«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет44/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
17-тапсырма 
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып, «Бүгінгі 
таңдағы бала тәрбиесіндегі ата-ана жауапкершілігі қандай?» деген 
тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20]
А мәтіні
Ата –аналар құқықтары мен міндеттері 
 
Бала тəрбиесі, оның жан – жақты дамуы, тұлға болып қалыптасуы 
қоғамымыздың, оның ішінде əрбір ата – ананың өзекті мəселелерінің бірі болып 
табылады. Алайдамектептегі ата-аналар жиналысында немесе олармен сұхбат 
жүргізгенде көптеген ата-аналар өзінің бала алдындағы құқықтары мен 
міндеттерін толыққанды жете түсіне білмейтінін аңғарып жүрміз. Ата-
аналардың құқықтары мен міндеттері халықаралық ратификацияланған жəне 
ҚР заңдарында, оның ішінде «Бала құқықтары туралы» Конвенцияда, ҚР «Бала 
құқы 
туралы», 
ҚР 
«Білім 
туралы» 
заңында 
анық 
көрсетілген. 
70-бапта ата-аналардың балаларын тəрбиелеу мен білім берудегі құқықтары 
мен міндеттері баяндалады. Ата-аналар балаларының денсаулығына, дене 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
44 
бітімінің дамуына, жан-жақты өсіп-жетілуіне, емдетуге, тексеруге міндетті. 
Ата-аналар балаларын тəрбиелеуге құқылы жəне міндетті, яғни балаларын 
рухани, эстетикалық, адамгершілік, патриоттық тəрбие беруге жауапты. Ата-
аналар балаларының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті. Олар 
балаларын оқу құрал – жабдықтарымен, киім-кешекпен жəне тағы басқақа 
жеттіліктермен қамтамасыз етуі тиіс. Сондай-ақ баланың пікірін ескере 
отырып, білім беру ұйымын жəне оқу нысанын таңдауға құқылы, яғни баланың 
қызығушылығын, қандай да бір бейімділігін, талантын ескере отырып, қажетті 
білім ұйымын таңдай алады. (143 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет