«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді



Pdf көрінісі
бет62/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

 
Ә мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
Бейбітшілік және Ассамблея 
Ассамблея құрылған күннен бастап елімізде мызғымас бірлік, сарқылмас 
береке бастау алып келе жатқаны белгілі. «Ассамблея – көпэтносты еліміздің 
басын біріктіретін, қоғамның пікірін тыңдайтын үлкен мінбер. Бүгінгі таңда құ-
рылым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып 
отыр.Тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап өңірлерде, қалаларда, ау-
дандарда, ауылдарда мыңдаған кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Осыдан 
жиырма жылға жуық уақыт бұрын, Ассамблеяны құра отырып, біз əлемдегі 


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
59 
барлық мəлім болған модельдерден де озық шыға білдік. Біз халықты ортақ 
патриоттық тұғырнамада топтастырудың бірден-бір сенімді тетігін таптық. 
Оның мəні əркімге де түсінікті жəне қарапайым адами сұраныстарды – 
жұмысты, отбасындағы əл-ауқатты, балалар үшін білім беруді, денсаулықты, 
тұрғын үйді, қауіпсіздік пен демалысты қамтамасыз етуге көмектеседі. 
Біздің қоғамда ешкімнің де этностық артықшылығы жоқ жəне бəрі де Заң 
алдында тең. Барлық қазақстандықтар – бір туған жердің балалары. Біз бəріміз 
– біртұтас Қазақстан халқының əртүрлі жəне бірдей балаларымыз. Біздің 
бəрімізді бір мəселе толғандырады – бүкіл Қазақстан халқының əл-ауқаты. 
Біздің бəріміздің мақсатымыз бір – біздің ортақ Отанымыздың өркендеуі. Бұл 
біздің ортақ табысымыз, ортақ мақтанышымыз. 
Бұл осы жылдар бойына елімізде жүргізіліп жатқан жұмыстардың 
нəтижесі деп білеміз. 
Тұрақтылық пен келісім – əрбір азаматтың күн сайынғы жұмысы! 
Ассамблея əр кезде де уақытпен бірге қадам жасауда. Оның қолдауы біздің 
Тəуелсіздігіміз тарихының барлық тағдыршешті сатыларында шешуші болып 
келді. Бірлік пен топтасудыңең басты құндылықтары екенін қайталаудан 
ешқашан жалықпаймыз. Соның арқасында біз экономиканы көтердік, халықтың 
əл-ауқатын нығайттық, елдің болашағын көрсеттік. Біз 2030 Стратегиясының 
мерзімінен бұрын орындалуына қол жеткіздік. 
Бүгінде біздің бірлігіміз – жаңа 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың 
шешуші факторы. Ең дамыған мемлекеттердің 30-на ену – біздің мақсатымыз 
жəне барлық қазақстандықтардың ортақ тағдыры. Стратегияда біздің ұлы 
көпэтносты халқымыздың даналығы көрініс тапқан. Ол біздің бітімнің, рухани 
келісімнің айрықша мəдениетінің жоғары қағидаттарынан арқаулық табады. 
(260 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет