«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет49/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
Ә мәтіні: газет мақаласынан
«Жер сағаты» акциясына қосыл 
 
Соңғы жылдары энергия жəне табиғи ресурстарды үнемдеуге үндейтін 
əлем бойынша кеңінен қанат жайған акция - «Жер сағаты» деген атауға ие. 
Акцияны өткізудегі мақсат - əлем жұртшылығының назарын климаттың 
жаһандық өзгеру проблемасына аудару. Қазақстан да осы халықаралық 
шарадан тыс қалмай, «Жер сағаты» акциясына қосылады. Қазақстан 
ғаламшарды құтқару үшін 60 минут қараңғылыққа оранады - елдің жүзге тарта 
қаласы биылғы жылы «Жер сағаты» халықаралық акциясын қолдайды. Бүгін 
бүкіл əлем сағат 20:30-да жарықты, электр приборларын жəне ғимараттарды 
жарықтандыруды өшіреді. Бұл шара алғаш рет 2007 жылы өткізілген болатын, 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
48 
бұған Бүкілəлемдік тұмса табиғат қоры бастамашы болды. Өткен жылы акцияға 
172 мемлекет пен 2 миллиардтан астам адам қатысқан. Биыл елімізде 
«Жерсағаты» 16 сəуір - 16 мамыр аралығында өтетін «Ұлттық орман отырғызу 
күні» 
республикалық 
акциясының 
қамқорлығымен 
ұйымдастырылды.
Мемлекет энергия үнемдегіш технологияларды пайдаланып, «жасыл 
экономиканы» дамытуда. Осы мақсатта жасалған алғашқы қадам – ресурстарды 
пайдалануды оңтайландыру жəне табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін 
арттыру, сондай-ақ, «жасыл» инфрақұрылымды құру. (150 сөз) 
 
20-тапсырма 
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Гендік 
инженериядан қауіп бар ма?» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Эсседегі сөз 
көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20]
 
 
А мәтіні

газет мақаласынан үзінді

Гендік инженерия: бүгіні мен келешегі 
 
Адам денесінде 25-30 мыңға жуық ген болса, олардың əрқайсының 
атқаратын өзіндік функциясы бар. Соңғы жылдары генетик ғалымдар адам 
ДНҚ-сын бір жасушадан екінші жасушаға ауыстыру немесе бірнеше түрдің 
ДНҚ-сын бір-бірімен алмастыру арқылы революциялық өзгерістер жасауда. 
Ғалымдар көне замандарда өмір сүрген, бүгінде жер жүзінен жойылған 
алғашқы адам түрлері мен мамонттардың археологиялық қазбалардан табылған 
ДНҚ-сын пайдалану арқылы оларды қайта тірілту мүмкіндігін теориялық 
тұрғыдан дəлелдеп отыр. Сондай-ақ дəл осыған ұқсас жолдармен адам көзінің 
көру мүмкіндігін бірнеше есе ұлғайтатын, физикалық қуатын еселейтін, ақыл-
ойын тереңдететін, өмір сүру жасын қолдан ұзартатын сəт те жақын қалғаны 
айтылуда. Болашақта ғылымның мүмкіндігімен адамдар жаңа дүниеге келетін 
шарананың қандай қасиеті үстем, неге икемді болуына алдын ала ықпал ете 
алады. Тіпті, ғалымдар көлемді ақпаратты адам миына сырттай енгізу 
мүмкіндігін де зерделеп келеді. 
Гендік инженериядан қауіп бар ма? Гендік манипуляция бұрын-соңды 
болмаған жаңа тіршілік иелеріне «жаңа өмір» сыйлауы мүмкін. Демек, жақын 
келешекте түрлі биороботтар мен мутант тіршілік иелерінің ортамызды 
толтыру ықтималдығын жоққа шығаруға болмайды. 
Осыдан бірнеше жыл бұрын Қытай ғалымдары итті мутациялап, кəдімгі 
қызмет иттерінен екі есе үлкен, қабілеті барынша жетілген түрін ойлап 
тапқанын жариялады. Алпамсадай, иіс сезу, тиісті операцияларды орындау 
əлеуеті жетілген иттер жақын келешекте арнайы органдардың таптырмас 
серігіне айналуы мүмкін. Яғни, гендік инженерия бір жағынан кең таралған 
түрлі ауру-сырқауды жеңуге мүмкіндік сыйласа, екінші жағынан адамның адам 
болып қалуын тарихтың еншісіне қалдырып, жаңа тіршілік иелерін, 
биороботтарды туғызу арқылы жер жүзіне үлкен апат əкелуі мүмкін деген ой да 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет