«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы


«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет55/63
Дата04.05.2023
өлшемі1,26 Mb.
#176085
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63
Байланысты:
Эссе жазу әдістемесі

«Эссе жазу әдістемесі» 9-сыныпқа арналған таңдау курсының бағдарламасы
53 
23-тапсырма 

Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікіріңізді пайдаланып «Отандық 
туризмнің әлемдік деңгейде дамымауының себебі неде?» деген тақырыпта 
эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет.[20] 
 
А мәтіні. Мақаладан үзінді. 
Қазақстандағы туризмнің дамуы 
 
Қазақстан Республикасында туризмді əрі қарай дамыту үшін барлық 
қажетті, мəдени, тарихи географиялық жəне климаттық жағдайлар бар. 
Осыған байланысты республика Үкіметі өзінің ұзақ мерзімді дамуы жөніндегі 
бағдарламасында туризмді экономиканың маңызды салаларының бірі ретінде 
жариялады.
1993 жылы Қазақстан Дүниежүзі туристік ұйымның мүшелігіне енді. 
Дəл осы жылы Туризмді дамыту бағдарламасы дайындалып, ал 1997 жылы 
«1997-2003 жылдары кезеңінде Ұлы Жібек Жолының тарихи орталықтарының 
өркендеуі, түркі тілді мемлекеттердің мəдени мұраларын сақтау жəне туристік 
инфроқұрылым құру» мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Қазақстан 2030» 
стратегиялық даму бағдарламасында аталған саланың айырықша маңызы атап 
өтілген.
Маңғыстау облысында «Кендірлі», Ақмола облысында «Бурабай» жəне 
Алматы облысында «Қапшағай» су қоймаларында халқаралық туристік 
орталықтарын, курорттары мен демалыс аймақтарын құру жөніндегі үш ірі 
жобаны атап кетуге болады. Келешек өңірлік жобаларда Ақкөлдегі «Шаржұм» 
демалыс аймағын, «Қатон-Қарағай» емдеу-сауықтыру кешенін, «Шеберлер 
ауылы» этографиялық кешенін сондай-ақ Алматы облысындағы «Талхизды» 
жатқызуға болады.
Қазақстанда 9000-нан астам археологиялық жəне тарихи ескерткіштер, 
118 ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, оның ішінде 11 мемлекеттік ұлттық 
табиғи парктер орналасқан. Ең танымалдары Алматы облысындағы «Алтын 
Емел» жəне «Іле Алатау ұлттық паркі», Павлодар облысындағы «Баянауыл», 
сондай-ақ Ақмола облысындағы «Көкшетау» жəне «Бурабай» болып табылады. 
(173 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет