Есэдо го (версия 19. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп



бет2/4
Дата15.09.2017
өлшемі0,96 Mb.
#32955
1   2   3   4

Кіріспе

Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру шеңберінде отандық білімнің бәсекеге қабілеттігін дамытуда «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойына оқу» қажеттілігін түсінуге көшуге бағдарланған мектептік білім беруді түбегейлі жаңарту қажет.

Білім мазмұнын жаңарту – бұл оқыту әдістерін, бағдарламаның мазмұны мен құрылымын қайта қарау. Енгізудің нәтижесі тұлғаның дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.

Білім мазмұнын жаңарту еліміздегі білім сапасын арттыруға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар Қазақстанныңнеғұрлым бәсекеге қабілетті әлемдегі 30 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз етеді, білім мазмұнын жаңарту процесінің ұлттық аспектісін осыдан көруге болады.

Жаңа стандарт құзыреттілік тәсілге негізделген: дәстүрлі мектепте болған міндетті меңгеруді талап ететін материалдың белгілі мөлшеріне емес, күтілетін нәтижеге құрылған.

Ең бастысы, бұл білім алушының қабылдауын өзгертеді, қазіргі заманауи мектептерде, өкінішке орай, басым болып тұрған авторитарлық оқытудан ынтымақтастыққа көшуді талап етеді.Оқыту мақсаты білім алушыға да, мұғалімге де ортақ болуы тиіс.

Білім мазмұнын жаңарту аясында қорытынды аттестаттау форматы да өзгереді. Мемлекеттік бітіру емтиханы – орта білім курсын бітіргені туралы куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алу шарты болып табылатын орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Емтихан мектептерде өткізіледі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі.

Емтихандық материалдар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №393 бұйрығымен бекітілген қоғамдық- гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптардың қолданыстағы оқу бағдарламаларына негізделеді. Бітіру емтиханы мен ҰБТ тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы бұйрықтарымен (2016 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығы, 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 251 бұйрығы)бекітілген оқулықтары материалдары бойынша іске асырылатын болады.

1. Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы анықталғандай, қолданыстағы ҰБТ-ны жетілдіру мақсатында ҰБТ рәсімі мектептегі қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып бөлінетін болды. Сонымен қатар тестілеуді қолдану шеңбері кеңейтілетін болады: тестілеу барасында әрі қарай оқуға қабілетін анықтау, логикалық ойлау деңгейі, ағылшын тілін білу деңгейі, базалық біліктілігі (функционалдық сауаттылық) анықталатын болады.

Сол себепті, 2016-2017 оқу жылында мектепті бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) жаңа форматы енгізілетін болды.

Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 (12) сынып оқушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша бітірушілердің қорытынды аттестаттауы олардың тиісті білім деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көрсетілген оқу пәндерін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім деп көрсетілген.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпыбілімдік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды жүргізудің Типтік ережесіне сәйкес (бұдан әрі - Типтік ереже) жалпы орта білімнің жалпыбілім оқу бағдарламаларын меңгерген 11(12) сыныптың білім алушылары қорытынды аттестаттау барысында бес емтихан тапсыратын болады, оның біреуі таңдау бойынша.

11(12) сыныпты бітірушілердің қорытынды аттестаттауы мынадай түрлерде өткізіледі:

1) ана тілі мен әдебиет (оқу тілі) бойынша эссе түрінде өткізілетін жазбаша емтихан;

2) «Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихы пәні бойынша ауызша емтихан;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдеріндегі мектептерде қазақ тілі бойынша, қазақ тіліндегі мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу;

5) таңдау пәні бойынша тестілеу (физика, химия, биология, география, геометрия, әлемтарихы, әдебиеті, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика).

Емтихандарды өткізу формалары:



  1. эссе түрінде өткізілетін ана тілі мен әдебиеті (оқу тілі) бойынша жазбаша емтихан, оған 3 астрономиялық сағат бөлінеді.

Мектеп бітірушілерге таңдау үшін 5 тақырып беріледі; эссе тақырыптары берілген конверттер емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын ашылады; эссе көлемі – 200-250 сөз.Эссе тақырыптарын ҚР Білім және ғылым министрлігі анықтайды.

Эссені жазудың типтік талаптарын келтіруге болады. Эссе – кішкене көлемдегі, еркін композициялық прозаик шығарма, ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шығарма болып табылады. Эсседе кең де ауқымды мәселені талдау мүмкін болмайды. Ол бір мәселе бойынша жаңа, субъективтік көзқарас болып табылады, мысалы, ол философиялық, тарихи-биографиялық,публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми немесе беллетристикалық түрде берілуі мүмкін. Эссенің мақсаты өзіндік шығармашылық ойлау қабілетін анықтауға және сол ойды жазбаша бере білу қабілетін анықтаудан тұрады. Эссе мазмұнында автордың тұлғалық қасиеті, оның дүниетанымы, сезімі, ойларын нақты түсінікті етіп қалыптастыру, ақпаратты жүйелеу, негізгі түсініктерді қолдана білу, себеп-салдар байланысын анықтау, тәжірибені нақты мысалдармен көрсете білу, ойларын қорытындылай білу бағаланады.

Эссе құрылымына мынадай талаптар қойылады:

- проблема бойынша эссе авторының ойлары қысқа тезистер ретінде беріледі;

- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәлелді дәйектер келтірілетін болады.

Дәйектер – қоғамдық өмірден, оқиғалардан, өмірдегі болған нақты жағдайдан алынған фактілер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың еңбектеріне жүгінген дәлелді фактілер және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтірудің маңызы зор, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз болады, үшдәйек қысқа жазылатын жанрларда «артық» болып көрінуі мүмкін.

Сонымен, эссені толық құрылым ретінде қарастыруға болады(тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады):

- кіріспе

- тезис, дәйектер

- тезис, дәйектер

- тезис, дәйектер

- қорытынды.

Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тілінде эмоционалды, экспрессивтік, шығармашылық түрде өзін көрсете білу өте маңызды екенін оқушылардың жақсы түсінулеруі аса маңызды. Сонымен қатар, эсседе әртүрлі сленгілерді, шаблонды сөздерді, сөздерді қысқартудан, жеңіл сөздерді көп қолданудан аулақ болу қажет. Эсседе қолданылатын сөздер автордың шын ойын білдіретіндей етіп жазылуы тиіс.

Эссе жазу барысында мынадай типтік қателіктер жиі кездеседі:

- ұзақ кіріспе;

- детальдар санының жетіспеушілігі;

- көп жағдайларда қызықты эссе келтірілген мысалдардың аздығынан әлсіз болып көрінеді;

- көпсөзділік, себебі эссенің өзі қысқа болып табылады;

- сөйлемнің ұзын сөйлемдерден тұруы, ол автордың шынайы ойын көрсете алмайды, қайта керісінше қысқа сөйлемдер үлкен әсер қалдырады. Эсседе ұзын сөйлемдер мен қысқа сөйлемдер ауысып отырса, ол өте тиімді болып көрінеді;

- ғылыми терминдерді қолдану, энциклопедиялық сөздерді келтіру эссені түсінуді ауырлатады және оқушының назарын басқа жаққа аударады, эссенің мазмұны төмендейді.

2) «Алгебра мен анализ бастамалары» пәні бойынша жазбаша емтихан бес тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар математика теориялық материалды және есеп шығару әдістерін меңгеру деңгейін анықтауға, есептерді шығара білу мүмкіндігін, функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталады. Емтиханға 5 астрономиялық сағат бөлінеді.

11(12) сыныптардағы эссе екі бағамен бағаланады,«Алгебра мен анализ бастамалары»пәні бойынша жазбаша емтихан бір бағамен бағаланады.

3)Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан емтихан билеттері бойынша жүргізіледі. Құрастырылатын билеттердің саны – 25; әр билетте 3 сұрақ болады, оның екеуі Қазақстан тарихының негізгі бөлімдері бойынша теориялық материалдар, үшінші сұрақ – шығармашылық түрде беріледі (тарихи карталар, терминология бойынша жұмыс, тарихи тұлғаның алгоритм бойынша мінездемесін құру)

Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиды).

4)орыс тілінде оқитын мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеу немесе қазақ тілінде оқитын мектептерде орыс тілі бойынша тестілеу Тестілеуге 80 минут уақыт беріледі. Тестте 40 сұрақ болады, олүш блоктан тұрады:

- лексико-грамматикалық блок – бір дұрыс жауабы көрсетілген 20 тестік тапсырмадан тұрады;

- «Тыңдалым» блогі – 2 мәтіні бар 10 тестік тапсырмадан тұрады, әр мәтін 200-250 сөзден тұрады және бірнеше дұрыс жауабы болады;

- «Оқылым» блогі, әрқайсы 200-250 сөздерден тұратын 2 мәтіні бар 10 тест тапсырмаларынан тұрады.

Мектеп бітіруші ең жоғары 60 балды алуы мүмкін: Ббір дұрыс жауабы бар 20 тест тапсырмасы үшін 20 ұпай, екі және одан да көп жауаптары бар 20 тапсырма ең көп дегенде 40 ұпай жинай алады.



Таңдау пәні бойынша тестілеу.Бітірушінің таңдауына мынадай пәндер ұсынылады: физика, химия, биология, география, геометрия, әлем тарихы, әдебиеті, шет тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика.

«Шет тілі» және «Информатика» пәндерінен басқа, таңдау пәндері бойынша тестілеу 40 тест тапсырмасынан тұрады, олар ең көп дегенде 60 ұпаймен бағаланады, оның ішінде 20 тест тапсырмасында бір дұрыс жауап көрсетіледі және 20 тапсырмада екі және одан көп дұрыс жауаптарымен болады. Барлығына берілетін ең жоғары ұпай - 40 балл болады. Биология, География, Дүниежүзі тарихы таңдау пәндері бойынша тестілеуге 80 минут уақыт бөлінеді. Физика, Химия, Геометрия таңдау пәндері бойынша тестілеуге 3 астрономиялық сағат бөлінеді (өйткені тест тапсырмалары есептерді шығаруды және кейбір тапсырмалар сызып көрсетуді талап етеді).

Шет тілі үш блоктан тұрады: лексико-грамматикалық (20 сұрақ бір дұрыс жауабы бар), «Тыңдалым» блогі (әрқайсысы 200-250 сөздерден тұратын екі мәтіні бар 10 сұрақ), «Оқылым» блогі (әрқайсысы 200-250 сөздерден тұратын 2 мәтіні бар 10 тест тапсырмасы). Шет тілі бойынша тестілеуге 80 минут уақыт беріледі.

«Информатика» пәні бойынша тапсырмалар тестілеу сұрақтарынан және практикалық тапсырмалардан тұрады. Бұл пән мынадай принциппен тапсырылатын болады:

1. бір дұрыс жауабы бар 20 тест тапсырмаларынан тұрады;

2. 10 практикалық тапсырмалар.

Информатика бойынша тапсырмаларды орындауға 80 минут уақыт бөлінеді.

Тестілеу оқу пәндері шеңберінде жүргізілетін болады. Тестілеу тапсырмаларын «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекеме (бұдан әрі – ҰТО) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде жасаған. Тестілік тапсырмаларды ҰТО құрастырады және ҰТО тапсырмалардың базасын жасайды, тестілеуді өткізуге және бағалауға жауапты болады, білім беру органдарына тестілеу материалдарын жеткізеді.

Емтиханға қойылған бағамен білім алушы келіспеген жағжайда, емтихан нәтижесін хабарлаған күннен кейін келесі күні сағат 13-00 ге дейін қорытынды емтихан алушы комиссиямен (бұдан әрі – Комиссия) хабарласуына болады. Ол Комиссиялар аудандық, қалалық білім бөлімдерінде, облыстық білім басқармаларында құрылады.

Типтік ережеде көрсетілгендей мынадай жағдайларда білім алушылар қорытынды аттестаттаудан босатылады: денсаулығына байланысты; І-II топтағы мүгедектер, жастайынан мүгедектер, мүгедек-балалар; жаздық-жаттығу жиындарында болған қатысушылар, Халықаралық олимпиадаларға (жарысқа) қатысатын Қазақстан Республикасы құрама командасына кандидаттар.



Сонымен қатар 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.

Оқушылардың халықаралық алмасу желісінде шетелде оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 11 (12) сынып үшін қорытынды емтиханнан өтуі қажет. Шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, білім беру ұйымдарында алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып және қорытынды аттесттаудан өткеннен кейін оларға жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.


      Оқушылардың халықаралық алмасу бағдарламасының финалистері оқушылардың халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған жалпы білім беретін мектебіндегі контингенттің есебінде толық оқу курсын оқыған кезеңде болады.

Республикалық комиссия жазбаша жұмыстарды тексеруді және емтихан комиссияларының қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, өзбек/ ұйғыр/ тәжік тілдері мен әдебиеті, алгебра және анализ бастамалары пәндерінен үміткерлерге қойған бағаларын растауды, сондай-ақ «Алтын белгі» белгісін алуға үміткерлердің құжаттарын осы Ереженің және«Алтын белгі» туралы ереженің талаптарына сәйкестігін тексерген облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары ұсынған актілерді қарауды жүзеге асырады.

