Естен тану және коллапс кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек Естен тану (синкоп)


Естен тануларда көрсетілетін жедел жәрдем



бет3/3
Дата02.03.2023
өлшемі1,77 Mb.
#170734
1   2   3
Байланысты:
95743, phpMZQMRZ trigonometricheskie-funkcii-v-medicine-i-biologii, ТПГС 19-8 список
Естен тануларда көрсетілетін жедел жәрдем
  • Естен тану немесе естен танғаннан кейінгі уақыт ұзаққа созылып жатса: аурудың аяқ жағын көтеріңкі, бас жағын төменірек етіп жатқызамыз. Сонан соң киімінің түймесін ағытып, таза ауа енгізу керек. Беті мен кеудесіне суық су шашу және жағына шапалақпен ұру сияқты әдістер қолданылады.
  • Науқасқа нашатыр спирті, сірке қышқылы, эфир сияқты заттарды иіскету керек. Аяқтарына жылы басуға болады.
  • Егер науқас есіне келмесе тері астына немесе бұлшықетке 1-2 мл кордиамин немесе 10% 1-2 мл кофеин ерітінділері енгізіледі.
  • Қан қысымы төмен болса, 5 % эфидрин немесе 1% 1 мл мезатон ерітіндісі б/е енгізіледі.
  • Науқастың пульсі мен АҚҚ қалпына келіп, есін жиған соң, тыныштық күйді сақтауды талап етіп, бақылауға алу керек.

Коллапс -өткір тамыр жетіспеушілігінің ауыр түрі.
Коллапс көп мөлшерде қан жоғалту немесе тамыр жүйесінде қанның бөлінуінің бұзылуының нәтижесі болып саналады (қанның басым бөлігі перифериялық тамырларда және ішкі мүшелерде жиналады), соның себебінен қан қысымы күрт төмендейді.
Клиникасы:
· жағдайының аяқ астынан төмендеуі, есін жоғалту;
· тері қабатының бозаруы;
· суық жабысқақ тер;
· пульс жіп тәріздес жиі;
· қан қысымы төмен.
Шұғыл көмек:
1. Науқасты қатты тегіс жерге бас жағын төмен орналастырып немесе аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу.
2.Қысып тұрған киімдерін шешу.
3.Таза ауаның болуын қамтамасыз ету.
4.Келесі препараттарды енгізу:
· мезатон- көк тамырға тамшылатып 0,1мл/жасына 5% глюкоза ерітіндісінде, немесе,
· норадреналин - - 0,2% ерітінді көк тамырға тамшылатып; 12 айға дейін – 0,05 мл (бір реттік дозасы); 1-6 жас – 0,1-0,2 мл; 6 жастан жоғары – 0,3-0,4 мл немесе,
· адреналин - 0,1% ерітінді тері астына, бұлшық етке немесе көк тамырға, бір реттік дозасы 6 айға дейін 0,1мл; 1 жасқа дейін 0,15 мл; 1-6 жас – 0,2-0,5; 6 жастан жоғары – 0,5-0,7 мл .
5.Қан қысымын бақылап отырып көк тамырға тамшылатып қан алмастыратындар енгізу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет