«ет 1201- экономикалық теория» Пәнінің оқу әдістемелік кешені


Бекітуге арналған сұрақтар



бет22/42
Дата03.10.2022
өлшемі1,34 Mb.
#151484
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42
Байланысты:
oak ekteoriya (1)

Бекітуге арналған сұрақтар
1.Меншіктің экономикалық құқықтық мазмұны
2. Нарықтық экономикадағы меншік түрлері
3.Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру мақсаты
4.Жекешелендіру кезеңдері
5. Жекешелендіру тәсілдері
6. Жекешелендіру нәтижелері
7. ҚР-ның меншік туралы заңы


Қолданылатын негізгі әдебиеттер:

  1. Менкью.Г., Тейлор, М. «Экономикс». 4 - Халықаралық басылымы.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл.- 848 б

2 Куратко, Д.Ф. Кәсіпкерлік: теория, процесс, практика - 10-шы басылым.- Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 480 б.
3 Шваб К. Төртінші индустриялық революция.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018.- 200 б.
4 Гриффин Р. Менеджмент. 12-басылым. Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018.- 768 б.
5 Хилл, Ч.Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке. - 12-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 720 б.
6 Бове, К. Қазіргі бизнес-коммуникация .- 14-ші басылым.- Астана: "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры, 2019.- 736 б.



  1. Дәріс Нарықтық экономиканың мәні және қызмет атқару механизмі

1.Нарық мәні, қызметтері. Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері


2.Нарық түрлері және оны жіктеу. Нарық инфрақұрылымы.


Дәріс мақсаты: Нарықтың жетілген бәсеке және жетілмеген бәсеке жағдайындағы қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру арқылы, олардың негізгі тетіктерінің қалай қызмет атқаратының көрсету, айырмашылықтарына талдау жасау.
Негізгі сөздер: Нарық, нарық инфрақұрылымы, нарық құрылымы, сұраныс, сұраныстың бағалық икемділігі, сұраныстың заңы, сұраныстың қисығы, сұраныстың табыстық икемділігі, ұсыныс, ұсыныстың заңы, ұсыныстың икемділігі, ұсыныстың қисығы, монополия, олигополия, таза монополия, табиғи монополия.

1. Нарық, айырбас айналыс-бұл категориябар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.


Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.
сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

  • экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

  • рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.
Нарықтың субъектілеріне жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық объектілеріне жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен көрсетілетін қызметтер.
Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:

  • өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

  • кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

  • экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

  • экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

  • өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Артықшылығы: өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу; шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану; шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі; әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.
Кемшіліктері: нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді; қоғамда теңсіздікті туғызады; тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды; нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.
Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

  • маржиналық (шекті) талдау

  • балама таңдау шығындарына

  • экономикалық рационалдыққа

2. Нарық - бұл өте күрделi жүйе, оның құрылымы да әртүрлi болып келедi. Нарықтың құрылымы әртүрлi белгiлерi бойынша жiктеледi:

Қазiргi кезде рынок қатынастардың ұтымды және жан-жақты дамуы үшiн инфрақұрылым болуы қажет.


Нарық инфрақұрылымы дегенiмiз – рыноктiң дұрыс жұмыс iстеуiне қажеттi әртүрлi мекемелер мен ұжымдардың жиынтығы.

Нарық инфрақұрылымы




тауар рыногiнiң инфрақұрылымы

тауар биржалары, бөлшек және көтерме сауда кәсiпорындары





қаржы
рыногiнiң


инфрақұрылымы

қор, валюта биржа
лары, банктер,
сақтандыру қорлары мен
компаниялары,






еңбек
рыногiнiң
инфрақұрылымы

еңбек биржасы, жұмыспен қамтамасыз ету қызметi мен кадрларды қайта дайындау,жұмысшы күшiнiң миграциясын реттеу


Сонымен рыноктiң табысты қызмет етуi жарнамасыз, ақпаратсыз, кеңес беру қызметiнсiз және аудиторлық мекемелерiнің жұмысынсыз мүмкiн емес.




латын тiлiнен "reclamo" – “айқайлаймын“
тауарлар мен қызметтер туралы ақпараттар-
ды тарату


латын тiлiнен "information" – “түсiндiру“
бұл рыноктың жағдайын талдау мен болжау
үшiн қолданылатын мағлұматтар

ағылшын тiлiнен "consultino" – “кеңес“


өнiм өндiру, өткiзу және т.б. әрекеттердi iске
асыруына кеңес беру


ағылшын тiлiнен "auditor" – “ревизор“
кәсiпорындардың, фирманың қаржы-шаруа-
шылық қызметiн iске асыратын ұйым


3. Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.
Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің пайданы барынша ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар ретінде көрінетін экономикалық жарысы.
Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.
Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.
Монополия – ерекше тауардың бір ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты монополияны бөлуге болады:

  1. Табиғи монополия – сирек кездесетін және өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда болады (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

  2. Жасанды монополия - фирмалардың бірігу және келісу нәтижесінде пайда болады.

  3. Кездейсоқ монополия - өз шеңберіндегі тұтынушылардың сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.
Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті тауарлардың санасын құрайды.
Сұраныс – тұтынушылардың төлем қабілеті бар қажеттілігі, яғни сатып алушылардың сатып алу мүмкіндігі бар игіліктер мен олардың саны арасындағы қатынасы.
Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға төмендегенде тұтынушы оны көп мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.
Ұсыныс – белгілі уақыт аралығында тауар өндірушінің рынокқа шығарып отырған тауарлар мен қызметтер жиынтығы.
Ұсыныс заңы – тауарлардың бағасы жоғары болса, тауар өндірушілер көп мөлшерде өндіруге талпынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет