«ет 1201- экономикалық теория» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Бекітуге арналған сұрақтар



бет20/42
Дата03.10.2022
өлшемі1,34 Mb.
#151484
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42
Байланысты:
oak ekteoriya (1)

Бекітуге арналған сұрақтар

1.Кәсіпкерлік және кәсіпкер ұғымына түсінік


2.Өндірістік кәсіпкерлік
3.Қаржылық кәсіпкерлік
4.Қызылорда облысында кәсіпкерлік қызметтің дамуы
5. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қолдау
6. Бизнестің жол картасы-2020 ж
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:



  1. Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б

2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.
Модуль № 2: «Экономиканың негізгі мәселелері»



  1. Дәріс Қоғамның экономикалық жүйесі және оның типтері

1.Экономикалық жүйенің негізгі мәселелері


2. Экономикалық жүйе түрлері


Дәріс мақсаты: экономиканың негізгі мәселелерін жалпы түрде қарастыру арқылы, оның әр түрлі жүйелерде қалай ұйымдастырылатыңдығын, негізгі принциперін жан-жақты қарастыру болып табылады.


Негізгі сөздер: экономикалық жүйе, дәстүрлі жүйе, әкімшілік-әміршілік экономика, Нарықтық экономика, Экономикалық жүйе, Экономикалық реформа, Экономикалық үлгілер


1. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы, ол қалыптасқан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде қоғамда жүзеге асады. Экономиканы ұйымдастыру бойынша экономикалық жүйені келесідей топтау болады
П.Самуэльсон экономикалық жүйелердің міндеттерін былай деп тұжырымдаған: «Кез келген қоғам, ол толық ұжымдастырылған (коллективтендірілген) коммунистік мемлекет пе, оңтүстік теңіздердегі аралдарды мекендегендердің тайпасы ма, капиталистік индустрияландырылған нация ма, робинзондардың үй-іші ме, немесе тек қана Робинзон Крузодан ғана тұрады ма, - тіпті ол жай ғана аралардың үйірі ме, - бәрібір, әйтеуір ол белгілі бір жолмен үш өзара байланысқан негізгі экономикалық мәселелерді шешуі тиісті:
1. Не нәрсе өндірілуі тиісті, яғни бірін-бірі ығыстыратын тауарлар мен қызметтердің қайсылары және қандай көлемде өндірілуі тиісті?
2. Тауарлар қалай өндіріледі, яғни оларды кім және қандай ресурстар мен технологиялар арқылы өндіруі тиісті?
3. Тауарлар кім үшін өндірілуі тиісті, яғни өндірілген тауарлар мен қызметтер кімнің қолында болуы тиісті және олардан кім пайдалылық алуы тиісті? Немесе, басқаша айтқанда, әртүрлі индивидтер мен отбасылар арасында жалпы ұлттық өнім қалай үлестірілуі тиісті?»1
Демек, П.Самуэльсонның айтқандарын қысқаша тұжырымдасақ, кез-келген экономикалық жүйенің міндеттері үш өзара байланысқан негізгі мәселені шешуі тиісті екен: Нені, Қалай, Кім үшін өндіру керек?
2. Жалпы алғанда, экономикалық жүйелерді сыныптау барысында екі классикалық бағыт қалыптасты: формациялық және өркениетті.
Формациялық көзқарас тарихи материализм ілімін қолдаушыларға тән. Бұл ілімді марксисттер де белсенді қолдап, дамытқан еді. Олардың үйретулері бойынша, қоғамдық- экономикалық формация дегеніміз өзіне тән өндіріс тәсілімен, одан туындаған әлеуметтік және саяси қатынастармен, құқықтық нормалар мен мекемелермен сипатталатын адамзат қоғамының тарихи дамуының белгілі бір сатысы. Демек, қоғамдық- экономикалық формация қоғамдағы барлық базисті (экономикалық) және қондырма қатынастарының жиынтығымен сипатталады. Сонымен қатар ол күрделі құрылымымен сипатталады, элементтері иерархиялық байланыста болады.
Технократтық бағыттың өкілдері экономикалық жүйелерді формациялық көзқарас иелерінен өзгеше сыныптайды. Олардың басшылыққа алған критерийлері де (белгілері) әртүрлі. Сондықтан технократтық бағытты ұстанғандардың өздері де экономикалық жүйелерді әртүрлі сыныптайды. Біреулері сыныптау белгісі ретінде тек техника мен технологияның даму белгісін алса, екіншілері сонымен қоса шаруашылық механизмдері белгісін де алады, ал үшіншілері цивилизациялық даму белгісін алады. Қазіргі таңда экономист-зерттеушілердің басым көпшілігі цивилизациялық көзқарасты ұстанады. Әкімшілік-бұйрықтық жүйе (бюрократтандырылған тоталитарлық) социалистік қоғамның экономикалық жүйесі болды. Тек Югославияда ғана «аралас экономика» орнатылды, яғни социалистік және капиталистік экономикалық жүйелердің элементтері қатар дамытылды.
Жоспары-реттелмелі шаруашылықтың орнау мүмкіндігі социалистік шаруашылық тәжірибесі сәтсіздікке ұшырағаннан соң үлкен күдік тудыратыны белгілі.
Аралас экономика. дамыған рыноктық экономикасы бар елдердің барлығында, сонымен қатар Қазақстан Республикасында да аралас экономика орнатылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет