Ән: ________________________
В1: Мұқағалиын ел-жұрты шын құрметтейді, шын қадірлейді. Жырларын жатқа айтады, жер-жерде «Мұқағали оқуларын», еске алу кештерін өткізіп, ақын рухына тағзым етеді. Жоғарғы жақтың ешбір нұсқауынсыз, бұйрығынсыз-ақ жалпыхалықтық көлемде мерекеленетін бірден-бір той – ол Мұқағали тойы.
В2: Последняя прижизненная книга стихов М. Макатаева «Жизнь- поэма» вышла в середине марта почему-то ставил дату – 27 марта 1976 года. В этот день его не стало. В тот мартовский день 1976 года друг Макатаева М. Жомартбек, находясь в командировке в Актюбинской области, стал свидетелем случайной сцены в автобусе. Красивая юная казашка прижимала к груди газету и горько плакала. Жомартбек спросил у нее, что же произошло? В ответ она сказала: « Умер поэт, чьи стихи я очень люблю» это была газета с некрологом М. Макатаеву. В те весенние дни вместе с этой девушкой плакали все, кто любил Мукагали.
В1. Жазылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер – тұрманы‐ дей келе көптеген ақындар Мұқағали жайында естеліктер жазды. Фариза Оңғарсынова өзінің бір естелігінде былай деген екен: «Мұқағали – біздің заманымыздың поэзия дүниесіндегі құбылыс. Егер ол құбылысты біз бірден байыбына барып, дөп басып, тани алмасақ, бұл‐ өнердегі заңдылық. Ол‐әсіресе қызыл бояудың жылт етпе құбылуы емес, жақындаған сайын алыстап, жақындаған бояуымен құпиялана түседі. Поэзияның әрі таймас сұлулығы да, барған сайын ынтызарыңды құрта құдіреті де осы болуы керек.
Көрініс: Ауруханада
В1: Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,- деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді. Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.
Ән: Есіне мені алғайсын
В1: Осымен ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған еске алу кешіміз аяқталды. Жыр әлемінде кездескенше аман сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |