«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет54/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
 
Ә мәтіні:
«Айқын» газетінен алынған үзінді
Белгілі саясаттанушы Досым Сəтбаев «Мəңгілік Ел» идеясы туралы өз 
пікірімен бөлісті.
-
Тəуелсіздігімізді баянды етуде қарқынды қолға алынып отырған тамыры 
терең идея туралы не айтасыз?
Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мəңгілік 
Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің 
тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Қазақ халқының 
тарихында ғұндардан бастау алатын «Мəңгілік ел» идеясын тасқа қашалған 
Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса, көрге кезіккен Қорқыт ата 
мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге 
болады. Олардың əрекеттерінің негізінде де осы мəңгілік ел болуға ұмтылған, 
мəңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты. Асан қайғының іздеген 
жерұйығының мəні халқы тəуелсіздік құндылығын ұлықтайтын, ел-жұрты 
бейбіт өмір сүретін, адамгершілік пен бауырластықты ту етіп, татулықта 
ұйысып өмір сүретін құтты қонысты табуда болды. Бүгінде сол құтты қоныс – 
Қазақстан болып отыр. 
-
Ұлттық идеологияны жүзеге асыруда жастардың рөлі қандай болмақ? 
Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз 
аңсап өткен тəуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, 
бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай 
аңсап-қадірлегенін білеміз. 
Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы 
«тəуелсіздік», «мəңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге 
міндетті. Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі - жастарда. Бұл үшін азаматтар 
тəлім-тəрбие мен ғылымға баса мəн беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет. 
Елдің экономикалық, рухани жағдайының дамып, өркендеуі, ұлттың бəсекеге 
қабілеттілігін арттыру елдің білім деңгейімен де тығыз байланысты.
Қазіргі кездегі жаһандану үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың 
бойында ақпараттарды електен өткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға 
қарсы тұра білетін иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді. Қазақ елінің 
бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани 
құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де бүгінгі
жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму 
жағдайында оларды батыс мəдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани 
бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеу - аға ұрпақтың 
алдында тұрған басты міндеттердің бірі. (145 сөз) 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет