Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника
қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға ьолады;
Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.
Көз жаттығуларын білу міндетті.
Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзге дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;
От сөндіруде көмек көрсету қажет;
Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;
Компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтынын білуі керек, оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал- жабдықтарын пайдалануға болады;
Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды (электр тоғы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптар мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;
ЭЛЕКТР ТОҒЫМЕН ЗАҚЫМДАНҒАН ЖАҒДАЙДА АЛҒАШҚЫ
ДӘРІГЕРЛІК КӨМЕК КӨРСЕТУ
1.Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);
2.Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;
3. Дәрігер шақыру;
4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |