КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІ. Науқастың жағдайы өте ауыр. Басында ұйқы пайда болады, кейіннен наркоз кезеңіне өтіп, сосын кома дамып, тыныс алу орталығының салдануына әкеп соқтырады. Өлім тыныс алу тежелуі немесе шоктың, өкпе ісігінің және екіншілікті инфекция салдарынан болады. АРНАЙЫ КӨМЕК ШАРАЛАРЫ морфиннің арнайы антагонистерін еңгізумен байланысты. Ең жақсы антагонист - бұл НАЛОКСОН (наркан), сонымен қатар жартылай антагонист - НАЛОРФИН. Олар опиатты рецепторларға морфиннің және оның препараттарының әсерін тежейді және ОЖЖ қалыпты қызметін қалыпына келтіреді. АРНАЙЫ ЕМЕС КӨМЕК ШАРАЛАРЫ әлі сңбеген уды шығару. Морфинді парентеральды жолмен енгізген кезде де асқазанды шаю қажет, себебі оның АІЖ кілегей қабатымен шығарылуы жартылай ішек қуысында жүреді. Науқасты жылындыру қажет, егер тырысу синдромы дамыса, онда тырысуға қарсы заттар қолданады. Тыныстың терең тежелуі кезінде жасанды өкпе вентиляциясын жүргізеді.