Естаева Кульшат СҚо шал ақын ауданы, Қазақ орта мектебі



Дата25.08.2017
өлшемі49,18 Kb.
#27425
Өздік жұмыс

Естаева Кульшат

СҚО Шал ақын ауданы, Қазақ орта мектебі.
Өздік жұмыстарын жасау оқушылардың алған білімдерін жетілдіріп, оны қолдана білуге, өткен материалды меңгеруіне көмектеседі. Әр сабақты түрлендіріп, жаңа педагогикалық әдіс- тәсілдерді пайдалану ұстаздардан ізденуді талап етеді. Ұстаздар бір- бірімен тәжірибе алмасып, үлгі алса немесе жас мамандарға өз тәжірибесін үлгі етсе бір мәртебе. Сол себептен 6- сыныптың «Жабықтұқымды өсімдіктер» тарауынан құрастырған жұмыс түрлерінің үлгісін жіберіп отырмын.
1.Берілген өсімдік түрлері қай тұқымдасқа жататыны анықта:

Меңдуана, дәрмене, қызанақ, қияр, мақсыр, итмұрын, түймедақ, алма, бұрыш, картоп, қауын, қырмызыгүл, шырайгүл, қыша, құлпынай, баклажан , өрік, беже , раушан, өгейшөп, итошаған

І. Раушангүлділер ІІ. Күрделігүлділер ІІІ. Алқа тұқымдастар ІҮ. Асқабақ тұқымдастар.
2. Сынақ сұрақтар бойынша берілген өсімдіктер тұқымдасының өкілдерінің ерекшелігін тап.

І. Өкілдері 1. Итмұрын 2.Түймедақ 3.Інжугүл

ІІ. Өсімдіктер тобы 1.шөптесін 2. бұта 3.ағаш

ІІІ. Тамыры 1.тамырсабақ 2.кіндік 3.шашақ

ІҮ.Сабағы 1.тік сабақ 2.қысқарған 3. жатаған

Ү. Жапырағы 1.тор жүйкелі 2.доғал жүйкелі 3. параллель

ҮІ. Кездесетін жері 1.орманда 2.ашық далада 3. батпақты жерде

ҮІІ.Дәрі үшін пайдаланатын мүшелері 1.жапырағы, гүлі 2.сабағы 3.тамыры

ҮІІІ. Гүлінің формуласы 1.Гс(3+3) А(3+3)Ж(3)

2.Т(5)К5А(көп)Ж 3.Т0К(5)А(5)ж(2)

ІХ.Гүлшоғыры 1.себктгүл 2.сыпыртқы 3.шашақгүл 4. шатыршагүл

Х.Жемісі 1.жидек 2. құрғақ 3. тұқымша


3.Өсімдік топтарын салыстыр

Өсімдік топтары

Ерекшелігі

Құрылысы

Көбеюі

Ашық тұқымдылар

Жабық тұқымдылар







4. Сәйкестікті тап:

1. Жемісі қабақ

2. Жемісі бұршаққын

3. Жемісі қауашақ

4. Жемісі жидек

А. құлқайыргүлділер

Ә. асқабақ тұқымдастар

б. алқа тұқымдастар

В. күрделігүлтұқымдас

Г. шаршыгүл тұқымдастар


5.Екінші бағандағы белігілер, қай тұқымдасқа жататынын стрелкалар арқылы белгіле

Тұқымдастар

Белгілері

Астық тұқымдастар
Асқабақ тұқымдастар
Раушангүл тұқымдастар
Алабота тұқымдастар
Бұршақ тұқымдастар
Алқа тұқымдастар
Орамжапырақ тұқымдастар
Құлқайыргүл тұқымдастар
Күрделігүл тұқымдастар
Құртқашаш тұқымдастар
Пияз тұқымдастар
Інжугүл тұқымдастар
Көкнәр тұқымдастар
Лалагүл тұқымдастар

1.Тұқымдары ұсақ қара болып келеді, жапырақтары кезектесіп орналасады, гүлі қос жынысты

2.Басым көпшілігі арамшөп, сабағы мен бұтағы бунақты, гүлдері ұсақ, көзге бірден байқалмайды

3.Шөптекті, бір жылдық өсімдік, жатаған сабақты, сабағында мұртшалары бар

4.Гүлдері қос жынысты, қосарланған гүлсерігі болады, аталығы өте көп, көбінесе түтікшеге айналып, аналығын қоршайды. Жемісі құрғақ- қауашақ немесе бір тұқымды жаңғақшалар

5.Гүлсеріктері көп қабатты, 5 тостағанша және 5 күлтеден, аталығы өте көп, жемістері құстар, жарқанаттар және су арқылы таралады

6.Тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді. Түйнек бактерияларының әрекетінен тамыр жасушалары бөлініп, жасушалар саны артып, тамырда түтікшелер пайда болады. Гүлінің формуласы Т(5)К(5)А5Ж(2) тағамға, дәрі ретінде, сәндік, улы түрлері бар.

8.Дара жарнақтылар класына жатады.Гүлдері ірі, қос жынысты, дұрыс кейде бұрыс, жапырақтары қылыш тәрізді немесе таспа жапырақты. Жемісі- үш ұялы қауашақ.

9.Тамыры- тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық, гүл формуласы Гс3+3А3+3Ж(3)

10.Пиязшығы мен жапырақтарында сүтті шырын болады, гүлдері- ұсақ, жай шатырша гүлге жиналады. Гүлдері жапырақсыз гүлсидамның ұшында дамиды. Жемісі қауашақ.

11.Тамыр жүйесі шашақ тамырлы, жапырағы қатар жүйкелі, сабағына кезектесіп орналасады, жапырақ алақаны мен қынап аралығында тілшесі бар, сабағы сабансабақ.

12.Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған, тостаған жапырақшасы 4, күлтесі 4, аталығы6, оның 4 ұзын, екеуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлдерінің түсі ақ, сары, қызғылт,ақшыл көк, жемісі бұршаққын немесе бұршақша.



6. Жабықтұқымды және жалаңаштұқымды өсімдіктер бөлімдеріне тән белгілерді анықта /+/ белгісін қой.

өсімдік белгілері

Жабықтұқым

дылар


Жалаңаштұқымдылар

1.Өсімдіктердің көпшілігі шөптесін

2.Көпшілігі ағаш немесе бұта түрінде

3. Тұқымдар арқылы көбейеді

4.Спора арқылы көбейеді

5. Бунақденелілер арқылы көбейеді









7.Берілген екі тұқымдастың сипаттамасын жаз.

Сипаттамасы

Шаршы

гүлділер


Бұршақ тұқымдас

1. Тамыр түкшелері арқылы бос азотты сіңіреді

2.Гүлінің формуласы

Т(2+2)К4А2+4Ж(2)

3.Жемісі бұршаққын

4. Бөбешік жапырақшалары болмайды

5.Жапырақтарында бөбешік жапырақ болады

6.Жемісі бұршаққап

7.Гүлінің формуласы

Т(5)К3+(2)А(9)+1Ж1

8.Гүлшоғыры шашақ









8. Сәйкестікті тап:

1. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы

2. Лалагүл тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы

3. Інжугүл тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы

4. Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдікткер гүлінің формуласы

А.Гс3+3А3+3Ж(3)

Ә. Гс(3+3)А(3+3)Ж(3)

Б. Т0К(5)А(5)Ж(5)



В. Т2+2К4А2+4Ж(2)

Г. Гж2А3Ж(3)

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет