Эссе: Мен не себепті «Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры»
мамандығын таңдадым?!
«Мейірбикелік іс» мамандығын таңдаған тағдырыма ризамын. Мейірімі мен жан жылуы, төзімділігі мен ісіне беріктігі арқылы науқастың кеселінен айығуына үлкен ықпал тигізетін жандар –мейірбике. Медицина саласында ерліктердің көпшілігін мейірбикелер жасайды десек артық айтпаймыз. «Мейірбике білім мен шеберлігі бар, күтім процесіне жауа пты, мейірімділік көрсете білетін маман. Мейірбике-емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытқан, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. Қоғам мен емделушілердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін медбике жұмысын жалғыз және басқа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара береді.Мейірбикенің міндетіне емделушіні және оның өз тағдырын өзі шешу құқығын сыйлау кіреді. Осыған байланысты іс атқару барысында келесі принциптерге сүйенуге тиіс: қастық жасамау, жақсылық жасау, қызмет істей білу және мамандыққа да, емделушіге де адал болу. Сонымен бірге, мейірбикелік іс адамның ұлттық және таптық сипатын, жасын, жынысын, саяси немесе діни сенімдерін шектемейді». Бұл медбике мамандығына берілген құрғақ қана анықтама. Қарапайым ғана жұмыс болып көрінгенімен, медбикелер атақаратын жұмысы асқан жауапкершілікті қажет етеді.
Сол себепті мен бұл мамандықты таңдап отырмын.
Достарыңызбен бөлісу: |