Бекітуге арналған сұрақтар
1. Жабық экономика
2.Ашық экономикалық жүйе
3. Дәстүрлі экономиканық жүйенің сипаттамасы
4. Әкімшілік - әміршілік экономиканың жүйенің сипаттамасы
5. Таза нарықтық экономикалық жүйенің сипаттамасы
6. Аралас экономикалық жүйенің сипаттамасы
Қолданылатын негізгі әдебиеттер:
Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б
2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.
ДәрісМеншік қатынастары және оның экономикадағы рөлі
1.Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны
2. Меншік түрлері.ҚР-дағы меншік қатынастарының өзгеруі
3. Жекешелендіру: кезеңдері мен нәтижелері
Дәріс мақсаты: Меншік институты ұғымын жан-жақты қарастыру, әсіресе жеке меншікті талдауға басты назар салу арқылы, оның нарықтық жүйедегі рөлін көрсету. Экономикалық жүйені және оның түрлерін қарастыру арқылы экономикалық дамудың қазіргі үлгілерін түсіндіру, әсіресе Қазақстандағы қалыптасқан нарықтық жүйенің ерекшеліктерін көрсету.
Негізгі сөздер: меншiк, меншік объектілері, меншік субъектілері, меншікті мемлекет иелігінен алу,жекешелендіру, иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы,басқару құқығы, қауіпсіздік құқығы.
1. Меншiк табиғат пен жануарлар арасында жоқ түсiнiк. Ол 5000 жыл бұрын бiрiншi мемлекеттiң құрылуымен пайда болған. Бүгiнгi күнi ол адамдар арақатынастарындағы басты ұғым.
Меншiктi зерттеудi ғалымдар ежелден бастаған және әлi де зерттеп келедi. Мысалы, ХIХ ғасырда Л.Н. Толстой "Меншiк дегенiмiз жамандықтың тамыры",- десе, Прудон "Меншiк дегенiмiз ұрлық",- деп жазған.
Меншiкке не себептi көп мән берiледi? Бiздiң ойымызша, оның басты себебi меншiк - барлық экономикалық жүйелердiң негiзгi элементi. Ол игiлiктердi иелену барысындағы адамдардың беталысы мен қарым-қатынасын анықтайды, қоғамның дамуының қозғаушы күшi болып табылады. Меншiк қатынастары адамдардың бет-алысының себептерiн түсiндiредi.
Меншiк - әлеуметтiк, тарихи құбылыс. Ол қоғамның даму кезеңдерiнде пайда болған.
Ең алдымен, меншiк қатынастарын қарастырмас бұрын "меншiк дегенiмiз не?"- деген сұраққа жауап iздеп көрейiк. Бұл сұрақты алғаш қойған Аристотель деп есептеледi, бiрақ осы мәселенi басқа ғалымдар да көтерген.
Сұраққа жауап беру үшiн "ресурстар кiмге тиесiлi?"- деген қосымша сұрақ қоялық. Жауап: ресурстар ешкiмге де тиесiлi емес болуы мүмкiн және тиесiлi болуы мүмкiн .
Ортақ байлық - ауа, жел, сәулелер, күннiң жылуы мен жарығы, мұхиттар, бұлттар, космос, Антарктида. әр бiр адам оны иеленбей, шексiз пайдалана алады.
Ал иелену, яғни ресурсты иелену - "Игiлiк кiмге тиесiлi?"- деген сұрақты тудырады. Бұл жағдайда игiлiктi тұтыну, иелену ұғымымен байланысты болып келедi.
Игiлiктердi иелену
Қазiргi таңда, игiлiктi иелену меншiк құқығымен шектеледi. Бiрақ экономистер меншiк ұғымын толық түсiну үшiн оның экономикалық және құқықтық мазмұнын ашу керек деп санайды.
Экономикалық мазмұны жағынан меншiктiң субъектiсi мен белгiлi бiр мүлiктi бөлiп көрсетуге болады.
Құқықтық мазмұны жағынан меншiк құқығына анықтама беруге болады.
-
Меншiк құқығы дегенiмiз - субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
|
Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады
Меншiк иесiнiң құқықтары
Меншiк иесi осы құқықтарын өз қалауы бойынша қолдана алады.
Сонымен, меншiктiң экономикалық мазмұнын ашуда оның құқықтық жағы шешушi рөл атқарады екен, өйткенi ол меншiктiң субъектiсi мен объектiсiн анықтауға мүмкiндiк бередi.
Сонымен қатар, меншiктiң экономикалық мазмұны толық ашылуы үшiн ол өз иесiне табыс әкелуi қажет.
Меншiктiң экономикалық қатынастар жүйесiнде орын алуына байланысты ол шаруашылық үдерiстi толығымен қамтиды. Дәлiрек айтқанда, меншiк қатынастары адамдарда экономикалық (материалдық, мүлiктiк) қызығушылықтарды қалыптастырады. Оның iшiндегi ең бастысы қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында иелiгiндегi меншiгiн көбейту болып табылады.
2. Меншiк қатынастары көп түрлi болып келедi, ол экономикалық қызмет түрлерiне (өндiрiстiк, сауда, жер, несие, қаржы, акционерлiк, мемлекеттiк, трансұлттық меншiк) тәуелдi және шаруашылық тетiк (рынок, бәсеке) арқылы жүзеге асырылады.
Өндiрiстiң қоғамдық шығу тарихы мен мазмұны адамдардың ара-қатынасының нәтижесi. Ал меншiк өндiрiс қатынастарын түсiндiредi.Меншiк түрлерi:
Меншiк
Азаматтар меншігi
Ортақ меншік
Қоғамдық меншiк
жеке меншік
жеке дара меншік
отбасы меншігi
коорпора-тивтік
жергiлiктi
меншiк
өңiр меншiгi
Жеке адам меншігі
мемлекеттiк меншiк
Қоғамдық ұйымдар меншiгi
3. Рыноктiк экономиканың даму тарихында басты рөл атқарған жеке меншiк болып табылады. 1991 жылы Қазақстан өз тәуелсiздiгiн алып, рыноктiк экономиканы құруға бет бұрды. Бұл үдерiстiң басты шарты елде жеке меншiк қатынастарын құру едi.
Алғашқы қабылданған заңдардың бiрi "ҚазКСР-ның меншiк туралы" Заңы болды, онда мемлекеттiк және жеке меншiк тең құқылы деп танылды. Осы құжат негiзiнде 1992 жылы елiмiзде мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру үдерiс өз бастауын алды. Бұл үдерiс үш кезеңнен тұрып, 1992-1998 жылдар аралығын қамтыды.
Жекешелендiру үдерiсiнде тиiмдi меншiк иелерi анықталып, олар экономиканың дағдарыстан шығып, әрi қарай дамуының негiзi, қозғаушы күшi болуы керек едi. Алайда, бұл үдерiс өз нәтижесiн бiрден берген жоқ. Бiрiншi кезеңде (1992-1993 жж.) ұжымдарға үлестiрiлген меншiк тиiмдi меншiк иесiн айқындай алмады. Екiншi кезеңде (1993-1995 жж.) әлеуметтiк тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында үкiмет бүкiл халықтың мемлекеттiк меншiктегi үлестерiн көрсетiп, оны инвестициялық-жекешелендiру купоны арқылы белгiлеген едi. Бiрақ бұл үдерiсте өзiнiң оң нәтижесiн бере алмады. Сондықтан жекешелендiрудiң үшiншi кезеңiнде (1996-1998 жж) барлық қалған меншiк ақылы негiзде сатуға шығарылды. Осы кезеңде елде iзденiмпаз, ынталы кәсiпкерлер тобы қалыптасып, мемлекеттiк меншiктi өз қаржыларына сатып ала бастады.
Қазiргi таңда, жекешелендiру үдерiсi әлi де жалғасып келедi, яғни меншiктi қайта үлестiрiлу, айырбастау, сату-сатып алу арқылы өз меншiк иелерiн ауыстыру үдерiсi жалғасуда. Бұл - рыноктiк заңдарға сәйкес жүргiзiлетiн үздiксiз үдерiс.
Достарыңызбен бөлісу: |