«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
50
екенін мойындауға мəжбүрміз. Жыл сайын жаз маусымы басталып,
оқушылар
демалысқа шыққанда жасөспірімдердің тəртібін қадағалайтын құқық қорғау
органдарының жұмысы екі есе көбейеді. Қазақстанда заң бойынша кəмелетке
толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда
отыруға жəне түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге
тыйым
салынған. Оқушылар демалысқа шығып, мектеп сабағы мен үй тапсырмасынан
қолдары босағанда, жоғарыда айтылған ережелерді барлығы бірдей сақтай
бермейді. Әсіресе, жасөспірімдердің қолымен
жасалған қылмыстар мен құ-
қықбұзушылықтар жаз мезгілінде көп тіркеледі. Тəртіп сақшылары қанша
жерден жұмыс істеп жатырмыз десе де, жасөспірімдер
арасындағы қылмысты
азайту күнтəртібінде тұр.
Жалпы құқық тəртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тəртіпті бұзған,
қылмыс жасап ішкі істер бөлімдерінде есепте тұрған балалардың басым бөлігі
жайсыз отбасылардан шыққан. Ал, енді бір тобы кейбір ата-аналардың бала тағ-
дырына алаңдамауынан,
оларды өз беттерінше қалдырып, мектептен тыс бос
уақыттарында немен шұғылданып жүргендерін қадағаламауынан орын алады.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе»
деп атамыз қазақ айтқандай, əр-бір ата-
ана өз баласының тəртібі мен тəрбиесіне аса мəн беріп, бос уақытта немен
айналысатынына
қатаң
бақылау
жасаса,
жасөспірімдер
арасында
құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді.
Сонымен қатар, əр азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан
өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі –
қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тəрбиелеу.
Заңды
білмеу – құқықтық мəдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу
жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіру. (228 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: