«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет38/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
13-тапсырма 
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Баламалы 
энергия көздері адамзат баласының барлық энергетикалық сұраныстарын 
қамтамасыз ете ала ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз 
көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20] 
 
 
 
 
 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
38 
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Қоршаған орта және дәстүрлі энергия ресурстары 
 
Адам табиғаттың бір бөлшегі,əрі ғажайып туындысы. Адам Жер-Ананың 
перзенті. Табиғатты, Жер-Ананы сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық 
борышы. Қазіргі заманда адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы 
күрделенді. Адам санасының өсуі,өнеркəсіптің тез өркендеуі,ғарышты игеру 
қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына əкеп соғуда. Бүгінде жер беті 
экологиялық апатты аймаққа айналды.
Ең өткір экологиялық мəселелер: климаттың өзгеруі, қышқылды жауын-
шашын, 
қоғамдық 
ортаның 
ластануы, өндіріспен 
немесе 
энергияны пайдалануға тікелей немесе жанама түрде байланысты органикалық 
отындардың қарқынды сарқылуы. Сондықтан энергетикалық мəселелерді 
шешу негізгі – экологиялық мəселелерді шешу мүмкіндігіне байланысты.
Энергияны үнемді қолдана отырып, онымен тікелей бəсекеге түсе алатын 
басқа да энергия түрлері – су, жел, күн т.б энергияларды пайдаланудың да 
маңызы өте зор. Дəстүрлі энергия көздері – қоршаған ортаға зиянды,əрі 
шектеулі. Баламалы энергия көздері – қоршаған ортаға қауіпсіз, шектеусіз, 
экологиялық таза жəне оны алу жолдары қиын емес. Дəстүрлі энергия 
көздерінің қоры шектеулі, ерте ме, кеш пе, ол таусылады. Ғалымдардың 
пайымдауынша мұнай жəне газ қоры -80, көмірсутекті шикізат қоры - 100 
жылға жетерлік деп болжануда. Органикалық отындар қоры бітпеген күннің 
өзінде, олардан энергия алу технологиялары жаңартылмаса, онда жылулық 
ластану, қатты жəне сұйық қалдықтардың бөлінуінен, қышқыл жаңбырлардың 
əсерінен ғаламдық экологиялық дағдарыс туады. Технологиялық жаңару 
энергияның қымбаттауына əкеледі. Сондықтан энергия – қажет, əрі қымбат 
болса энергетикалық дағдарыс туындайды. Әрине, энергия үнемделу керек, 
бірақ оның көзі де сол болу керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет