І. Күйген жағдайда:
● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т.б.) беру;
● Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу;
● Зақымданған жерге суық су құю;
● Алдын-ала жараланған жерді , микроптар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.
ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:
● Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бір жағына қаратып, қырымен орналатыру керек;
● Нашатыр спиртін иіскету керек.
ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:
● Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер ол күрмеліп қалса оны қолмен дұрыс қалпына керек ;
● Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;
ШАРШАҒАНДАҒЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
1. Бас жаттығуларын жасау:
2. Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
3. Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.
4. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.
5. Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.
6. Көз жаттығуларын жасау:
КӨЗГЕ АРНАЛҒАН ЖАТТЫҒУЛАР
1) 1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып, сонан кейiн ашып, жайбарақат ұстап, 1-6-ға дейiн санай отырып, алысқа қарау қажет. 4-5 рет қайталау қажет
2) 1-4-ке дейiн санай отырып, екi көздi оларға қатты күш салмай, бiр-бiрiне қаратып, соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап, 4-5 рет қайталау керек.
3) 1-4-ке дейiн санап, басты қозғамай, оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату, соңында 1-6-ға дейiн санап, алысқа қарау. Осы тәрiздi басты қозғамай, солға, жоғары, төмен қарау керек.
4) 1-6-ға дейiн санай отырып, көзқарасты диогоналы бойынша: оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып, сонан соң алысқа қарау; Сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау. 4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп, дененi сергiтеді.
5 А-сынып.
Достарыңызбен бөлісу: |