Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың әдістемесі


Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың негіздері



бет23/34
Дата07.02.2022
өлшемі75,84 Kb.
#87359
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
Байланысты:
2 диплом Қалмырзаев
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
2. Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың негіздері

2.1. Тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудағы шабуыл негіздері


Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі болып табылады. Ол қарсыласты талқандау және жергілікті жердің маңызды оъектілері мен аудандарын жаулап алу мақсатында жүргізіледі. Шабуыл, қарсыласты қолда бар барлық құралдармен олардың қорғаныс шебіне бойлай еніп, тірі күшті жойып немесе тұтқынға алып, әскери техникасын, қаруын қолға алып, шешімді және ұтқыр шабуылдауымен көрінеді.


Бөлімше шабуылы қорғаныстағы, шабуылдағы және шегіндегі қарсыласқа қарсы жүргізілуі мүмкін. Қорғанудағы қарсыласты бөлімше шабуылы бірден немесе олармен тікелей жанасып, қақтығысу арқылы іске асады [33].
Бірден шабуылдау шабуылдың дайындығының жоғары болуын, әрекеттің кенеттен болуы, әскердің жаппай қыру қаруынан қорғануын қамтамасыз етеді. Шабуылға көшкенге дейін бөлім құрамындағы бөлімше ауданның тыс жерінде және құрлықтағы құралдардың радиолокациялық барлауының шамасы жетпейтін, алысқа ататын артиллерияның атысынан алыс жерде болады. Бөлімше бөлім командирі көрсеткен, көрші бөлімшеден 25-30 метр орналасады.
Уақыт болған жағдайда жеке құрам, сосын ЖҰМ (БТР) үшін шұңқырлар қазылады және реті келсе, тиянақты түрде жасырынылады. Бөлімше қарсыластың жерден, әуеден шабуылын қайтаруға және диверсиялық-барлау топтарын жоюға әрдайым дайын тұрады.
Қарсыласпен тікелей жанаса шабуылдау кезінде, шабуылдаудың басталар жері траншея (шұңқыр) болып табылады. Бөлім құрамындағы бөлімше шабуыл басталатын жерге шабуыл басталар қарсаңында келіп, әскердің қорғану позициясын траншеяда қабылдайды. Бөлімше басты қалыпты қабылдасымен бөлімше командирі қарсыласты бақылап, қарсыластың жасауы мүмкін шабуылына тойтарыс беруге бөлімшеге міндеттер жүктейді.
Шабуылдағы бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері – бұл бөлімшенің белгілі бір ұрыс міндеттерін берілген уақытта нақты жағдайда орындай білу мүмкіндігін сипаттайтын көрсеткіштер. Ұрыс мүмкіндіктері атыс қуаты және маневр жасай білу болып табылады.
Атыс қуаты – бөлімшенің танкіге қарсы құралдары, ЖҰМ (БТР) және атыс қаруымен қарсыласқа көптеген шығын келтіру мүмкіндігі.
Маневрлік – бұл бөлімшенің маневр жасап, уақыт көрсеткіштерімен сипатталатын, радиобелсенді зақымдану аймақтары мен қираған аудандардан өту, марш жасау мүмкіндігі бөлімшенің атыс қуаты қарсыластың танкілерімен және брондалған объектілермен күрес жүргізу мүмкіндіктері, сондай-ақ қарсыласты атыс қаруымен зақымдау мүмкіндіктерінен құралады.
Бөлімшенің танкі, ЖҰМ-мен (БТР) күресу мүмкіндіктерін есептеу әдістемесі танкіге қарсы құралдар, танкілер, ЖҰМ-ның ұрыстағы әсерлілігін пайдалану коэффициентіне негізделеді. Танкіге қарсы құралдың ұрыстық әсерлілігі коэффициенті деп, сол құралдың ұрыс барысында қарсыластың танкілерін жоюының орташа мүмкіндігін көрсететін санын түсінуге болады. Дайындалған қорғанысқа шабуыл жасауда ЖҰМ ол 1 және ТҚГ – 7, 0,2 – тең. Осындай жолмен бөлімше шабуыл кезінде бір танкі жою мүмкіндігі бар (1=ЖҰМ*1+1=ТҚГ-7*0,2=1,2).
Бөлімшенің атыс қаруымен қарсыласты жоюының негізгі көрсеткіші тірі күшке тигізетін зиянды математикалық күту болып табылады. Есептеу әдістемесі маңдайшептің бір метрінде бір минутта атылған оғымен көрінетін, екі жақтың қарудан ату тығыздығын салыстырумен негізделген. 100%-ке жабдықталған бөлімше өз маңдайшебінде бір минутта 800 оқ атуға мүмкіндігі бар (4=АКМ+100+1=ТҚГ*150+1=ПКТ*250=800). Яғни, бөлімше маңдайшепте 50 метрді қамти отырып, бір метр маңдайшепте минутына 16 оқ шығара алады (800/50=16). Шабуыл кезінде жеке құрамның 20% жоғалтса, бөлімшенің ату тығыздығы маңдайшептің 1 м 10-12 оқ болады. Онда, қарсы жақтың 3-4 сарбазын жою мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Бөлімше жаяу алға қарай 4-5 шақырымды бір сағатта, ал ЖҰМ (БТР) 8-12 шақырымды өтеді.
Ұрыс жүргізу үшін, бөлім ұрыс тәртібі деп аталатын қатармен белгілі қалыпты ұстайды [34].
Шабуылдағы бөлімшенің ұрыстық міндеті – шабуыл объектілерін көрсету және шабуылдың одан әрі бағыты. Бөлімшенің ұрыстық тәртібі тізбектен тұрады. Сарбаздың арасындағы қашықтық 6-8 м (8-12 қадам), ал бөлімше арасында 50 метрге дейін. Ұрыстық тәртіпке тұру аталған ұрыстық міндет, қарсылас әрекеті қолдағы күш және құралдарға байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет