«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы 49
айтылып жүр. Келешекте қалыпты адам мен биороботтың неке құру
ықтималдығы сияқты болжамдар бұл күдікті одан əрі өршітеді.
Қорытынды. Қазақстанға келсек. Әлем бұл салаға дендеп еніп жатқан
уақытта замана көшінен қалу өз-өзіңе зияндық жасаумен тең. Елімізде жасалып
жатқан жұмыстар бар. Сондықтан осынау маңызды саланы дамытудың кешенді
мемлекеттік саясаты қажет. Өйткені болашақ осында. Абайша «қолымызды
мезгілінен кеш сермеп», істің емес, сөздің адамы болатын сəтті тарихта
қалдырсақ жақсы ұрпақ болар едік. (298 сөз)
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді Гендік модификация және медицина Ұлыбританиялық ғалымдар бүгінгі таңда трансгенді тауықтар
алуды жолға қойып жатыр. Өйткені мұндай тауықтардың жұмыртқасының
медициналық үлкен маңызы бар дейді олар. Трансгенді тауықтардың
жұмыртқасындағы протеиндерден қатерлі ісікті емдейтін препараттар алуға
болады екен.Бұл жаңалық əлемге əйгілі клон қой Доллиді жасап шығарған
зерттеу орталығында ашылды.Эдинбург қаласының маңында орналасқан
ғылыми орталықтың ғалымдары қазір трансгенді бес тауықты өсіргендері
жайлы айтады. Егер де бұл жаңалық қолдау тауып,препараттар кеңінен
таратылатын болса адамдар осы бір аты жаман аурудан құлан таза айығып
кетуге мүмкіндік алар еді.
Қатерлі ісікпен күресте генетик ғалымдар топырақта тіршілік ететін жəне
анаэробты,оттекті ортада тіршілігін жоятын Clostridium novyi – NT
бактерияларын қолдануды ұсынып отыр.Көптеген қатерлі ісіктердің оттегі
мөлшері аз болып келетін орталық аймақтары болады.Бұл аймақтағы қатерлі
жасушалар тез көбеюге қабілетсіз болып келеді.Бактерия споралары тамырға
егіліп,қан айналым жүйесі арқылы мүшелер мен ұлпаларға таралып,қатерлі
ісіктің гипоксия аймағына да жеткізіледі. Қолайлы жағдайға тап болған
споралар өсіп,дамып –жетілген бактериялар қатерлі ісік жасушаларымен қорек
үшін бəсекеге түсе бастайды.Осылайша бірте-бірте ісік жасушалары жойылып
кетеді. (154 сөз)