- 1. Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
- Қазақ есімдері (антропонимдер) тілдегі сөздік құрамның бір бөлігі болып саналады. Ол өз арнасын жалпы халық тілі арнасынан алады да, тіліміздің ішкі заңына сәйкес дамиды. Сөйтіп, ол тілдегі сөздердің немесе лексиканың барлық салаларының қатысуымен жасалады.
- Қазақ есімдерін зерттеуші ғалым Телқожа Жанұзақтың пайымдауынша, қазақ есімдерінің басым тобы халқымыздың өткен заманнан бастап күні бүгінге дейінгі мәдени-тарихи өмір бейнесін анық көрсетеді. Есімдерді таңдап, талғап қоюда түрлі белгі, нышан, жағдаяттар, ырым мен дәстүрлердің уәжділігі байқалады. Қазақ халқы өмірінде болып жатқан әлеуметтік, саяси, ғылыми, техникалық, экономикалық және мәдениет саласындағы күрделі өзгерістердің сөздік қорымыздың лексикалық қабаттары, оның ішінде антропонимдердің баюына игі ықпалын тигізіп жатыр. Осыған байланысты жаңа есімдердің пайда болуы, олардың семантикалық мәні бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр.
- 2. Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
- Қазақ азаматтарының аты-жөнін жаңа ұстаным негізінде реттеу үшін саяси маңызы бар бұл мәселені шешу жолдары қарастырылуда, ғалымдар көп еңбек етуде. Қазақ есімдерінің, яғни антропонимдердің мағыналық құрылымы мен қолданылу формаларын бір ізге түсіру сияқты осынау күрделі іске аз да болса үлес қосу мақсатында осы ғылыми жобаны қолға алып отырмыз. Осы мақсатты жүзеге асыруда төмендегідей міндеттерді алға қойдық:
- ● Бүгінгі күні балаларға қойылған есімдердің сырын анықтау; ● Есімдер ұғымына талдау жасау;
- ● Сауалнамалар арқылы таныстарымның есімдерінің сырын білу деңгейлерін байқау.
- 3. Зерттеу нысаны
- Зерттеу жұмысының негізгі нысаны ретінде республикалық газеттер, көркем шығармалар, антропонимикаға байланысты азды-көпті зерттеулер жазған ғалымдардың еңбектері алынды.
- 4. Зерттеудің жаңашылдығы
- - Адам есімдерінің мағыналық ерекшеліктерін танытуы;
- - есім мағынасының зерттелуі;
- - бүгінгі таңда жан- жақты жетілген, білімді, қоғамның белсенді азаматын қалыптастыруда, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеудегі есімдердің маңыздылығы.
- 5. Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы.
- Ұсынылып отырған жұмыстың нәтижесін мектепте тіл білімінің лексика саласын оқығанда, әдебиетке, этнографияны білуге, журналистика саласына, сөз өнеріне қызығушылығы бар талапкер жастарға пайдалануға болады. Оқушылардың реферат жұмыстары мен ғылыми жоба жазу барысына көмекші құрал бола алады.
- 6. Зерттеу әдістері.
- Зерттеу жұмысында мәліметтерді
- жинақтау, саралау, салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
- 7. Зерттеудің құрылымы.
- Ғылыми жоба кіріспеден, бес тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған дереккөздер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
- Жоспар :
- І . Кіріспе бөлім:
- Антропонимика-ғылым саласы
- Адам есімі неге байланысты қойылған?
- ІІ. Негізгі бөлім:
- Қазақ есімдерінің құпиялары
- Ырымға байланысты ат қою.
- Сәбиге ат қоюдағы салт-дәстүр.
- Адам атына планетаның ықпалы.
- Қазіргі кездегі қазақ есімдерінің мән-мағынасы.
- ІІІ . Қорытынды бөлім:
- Ат беруге шебер халық.
- Өзгеге еліктеуден не ұтамыз?
- Сәбиге ат қоюдағы салт-дәстүр
- Негізінен, қазақ халқын-да балаға ат қойғанда ата-аналардың арқа сүйейтін ең басты он бес салт-дәстүрі бар. Олар:
- 1. Балаға артық саусағына қарай ат қою. Есімдері: Артық, Артықәлі, Артықбай, Қосекен.
- 2. Балаға тіл-көз тимейді деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жаманбай, Қойшыбай, Ошақбай, Тезекбай.
- 3. Баланың дені сау, жаны берік болуы үшін ат қою. Есімдері: Тасболат, Тастемір, Шымырбай.
- 4. Баласы шетіней берген үйде жас сәбиге ат қою. Есімдері: Аманкүл, Есен, Жүрсін, Тоқтар, Тұрсын, т.б.
- 5. Бала-шағаларының өмірі ұзақ болсын, көп жасасын деген ниетпен ат қою. Есімдері: Жанұзақ, Жүзбай, Жүзжасар, Мыңжасар, Өмірбек, Сексенбай, Тоқсанбай, Ұзақбай.
- 6. Бұрын-соңды болған қару-жарақ аттарына байланысты ат қою. Есімдері: Қылышбай, Мылтықбай, Найзабек, Садақбай, Шоқпарбай т.б.
- 7. Елдің ардақты аза-маттарының атын солардай батыр, дана, өнерлі болсын деген ниетпен жаңа туылған балаға ат қою. Есімдері: Абай, Абылай, Ғабит, Жәнібек, Исатай, Қазыбек, Махамбет, Сәбит, Сәкен, Ыбырай т.б.
- 8. Ерекше көзге түскен белгілеріне қарай ат қою. Есімдері: Анарбай, Қалдыбай, Құдірет, Меңдігүл, Сүндет.
- 9. Ислам дінінің әсеріне байланысты ат қою. Есімдері: Ғали, Жамал, Зылиха, Иса, Мұхаммед, Омар, Оспан, Сүлеймен, Хадиша.
- 10. Қыз аттарына аспан әлемінің, аңдардың, асыл тастардың, қымбат маталардың, нәзік өсімдіктердің атын қою. Есімдері: Айман, Еңлік, Жібек, Жұлдыз, Күміс, Мақпал, Меруерт, Раушан, Шолпан, Шынар т.б.
- 11. Мерзімінен бұрын дүниеге келген балаға ат қою. Есімдері: Лекер, Шалабай, Шалабек.
- 12. Мұрат-мақсатыма жеттім-ау деген ниетпен ат қою. Есімдері: Арман, Бақыт, Мақсат, Мұрат.
- 13. Соңғы балаға ат қою. Есімдері: Кенжебай, Кенжегүл, Кенжетай.
- 14. Төрт түлік мал, аң мен құстарға байланысты ат қою. Есімдері: Бота, Бүркіт, Қойшыбай, Сандуғаш т.б.
- 15. Ұлы жоқ үйде қыз туғанда ат қою. Есімдері: Болған, Тойған, Ұлбала, Ұлтуған, Ұлбосын, Ұлжан, Ұлту т.б.
- Қазақ халқының салты бойынша, балаға үш күннің ішінде ат қойылуға тиісті.
- Адам атына планетаның ықпалы.
- Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес болады. Ал әрбір санға Күн жүйесіндегі белгілі бір планета ықпал етеді. Сіз өз есіміңіздің қай планетамен байланысты екендігін, оның мінезіңіз бен тағдырыңызға қаншалықты әсерін білу үшін тым болмаса атыңыздың бастапқы әрпінің сәйкес санын біліп алуыңызға болады.
- Назар аударыңыз! Әрбір әріп белгілі бір санға сәйкес келсе, әрбір сан белгілі бір планетаның ықпалына бағынады. Адам өз есімінің қай планетамен байланысты екенін төмендегідей тәсілмен анықтай алады. Осы кесте бойынша әрбір адам өз есімінің тиесілі санын анықтап, сол арқылы қай планетаның мінезі мен тағдырына қаншалықты әсер ететіндігін білуіне болады. Әрбір есімнің санына сәйкес планеталардың ықпалына орай адам бойында қалыптасатын ерекше қасиеттер
- 1. Күн: көсем, тәкаппар, астамшыл.
- 2. Ай: сезімтал, шығармашылыққа бейім, қиял кеңістігі мол, парасатты.
- 3. Юпитер: кеңпейіл, оптимист, тілтапқыш, идеалист.
- 4. Уран: тікмінез, бірбеткей, өзімшіл, жұмысқа тиянақты, адамдармен тез достасады.
- 5. Меркурий: көпшіл, епті, бастамашыл, сыншыл, мойымаушылық.
- 6. Шолпан: сезімтал, сүйкімді, тәкаппар, іскер, жолы болғыш.
- 7. Нептун: жұмсақтық, сезімтал, ымырашыл, қайырымды, философ.
- 8. Сатурн: сырты суық, іші жұмсақ, прагматик, бірбеткей, сақ, өз еңбегіне сүйенеді, сенім артуға болады.
- 9. Марс: қайратты, қызба, басынан сөз асырмайды, қысымға төзбейді, өзімшіл, тек өзіне сенеді.
- Қорытынды.
- Зерттеуді аяқтай келе, мынандай тұжырымға келдім: адам баласы туылғанда азан шақырып қойған есімін құрмет тұтып, ата – анасының үмітін ақтау қажет
- Статистикалық мәліметтер бойынша, 2013-2014 жылдары Қазақстанда ер балаларға Ерасыл, Әлихан, Санжар, Нұрислам, Нұрасыл, Мирас, Артем, Арсен, Диас, Әли, Алдияр есімдері көбірек қойылса, қыз балаларға айару, Айзере, Інжу, Кәусар, Айша, Сезім, Мадина, Диана, Дария, Аяла, Сабина, Алина, Аделя есімдері көп қойылған. 2010 жылы Астанада Саммит өткеніне орай елімізде он үш Саммитхан мен екі Саммитбек дүниеге келіпті. Қазақтың ырымдап қойған бұл есімдеріне дау жоқ. Бірақ «Саммит» қазақ сөзі емес екені белгілі. Дүниеге келген нәрестеге осындай сөздердің мағынасын жете түсініп барып есім қою керектігін ата-ана ескеру қажет. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы туған сәбилер арасында ең көп таралған есімдер Ради, Антонио, Ливия, Талисман және Наурызбек. Бұдан өзге Қазақстанда Азиада есімді он бес шақты қыз бала бар екендігі анықталған.
- Балаға ат қоюда қателікке жол бермеу керек. Себебі бала кейін ес білі, ер жеткеннен кейін есімнен зиян шегуі әбден мүмкін. Қазір балаға ата-анасы «современный» есімдер қоюға шебер. Бұрын халқымыз есімнің мәні мен мағынасына мән берсе, қазір керісінше естілгенде әдемі болу керек деген қағиданы ұстанып жүр. Адам түсінбейтін «түсініксіз» есімдердің көбейіп кеткені осыдан. Бала есейген соң есіміңді пәленше деген кісі қойған, сенің есімің мынадай мағына береді деген тағылымды ұрпаққа жеткізу бірте-бірте қала бастағандай. Қазіргілер балаларына шетел әншілері мен әртістерінің есіміні ұлықтап, ұрпақтың ұсақталуына әкеп соқтыруда.
- Қазіргі кезде қазақтың ат қоюы өз бағытын жоғалтып барады. Олай дейтінім, өзіміздің ардақтыларымыздың емес, шетелдің танымал адамдарының есімін беру. Сонда біз өзгеге еліктеуден не ұтамыз?
- Бүгінде Диана, Даяна,Алсу сияқты қазаққа жат аттарды қоюға әуестеніп кеттік.Одан кейінгі көңіл қынжылтарлық нәрсе-өзіміздің әдемі есімдерімізге келсін-келмесін «а» әрпін жалғап жүреміз.Мысалы: Жанарымыз-Жанара,Гүлнәріміз-Гульнара болып жүр емес пе? Кеудесінде кішкене болса да ұлттық намысы бар, өзінің халқын,ұлтын мақтан тұтатын әрбір ата-ана баласына ойланып барып ат қойса екен деймін. Баласының өмір бойы көтеріп жүретін есімі болғандықтан алдымен ата-анасы бұған бей-жай қарамай, барлық жағын ескеруі керек.
- Исламда «Әке мен шешенің баласының алдында үш міндеті бар: туғанда жақсы ат қою, дінге тәрбиелеу, үйлендіру (қыз болса – ұзату)» деген хадис бар. Осыдан-ақ балаға дұрыс есім қоюдың маңызды екені белгілі. Бала болашақта жапа шекпеуі үшін оған қойылатын есімге де бей-жай қарамаған дұрыс.
- «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген М. Әуезов. Олай болса, аты-жөнімізді түзейтін уақыт жетті ғой. Адамға қазақша, орысша демей, бір ғана ат қою керек. Ол – үлкен арман-мақсатпен азан шақырып қойған аты. Ол аттың мән-мағынасын толық түсінгенде ғана қазақ тілінде сауатты жаза аламыз.
- Үлкен арман-тілекпен қойған атымыздың не мағына беретінін білу маңызды нәрсе болып саналатынына көз жеткіздік. Ал сол есіміміздің қатесіз дұрыс жазылуы одан да маңыздырақ. Қазақ тіл білімі дамыған заманда өз аты-жөнімізді сауатсыз жазсақ, білімсіздігімізді көрсетпей ме?! Біреулер үшін еленбейтін ұсақ-түйек болар, біз үшін, жаңарған заманнның жас ұрпақтары үшін, бұл ар-ұятымызға тиіп, намысымызды оятады. Осылайша ғылыми ізденістерге қадам жасап, талаптана берсек, өзге тілдің қосымшасынан де арылып, өз есімімізді дұрыс айтып, сауатты жазуға да қол жеткізерміз.
Достарыңызбен бөлісу: |