Даму мүмкіндігі шектеулі балалар үшін арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарды және мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес аудандық, қалалақ білім бөлімдері немесе облыстық білім басқармалары шешеді.



Арнаулы түзеу мекемелері үшін емтихандық материалдарды білім басқармалары жасайды.

Қорытынды аттестаттаудан өтетін даму мүмкіндігі шектеулі балаларға мектептің ұсынымдамасына сәйкес білім алушыларды қорытынды атесттатау жөніндегі Комиссияның шешіміне сәйкес емтихан тапсыру үшін қосымша уақыт ұсынылады.

«Алтын белгі» алуға талапкерлер өз мектептерінде қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырады және оларға ҰБТ арқылы растаудың қажеті болмайды. Үлгілі тәртіп көрсеткен, 5 пен 11 (12) сынып аралығындағы оқу барысында барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары «5», жалпы орта білімді бітіруде қорытынды бағалары «5»11 (12) сынып түлектеріне №39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат «Алтын белгі» және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

2017 жылғы 30 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығына сәйкес қорытынды аттестаттау мерзімі белгіленетін болады.

Қорытында аттестаттаудың барлық материалдарын Ұлттық тестілеу орталығы білім басқармаларына, одан әрі білім басқармаларын мектептерге жеткізетін болады.

Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау, сонымен қатар тестілеудің жауап парақтарын мектептерде пән бойынша Комиссия тексеретін болады. Ол үшін оларға дұрыс жауаптардық коды берілетін болады. Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары және т.б.) мектептерде үш оқу жылы бойы сақталатын болады.


2. Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау мазмұнына қойылатын талаптары мен бағалау өлшемдері
«Ана тілі мен әдебиеті» (оқыту тілі), «Алгебра және анализ бастамалары» және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша мемлекеттік бітіру емтихандарына емтихан материалдары облыстық білім басқармаларымен әзірленеді.

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының жанында құрылған жалпы білім беру мектептерінің пән мұғалімдерінің жұмыс тобымен берілген пәндер бойынша бітірушілерді қорытынды аттестаттауды бағалау өлшемдері бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленген.



Ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі) мемлекеттік емтихан бес тақырыптан тұратын эссе түрінде беріледі: екеуі – әдеби эссе, үшеуі еркін тақырып.

Ұсынылған тақырыптардың тек біреуін ғана таңдау қажет, ал одан кейін кем дегенде 250 сөзден тұратын эссе жазу қажет. Егер эссе 200-ден аз сөзді қамтыса (есептеуге барлық сөздер, оның ішінде қызметтік сөздер де қосылады), онда осындай жұмыс орындалмаған болып саналады және 0 ұпаймен бағаланады.

Эссенің бірінші немесе екінші тақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік көзқарасты тұжырымдау ұсынылады. Тезистерін әдеби туындыларға сүйене отырып, дәйектеу қажет.

Эссенің үшінші, немесе төртінші, немесе бесінші тақырыбын таңдаған жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына да, сондай-ақ өз өмірлік тәжірибеге де (жеке әсерлерге, жеке ойларға, білімдерге және т.б.) сүйенумен дәйектеуге болады.

Сондай-ақ, оқушылар үшін қысқаша нұсқаулар қоса тіркеледі.

Емтихан жұмысының құрылымы және мазмұны.

Жинақтың екі алғашқы тақырыбы «Әдебиет» курсының шеңберінде оқытылған көркем туындыларды талдаумен байланысты. Олар емтихан материалында екі әдеби дәуірлердің туындылары болатындай таңдалған: ХІХ ғ. және ХХ ғ. әдебиеті. Сонымен бірге көркем туындылардың әдеби түрлері және жанрлары алуан түрлі келтірілген.

Мектеп бітіруші поэзиямен байланысты эссе тақырыптарын кем дегенде екі өлеңнен мысал келтіре отырып ашуы тиіс. Кіші эпикалық нысанды туындылармен байланысты эссе тақырыптары бір-екі туындының мысалында ашылады (олардың саны бітірушінің өзінің қалауына қарай ұлғайтылуы мүмкін).

Үш соңғы тақырып еркін тақырыптар болып табылады, олар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды. Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде мектеп бітіруші көркем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибеге де (жеке сезімдер, тақырыпқа меншікті ойлар және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі мүмкін.

Отандық мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйексөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды негіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай-ақ, басқа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді де қамтуы мүмкін.

Ұсынылған эссе тақырыптарының тек біреуін таңдау қажет, содан кейін 200-250 сөз көлемінде таңдап алған тақырыпқа эссе жазу керек. Егер эссе 200 сөзден аз болса (барлық сөздер саналады, оның ішінде қызметтік сөздер де саналады) онда мұндай жұмыс орындалмаған болып саналады және бағаланбайды.

Эссенің композизиясын мұқият ойластыру қажет.

Эссені анық және түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет.

Емтиханға қатысушылар орфографиялық және түсіндірме сөздіктерді қолдануға рұқсат етіледі.

Емтихан жұмысының ұзақтығы.

Ана тілі мен әдебиетінен емтихан жұмысын орындауға 3 астрономиялық сағат беріледі. Оқу пәндері бойынша емтихан жұмысын орындаудың ұзақтығына дайындау шараларына бөлінген уақыт енбейді (оқушыларға нұсқауберу, емтихан материалдарын тарату, емтихан жұмыстарын толтыру).

Мектеп бітірушілерге орфографиялық және түсіндірме сөздіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.

Ана тілінен емтихан нәтижелерін бағалау (жазбаша нысан).

Емтихан жұмысын бағалау үшін тапсырмалардың белгілі бір типіне сәйкес келетін бағалау өлшемдерінің кешені пайдаланылады: әдебиет тақырыбына эссе жазу, еркін тақырыпқа эссе жазу.

Эссені тексерген кезде мынадай дағдылардың қалыптасу деңгейі бағаланады:

- мәтінді ұсынылған тақырыпқа сәйкес жазу;

- эссенің тезистік-дәлелді бөлігін өзіндік пікірін келтіре отырып, ойын логикалық баяндауы;

- дәйектелген пікірді келтіре отырып, сенімді дәйектерді таңдау; қойылған мәселелерге автордың қатысын анықтау, өз ұстанымын басқа көзқараспен салыстыру;

- эссенің түріне, жанрына және тақырыбына сәйкес тілдік құралдарды таңдауды жүзеге асыру; мәтінді қазақ әдеби тілінің нормаларына сәйкес ресімдеу.

Ана тілінен емтихан жұмыстарын бағалауға келесі талаптар ұсынылады:

- емтихан жұмысы аталған өлшемдер бойынша бастапқы ұпайларды қосу және оларды бағалаудың бесбалдық жүйесіне ауыстыру жолымен бағаланады;

- әдеби тақырыпқа жазылған эссе және еркін тақырыпқа жазылған эссе төменде келтірілген кестеде көрсетілген өлшемдер бойынша бағаланады.

Емтихан жұмысының нәтижесін шығаратын ұпайлар төмендегі ережелерге негізделіп анықталады:

- егер екі емтихан алушының қойған ұпайлары сәйкес келсе, онда бұл ұпайлар қорытынды ұпайлар болып табылады;

- егер екі емтихан алушының қойған ұпайларында болмашы айырмашылық анықталса, онда қорытынды ұпайларсандарды дөңгелектеу ережелеріне сәйкес дөңгелектеумен екі емтихан алушының орташа арифметикалық балдары ретінде анықталады;

- егер екі емтихан алушы қойған балдарда маңызды айырмашылық анықталса, онда қосымша (үшінші) тексеру тағайындалады.

Екі емтихан алушы қойған ұпайлардағы маңызды айымарышылық 8 және одан көп ұпайлардағы айырмашылық болып табылады.

Әдеби тақырыпқа эссе өлшемдер бойынша бағаланады.




Нысан

Бағалау аспектілері

Ұпайлар

Ең жоғары бастапқы ұпай

эссе

мазмұны

8

18


сауаттылығы

10

Эссе бағаланатын өлшемдердің арасында бірінші өлшем (эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі) негізгі болып табылады. Егер бірінші өлшем бойынша эссе 0 ұпайға бағаланса, онда тапсырма орындалмаған болып саналады және басқа өлшемдер бойынша бағаланбайды.



Әдеби тақырыпқа жазылған эссені мазмұнын бағалау өлшемдері


Бағалау өлшемі

Ұпайлар Балдар

Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі

Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, өз тезистерін сенімді дәлелдейді

3

Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, бірақ тезистер жеткіліксіз сенімді негіздемейді

2

Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын үстірт ашады және/немесе өз тезистерін негіздемейді

1

Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашпайды

0

Емтихан тапсырушының эссе тақырыбы бойынша өз пікірін дәйектеуі

Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді, және осы пікірді растау үшін кем дегенде екі дәйек келтірді


3

Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді және осы пікірді растау үшін тек бір ғана дәйек келтіреді

2

Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді, бірақ дәйектер келтірген жоқ, немесе емтихан тапсырушының пікірі жұмыста көрсетілген жоқ, немесе емтихан тапсырушы өз пікірін эссе тақырыбына сәйкес келмейтін мәселе бойынша білдірді

1

Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі

Эссе композияциялық тұтастығымен сипатталады, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды, дәлелденбеген қайталаулар және логикалық жүйеліліктің бұзылулары жоқ

2

Эссенің бөліктері бір - бірімен логикалық байланысты, бірақ композициялық тұтастықтың бұзылуы орын алған: ой қайталанады, және/немесе баяндау жүйелілігі бұзылған (оның ішінде пікірдің ішкі ой бөліктерінде), және/немесе эссе тақырыбынан ауытқу бар


1

Эсседе композициялық ой бақыланбайды, және/немесе баяндау жүйелілігінде өрескел қателер жіберілген, және/немесе эссенің бөліктерінің арасында және бөліктерінің ішінде байланыс жоқ

0

Еркін тақырыпқа жазылған әдеби эссе үшін ұпайлардың ең жоғары саны

8

Еркін тақырыпқа жазылған эссені бағалаудың өлшемдерін келтірейік


Еркін тақырыпқа жазылған эссенің мазмұнын бағалау өлшемдері


Бағалау өлшемі

Ұпай

Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі

Мәтін толық жазылғанымен, бірақ тақырыпқа сай негізделмеген (яғни ұсынылған тезиспен тікелей байланысты емес)

3

Мәтін толық жазылғанымен, өзіндік пікірі мәтінде негізделмеген.

0

Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық берілуі.

Эссе композияциялық тұтастығымен сипатталады, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды, дәлелденбеген қайталаулар мен логикалық жүйелілігінің бұзылулары жоқ

3

Эссенің бөліктері бір-бірімен логикалық байланысты, бірақ композициялық тұтастықтың бұзылуы орын алған: ой қайталанады, және/немесе баяндау жүйелілігі бұзылған (оның ішінде пікірдің ішкі ой бөліктерінің ), және/немесе эссе тақырыбынан ауытқуы бар

2

Эсседе композициялық түпкі ой бақыланбайды, және/немесе жүйелі баяндауда өрескел қателіктер жіберілген, және/немесе эссенің бөліктері және ішкі бөліктердің ішінде байланыстың болмауы

0

Еркін тақырыпқа жазылған эссе үшін қойылатын ұпайлардың өлшемдер бойынша ең жоғары саны

8

Емтихан тапсырушының сауаттылығы және сөзінің нақты дәлдігі өлшемдер бойынша бағаланады.


Сауаттылығы және сөзінің нақты дәлдігін бағалау өлшемдері


Емтихан тапсырушының сауаттылығын және сөздерінің нақты дәлдігін бағалау өлшемдері

Ұпай

Орфографиялық нормаларды сақтау

Орфографиялық қателер жоқ, немесе бір қате ғана жіберілді

2

Екі-үш қате жіберілді

1

Төрт және одан көп қате жіберілді

0

Пунктуациялық нормаларды сақтау

Пунктуациялық қателер жоқ немесе екі қате ғана жіберілді

2

Үш-төрт қате жіберілді

1

Бес және одан көп қате жіберілді

0

Грамматикалық нормаларды сақтау

Грамматикалық қателер жоқнемесе бір қате жіберілді

2

Екі қате жіберілді

1

Үш және одан көп қате жіберілді

0

Сөйлеу нормаларын сақтау

Сөйлеу қателері жоқнемесе екі қате ғана жіберілді

2

Үш-төрт қате жіберілді

1

Бес және одан көп қате жіберілді

0

Жазбаша сөйлеудің нақты дәлдігі

Материалды баяндауда , сондай-ақ, терминдерді түсінуде және қолдануда қателер жоқ

2

Материалды баяндауда немесе терминдерді қолдануда бір қате жіберілді

1

Материалды баяндауда немесе терминдерді қолдануда екі және одан көп қателер жіберілді

0

Эссе немесе баяндама бойынша өлшемдер бойынша ұпайлардың ең жоғары саны


10

10

Бес ұпайлық шкала бойынша емтихан жұмысын орындау үшін бастапқы балды қайта санау шкаласын келтірейік
Бес ұпайлық шкала бойынша емтихан жұмысын орындау үшін бастапқы ұпайды қайта санау шкаласы


Бағалудың бес ұпайлық жүйесі бойынша бағалау

«2»

«3»

«4»

«5»

Бастапқы ұпай

0–4

5–10

11–14

15–18

Ана тілінен емтихан материалдарының үлгілері ұсынылады (жазбаша нысан):

1. Бай-сұлтандардың образдары М.Әуезовтің «Абай жолы» романының атауымен қандай өзара қатынаста болады?

2. Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі махаббат лирикасы.

3. Мен қазақ қыздарына қайран қалам (Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша)

4. Туыстарға көңіл бөлу маңыздылығы жөнінде толғану.

5. Өзіндік дарынға қалай қарау қажет?
«Алгебра және анализ бастамалары» пәні
Кез келген жазбаша емтиханды өткізу барысында басты назар оқыту бағытына, емтихан тапсырмаларының мазмұнына, жазбаша жұмысты рәсімдеу және бағалауға аударылуы керек.

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан тапсырмаларының мазмұны туралы

І. Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында оқыту бағыттар бойынша жүргізіледі, сонымен қатар жекелеген мектептерде (сыныптарда) математика пәні тереңдетіліп оқытылады. Сондықтан емтихан тапсырмалары оқыту бағыттарына (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математика бағыты, математиканы тереңдетіп оқыту) сәйкес құрастырылуы тиіс.



ІІ. Емтихан тапсырмаларының мазмұны оқыту бағытына сәйкес «Алгебра және анализ бастамалары» пәні оқу бағдарламасының барлық тарауларын қамтуы тиіс.
«Алгебра және анализ бастамалары» пәні оқу бағдарламасының тараулары


Қоғамдық-гуманитарлық бағыт

Жаратылыстану-математика бағыты

Математиканы тереңдетіп оқыту

10-сынып

Функция, оның қасиеттері және графигі

Функция, оның қасиеттері және графигі

Функция, оның қасиеттері және графигі

Тригонометриялық функциялар

Тригонометриялық функциялар

Тригонометриялық функциялар

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер

Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер

Туынды

Туынды

Туынды

Туындыны қолдану

Туындыны қолдану

Туындыны қолдану

11-сынып

Алғашқы функция және интеграл

Алғашқы функция және интеграл

Алғашқы функция және интеграл

Дәреже және түбір. Дәрежелік функция

Дәреже және түбір. Дәрежелік функция

Дәреже және түбір. Дәрежелік функция

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар

Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер

Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер




Теңдеулер және теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері

Теңдеулер және теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері

ІІІ. Емтихан жұмыстарының тапсырмалары есептеулер, өрнектерді тепе-тең түрлендіру, теңдеулер мен олардың жүйелері, теңсіздіктер мен олардың жүйелері, функция және оның графигі, мәтінді есептер бөлімдері бойынша дайындау және тапсырмаларды А, В, С, деңгейлеріне бөлу ұсынылады:



  • А деңгейінің тапсырмаларын орындау үшін оқушыларда күрделі емес есептеулер мен түрлендірулерді, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің стандарт тәсілдерін меңгеру бойынша базалық білімдері мен дағдылары болуы тиіс;

  • В деңгейі – күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырмалар;

  • С деңгейі тапсырмаларын орындау үшін оқушыларда оқу бағдарламасымен бекітілген көлемде терең теориялық білімі болуы тиіс.

Оқыту бағытын ескере отырып, бақылау жұмысындағы емтихан тапсырмаларын дайындауда төмендегідей тапсырмалар саны мен деңгейлерін ұсынамыз:

1) қоғамдық-гуманитарлық бағыты үшін үш тапсырма - А деңгейі, екі тапсырма - В деңгейі, барлығы 5 тапсырма (3А + 2В);

2) жаратылыстану-математика бағыты үшін үш тапсырма - А деңгейі, екі тапсырма - В деңгейі, бір тапсырма - С деңгейі, барлығы 6 тапсырма (3А + 2В + С);

3) математика пәнін тереңдетіп оқытатын мектептер (сыныптар) үшін әр деңгейден екі тапсырмадан, барлығы 6 тапсырма (2А + 2В + 2С).



Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалау

Математика пәнінен бағаны қою кезінде маңызды және маңызды емес қателерді атауға болады.

Қате түрлері


Маңызды

Маңызды емес

Оқушылардың формулаларды, ережелерді, негізгі қаиеттерді, теоремаларды білмейтінін және қолдана алмайтынын көрсететін қателер

Анықтамаларды, теоремаларды, теориялық материалды беруде дәлділіктің болмауы

Оқулықта қарастырылған есептерді шығару тәсілдерін білмеуі

Графиктерді салуда дәлділіктің болмауы

Функция графиктерін салу мен оқуды білмеуі

Тиімсіз шешімді қолдануы

Есептеуде жіберілген қателер

Түсініктеменің, шешуді негіздемеуінің жеткіліксіз болуы немесе болмауы

Логикалық қателер

Жазуларда, сызбалар мен графиктерді салуда ұқыптылықтың болмауы. 

Түбірдің жоғалуы немесе жауабында бөгде түбірдің болуы

Жауапта қысқартылатын бөлшектің, бөлімінде иррационал өрнектің жазылуы

Емтихан жұмысын бағалау кезінде маңызды және маңызды емес қателердің сипаттамасына көңіл бөлінуі керек. Маңызды және маңызды емес қателерді ажырата білу өте маңызды. Көрнекті емес жағдайларды міндетті түрді негіздеу қажет. Мысалы, теңдеудің екі жағын квадраттауды түсіндіру, квадрат теңдеудің жалпы формулаларын, тригонометрия формулаларын және т.б. жазу қажет емес. Бірақ бөгде түбірдің болуын, түбірлердің болмауын, жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табуды суретте қосымша сызықтарды жүргізуді және т.б. міндетті түрде негіздеп көрсету қажет.

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалауға келесі ұсыныстарды береміз.
Жазба емтихан жұмысын бағалау


«5»

«4»

«3»

«2»

Жұмыс толығымен орындалған:

5 (ҚГБ), 6(ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырмалар



Жұмыста 4 (ҚГБ), 4 немесе 6 (ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырма дұрыс орындалған

Жұмыста 3 тапсырма дұрыс орындалған

Тапсырмалардың жарысынан көбі орындалмаған

Жұмыста математикалық қателер жоқ

Бір қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде екі-үш кемшіліктер жіберілген

Екі-үш қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде үш-төрт кемшіліктер жіберілген, бірақ оқушы міндетті білім мен білікті меңгерген

Оқушының міндетті білім мен білікті меңгермеген көрсететін үштен артық қате жіберілген




Материалды беруде кейбір дәлелсіздіктер жіберілген.

Материалды беруде логикалық тұрғыдан қателер жіберілген, материал толығымен ашылмаған.

Материалды беруде логика сақталмаған


Алгебра және анализ бастамаларының жазба жұмысын рәсімдеу

Математика пәнінен емтихан жұмысын ресімдеу барысында клесі талаптар орындалуы тиіс:

- есептің шығарылуының дұрыстығы;

- есептің шығарылуының негізделуі;

- есептің шығарылуының толықтығы;

- есептің шығарылуының тиімділігі;

- емле ережесінің сақталуы.
«Қазақстан тарихы» пәні

Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттер арқылы жүргізіледі. Билет саны – 25. Әр билет 3 сұрақтан тұрады, оның ішінде 2 сұрақ Ежелгі Қазақстан тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі негізгі тарихи оқиғалар мен кезеңдердің теориялық материалдарынан тұрады.

Емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұнын қарастырамыз:



1-сұрақ ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы материалдарын;

2-сұрақ жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсын;

3-сұрақ практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздер, хронологиялық тізбек, тұлғатану, суреттер т.б. жұмыстар) қамтиды.
Емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны





Сұрақтар-дың жалпы саны

1 сұрақтың ең жоғарғы балы

Тапсырма түрі

1 сұрақ

Ежелгі немесе ортағасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша



1

10

ауызша

2 сұрақ

Жаңа немесе қазіргі замандағы Қазақстан тарихы бойынша



1

10

ауызша

3 сұрақ. Практикалық сипаттағы тапсырма беріледі.

1

10

ауызша,

жазбаша


Барлығы

3

30








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет