Эссе Ежелгі көшпенділердің өнері. Скиф-сақ жануарлар стилі Көшпенді бабаларымыз кезінде бір шеті Қытай ,екінші шеті Солтүстік мұзды мұхит,бір жағы батыс Еуропа ,Мысырға дейін көшіп-қонып,әр дәуірде билік құрып үстемдік еткен.Олардың сол кезеңдерде түрлі елдің мәденитіне,өнеріне тигізген әсері ұшаң теңіз .Бүкіл әлем халықтарының өнерінде әсіресе сәулетінде тайға таңба басқандай көшпенділер ықпалының табы,стилі сезіледі. Қазақ жерімен көрщілес аймақтарды мекендеген сақтарда ертоқым болған .Қазіргі ертоқымға қарағанда олардың ерінің айырмашылығы сол,оның ұстынында ағаш болмайды. Ерте кезеңде Қазақстанның барлық аумағында жебелердің қола ұштарының екі түрі таралған :төлке пішіндегі және шие тәріздес .Б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. "Аң стилі" өнері сәндік ретінде қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандарға, құрбандық заттарыға, қару-жарақтарға, ат әбзелдері мен киімдерге әшекейленді. "Аң стилі" өнері дәстүрмен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға "өммір ағашы" дейтін арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты.