Есептеу желілері


Есептеу техникасының даму тенденциясы



бет3/3
Дата06.06.2024
өлшемі20,44 Kb.
#203201
түріПрограмма
1   2   3
Байланысты:
3реферат

Есептеу техникасының даму тенденциясы
Есептеу техникасының бүгінгі таңдағы дамуының басты тенденциясы ЭЕМ-нің қолданылатын аясын одан ары кеңейту болып табылады әрі осыған орай жеке машинадан осы машиналардың жүйесіне – жұмыс істеу мүмкіндіктері мен сипаттамалардың диапазоны кең әр түрлі конфигурациялар кешені мен есептеуіш жүйесіне көшу керек.
Келешегі зор, дербес ЭЕМ негізінде жасалған, аймақтарға бөлінген көп машиналы есептеуіш жүйелері – есептеуіш желілері – информацияны тек есептік өңдеуден өткізуге ғана бағдарланып қоймай, сол, сонымен қатар, соншалықты деңгейде коммуникациялық информациялық қызметтерге де жүгінеді, атап айтқанда, электрондық пошта, телеконференциялар жүйесі және информациялық-анықтама жүйелері.
Бүгіндері ғаламдық (глобальной) есептеуіш желілерін құрайтын (болып табылатын) Интернетті пайдаланушылар ақпаратты (білімдерді) сақтайтын осы желідегі құпия емес информациялардың кез келгенін таба алтын мүмкіндікке ие. Мысалы, файл түрінде ресімделген Ватикан кітапханасынан табылатын жүздеген әр түлі діни кітаптарды, қолжазбаларды немесе картинкаларды тамашалап көруге болады, Карнеги Холлдың әуендерін тыңдап, Лувр галериясына немесе АҚШ президентінің Ақ үйдегі кабинетіне «үңіліп қарауға» болады; бұл супержеліні пайдаланушылар өздеріне қажетті мақаланы алып оқи алады немесе таңдап алған тақырыбы бойынша мақалаларды іріктеуге мүмкіндігі болады, өзінің жаңа еңбегін желіде «жариялап», оны қызығушылық танытқан басқа оқырмандармен ой бөлісіп, бірге талқылау мүмкіндігіне де ие.
Интернет желісі «гипермәтін» принципінде жүзеге асырылады. Мұнда абонент оқылатын мәтіннен кездесетін шешуші мәңге ие сөзді таңдап, назардағы проблеманы терең зерделеуге қажетті қосымша түсіндірмелер мен материалдарды ала алады. Интернеттің электрондық поштасы Жер шарының кез келген түкпірінен (әлбетте осы желінің терминалы бар жерден ғана) поштамен жөнелтілген хат-хабарды әдеттегі поштадағы сияқты апта аралтып, ай аунатып (яғни, уақыт оздырып) емес, бар-жоғы 5 секундтың ішінде, яғни көзді ашып-жұмғанша алуға мүмкіндік береді.
ЭЕМ-ның өзін әзірлеп, жасауда соңғы жылдары елеулі әрі тұрақты артықшылықтарға аса қуатты компьютер-супер ЭЕМ мен шағын дербес компьютерлер ие болып жүр. Үлестірілетін (таратылған) нейтрондық архитуктураға-нейро-компьютерлерге негізделген 6-шы буынның ЭЕМ жасау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нейтрокомпьютерлерде ішінара арнайы желілік микропроцессорлар (МП)-транспьютерлер пайдаланылуы мүмкін.
Мультемедиа құралдарын, ең алдымен информацияны енгізу мен шығарудың аудио және видео құралдарын кеңінен енгізу (қолдану) компьютермен табиғи тілде сұхбаттасуға мүмкіндік береді. Дербес компьютердегі мультемедиа ретінде ғана болмаса, мультимедианы тар аяда қарастыруға болмайды. Дербес компьютерлерді және информацияны тұтынушыға дейін жеткізіп, олардан (тұтынушылардан) информацияны белсенді жинайтын тұтынушылық құрылғыдағы тұтас топтарды қамтитын тұрмыстық (үйге арналған ) мультимедиа туралы атауға болады.
Информациялық революция өмірдің барлық жағын қамтып отыр, вертуаль шындықты тудыратын жүйелер пайда болуда:

  • компьютерлік жүйе – (достық барысында бейнеарна бойынша абонент вертуальды сұхбаттасушыны көріп, онымен еске түсіру (подсказка), кеңес беру, аудио және бейне түсіндірмелер арқылы табиғи тілде еркін сөйлеседі. ЭЕМ-ді белсенді пайдаланушылардың психикасына зақым келтіретін «компьютерлік жалғыздық» жоғалады;

  • оытудың автоматтандырылған жүйесі – абонент кері бейнебайланыс арқылы психологияны оқытатын, дайындалуды үйрететін, оқушының қағылездігін (воспримчивость ученика) ұштайтын дербес виртуальды оқытушымен тілдесе алады;

  • суда – кез келген тауар сауда таңбашасына түртіп берілетін (нанесенным на торговый ярлык) магниттік кодпен жөнелтілмейді, ол әлеуетті сатып алушымен арақашықтықтан тілдесіп, оған аса қажетті информацияларды – не, қашан, қайда, қалай, қанша, қаншаға және т.б хабарлайтын белсенді компьютерлік кестемен жібереледі.

Мынадай (төменде келтірілген) вертуальды жүйені құру үшін оларды қажетті техникамен қамтамсыз ету:

  • мультимедиа құралдары бар арзан, жай, шағын компьютерлер;

  • «бәріне де қатысатын» қосымшаларды программамен қамтамасыз ету;

  • кмпьютерлерді бір-бірімен және желілермен байланыстыратын қабылдаушы-таратушы шағын радио құрылғы (трансивер);

  • бйланыс пен желінің кеңжолақты арналарын бөлу.

Айтылған компоненттерді құрудың көптеген алғышарттары, тіпті олардың қарапайым үлгілері пайда болып та үлгереді.
Алайда проблемалар да жоқ емес. Олардың ішіндегі ең күрделісі - әрбіреуіміздің жеке өміріміз басқаларға мәлем болмауы ушін информацияның құпия сақталуын және ақыл-ой меншігін (интеллектуальной собственности) құқықтармен қамтамасыз ету.
Қолданылған әдебиеттер: «Есептеу желілерінің негіздері» К.С. Дүйсебекова, Ш.А. Жомартова
«Информатика мен есептеуіш техника негіздері» А.Г. Кушниренко, Г.В. Лебедев, Р.А. Сворень
«Информатика негіздері» Г.Ә. Жапарова

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет