқыту технологиясы;
- оқытудың компьютерлік технологиясы;
- дидактикалық бірліктендіру технологиясы;
- дамыта оқыту технологиясы;
- модульдік оқыту;
- қашықтықтан оқыту технологиясы;