Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан, Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйiр болады
Дата 10.07.2017 өлшемі 10,38 Kb. #21045
Есептеуге жүйрiк болсаң жасыңнан , Математикаға орын берсең басыңнан, Барлық ғылым саған үйiр болады, Досың солар – табылатын қасыңнан. : а) Білімділік:__ Жай бөлшектердің алымы мен бөлімін салыстырып олардың дұрыс немесе бұрыс бөлшектер болатынын ажыратуды үйрету, біліктерін логикалық оймен іске асыра білу. ә) Дамытушылық :_ Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру , есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту және ойдан ой туындатуға, әр сөзді, айтылған ойды дәлелдеуге үйрету. б) Тәрбиелілік : _Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру , оқушыларды алғырлыққа, шапшандыққа тәрбиелеу Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес Сабақтың типі:_Жаңа сабақ Пайдаланылатын әдістер: Топтық, жеке жұмыс Пайдаланылатын көрнекілігі:Интерактивті тақта, кесте, суреттер , түрлі түсті қарточкалар Пән аралық байланыс: Информатика Пайдаланған әдебиеттер: Әдістемелік оқулықтар, қосымша әдебиеттер, Күтілетін нәтиже Күтілетін нәтиже Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сан ұғымдарының мағанасын түсіну Топпен жұмыс. Әр топ есептер шығаруда өз қорытындысын ,талдауын жасау. Анықтамалар арқылы дәлелдеу. Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сан ұғымдарының мағанасын түсінеді. Мысалдар келтіре алады, өз ойларын тез жеткізеді Критерийлер бойынша топтық және өзін-өзі бағалау. Сонымен қатар жиынтық бағалау.Рефлексия арқылы білімдерін тексеру. Оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай тапсырмалар және сұрақтар беру арқылы. Жаңа сабақты игерту сабағының жоспары: I.Ұйымдастыру: Сәлемдесу, Түгелдеу Бұл ойын сабақтың шартын түсіндіру: Оқушылар қатар бойынша 3 топқа бөлінеді. Әрбір топқа тапсырмалар беріледі. Дұрыс жауап берген топ мүшесі дөңгелектің 1/2 бөлігіне ие болады. Жеңімпазды әр топтың жинаған бөлітерін санап білетін боламыз. II. Үй тапсырмасын тексеру: 450. Бос орындарды толтырыңдар: 453. Бөлшектерді қысқартыңдар: 3 сұрақ Суретте дөңгелектің қандай бөлігі алынған? III. Жаңа сабаққа кіріспе: Ребусты шешу: - дұрыс бөлшектер . Кез-келген дұрыс бөлшек 1-ден кіші . Кез-келген натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазуға болады. Мысалы: 4 санын бұрыс бөлшек түрінде қалай жазуға болады. Мысалы: Логикалық жаттығулар Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 және 29 сандары қай айда кездеседі? (Барлық айда) Қосарланып жегілген ат-арбамен Самат 8 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді? (8 шақырым) Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 5 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (Қалған жоқ) .Бөлшектерді қысқартып, дұрыс бөлшектерді және бұрыс бөлшектерді бөлек теріп жазыңдар: 475 Натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазыңдар Шешуі: Қорытындылау: 470, 471 есептерді шығарып келу Достарыңызбен бөлісу: