«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет57/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
24-тапсырма 
Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Қазақ 
тілінің мәртебесін көтеруде латын әліпбиіне көшу қаншалықты тиімді?» 
деген тақырыпта
эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы 
қажет.[20]
 
 
А мәтіні: газет мақаласынан үзінді 
Латын әліпбиіне көшу – нағыз халықтық ұйғарым
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев 2017 жылғы 26 қазанда «Қазақ тілі 
əліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлыққа қол 
қойды. Бұл, шын мəнінде, халқымыздың ғасырлар бойғы арман-мұраты жүзеге 
асқан тарихи күн болды. 
Иə, шын мəнінде, ұзақ жыл бодандықтың бұғауында, саясаттың 
салқынында қалған Қазақ елі үшін кириллицадан құтылып, əлемдік өрениетке 
негізделген латын əліпбиіне көшу ежелгі арман болғаны даусыз. Жалпы, 
кириллицадан латын алфавитіне көшу – еліміз тəуелсіздік алған алғашқы 
жылдардан бері дүркін-дүркін көтеріліп келе жатқан мəселе.
Елбасы кезекті Жолдауында 2025 жылдан бастап латын əліпбиіне көшу 
туралы ойларын таратып айтты. «Біз 2025 жылдан бастап əліпбиімізді латын 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
55 
қарпіне, латын əліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге 
тиіс қағидатты мəселе. Бір кезде тарих бедерін дебіз мұндай қадамды 
жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға 
тиіспіз жəне бұл əлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі 
мен интернет тілін жетік меңгеруіне, ең бастысы, қазақ тілін жаңғыртуға 
жағдай туғызады» деген болатын.
Латын əліпбиінің қажеттілігіне біздің көзіміз айқын жетіп отыр. Әуелі 
тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды (я,ф,ю,ъ,ь) таңбалайтын əріптерді 
қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік 
туады. Қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, 
ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу 
орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. 
Сондай-ақ латын əліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дəрежеге шығуына 
жол ашады. (206 сөз).
ЕгеменҚазақстан N215(29196) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет