Этика мен эстетиканың пәні



бет6/7
Дата09.04.2022
өлшемі35,21 Kb.
#138566
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Өнер философиясы (Этика эстетика)

Өнердің ерекшеліктері.
Өнер – шындықты рухани игерудің маңызды түрі. Онда жеке тұлғалық, даралық үлкен орын алады. Дүниені көркемдік тұрғыдан тану ғылым мен философиядан бұрын қалыптасқан. Бірақ осы уақытқа дейін өнердің тылсым, жұмбақ мәні түгел анықталып болған жоқ. Ең алдымен, өнер сөзінің мағынасын айтсақ. Мамандар бұл сөздің үш түрлі мағынасын көрсетеді. Кең көлемде өнер дегеніміз – табиғи қасиеттерден өзгеше құбылысты дүниеге келтіретін адам іс-әрекетінде көрінетін шеберлік. Бұл ракурста ол көне грек тілінен шеберлік, өнер деп аударылып жүрген «Технэ» сөзіне жақын.
Екіншіден, өнер дегеніміз - әлемді сұлулық тұрғысынан игеру, яғни дүниені көркемдік тұрғыда меңгеру. Бұған пайдалы, қажетті заттарды, машиналарды жасау, қоғамдық және жеке өмірді ұйымдастыру, күнделікті өмірде және адамаралық қатынаста өзін-өзі басқару жатады.
Үшіншіден, адам іс-әрекетінің ерекше түрі болып табылатын көркем өнер шығармашылығы да өнер деп анықталады.
Біз назар аударған үш анықтаманы бір арнаға тоғыстырып, сонымен «Өнер дегеніміз не?» деген сауалды өзімізге қойып, оған жауап беруге талпынсақ онда мынадай қорытынды шығады. Өнер дегеніміз – объективті шындықты оның қайталанбас өзіндік болмысы, даралық сипаты тұрғысынан көркемдік жолымен игеру, сезіну.
Өнердің қалыптасуында және дамуында еңбек ету процесі маңызды рол атқарды. Тарихи жағынан, өнер оның нақты бір түрі ретінде дамиды, олар еңбек іс-әрекетімен тығыз байланыста болды.
Өмірдің өзі сияқты өнер де көпжақты және көпмағыналы, әртүрлі тәсілдердің көмегімен іске асады. Сәулет өнері, мүсіндеу өнері, сөз өнері, ырғақ өнері. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, тәсілдері бар. Мысалы, шешендік өнері – қазақ халқына тән көркемдік шеберліктің тамаша түрі. Ол – көрген-білгенді көкейге тоқып, көп үйренуді тілейтін, тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Нағыз шешен үшін сөз шебері болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топта тайсалмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын салқынқанды болу қажет.
Өнертану дегеніміз - өнердің әлеуметтік-эстетикалық мәнін, шығуы мен даму заңдылықтарын, түрлік бөліну ееркшеліктерін, көркем шығармашылықтың табиғатын және оның қоғамдағы ролін зерттейтін ғылымдардың жиынтығы.
Біріншіден, өнертану- өнердің жеке түрлері туралы ғылыми білімдердің жүйесі: әдебиеттану, әуезтану, сәулеттану, кинотану т.б. Бұл ғылымдардың әрқайсысы салыстырмалы дербестігімен оқшауланады, бірақ көркем шығармашылық туралы біртұтас сана ретіндегі өнертанудың жаңа құрылымына кіреді.
Екіншіден, өнертану жалпы түрде үш пәннен тұрады: өнер тарихы, өнер теориясы, көркем сын. Өнер туралы жеке ғалымдар да осыған ұқсас бөлімдерден тұрады:
Театртану – театр тарихы, театр теориясы, театрлық сын.
Әуезтану - әуез тарихы, әуез теориясы, әуез сыны.
Үшіншіден, өнертану жалпы өнер табиғатын зерттеу мақсатында басқа ғылымдармен белгілі қатынаста болады. Бұл тұрғыда оның өнер социологиясымен, көркем шығармашылық психологиясымен, мәдениеттанумен байланысы аса маңызды.
Өнер туралы ондағы мағынаның мәні материалдық қасиетті игеруінің ерекшелігімен анықталады.
Сәулет – адамдардың эстетикалық қажеттіліктері мен рухани, материалдық сұраныстарын қанағаттандыратын әртүрлі құрылыстар жасау өнері.
Бейнелеу өнері ұқсастық принципін негізге ала отырып, қоршаған орта мен әлеуметтік өмірді суреттейді. Бұған живопись, графика, мүсін және көркем сурет түсіру жатады.
Живопись немесе кескіндеме – белгілі бір жазықтықта бояулар мен түрлі-түсті материал негізінде жасалатын шығармалар. Суретшілер сан түрлі бояуларды еріктеріне бағындырып, өз ойлары мен сезімдерін кенеп бетінде мың құбылта алады.
Кескіндеменің негізгі жанрлары: пейзаж – табиғатты, ауылды, қаланы, өндірісті бейнелеу; натюрморт – табиғи заттарды, яғни гүлді, аңды, жемістерді, тұрмыстық заттарды бейнелеу; сюжетті – тапқырлық бейнелеу тарихи, батальді, анималистік, тұрмыстық жанрға бөлінеді.
Графика (нақыштап ою) – бұл ең алдымен, сурет, ақ пен қара түстің сызықтық алмасып отыруына негізделген бейнелеу өнері.
Мүсін шындықты көлемді кеңістіктік формада бейнелейді. Негізгі материалдар тас, мыс, мрамор, ағаш. Өзінің мағыналық қабатына байланысты, монументальді (ескерткіш, монумент); станоктық (портрет, жанрлық көірністер статуя); кіші мүсіндік формалар (ойыншықтар, медальдар, тасты қашау) болып бөлінеді.
Декоративті – қолданбалы өнер – адамның тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу барысындағы әдемілік пен ыңғайлылықты жасауға бағытталған өнер түрі. Бұған әшекейлеудің әртүрлері орнамент, ою жатады. Осы өнердің нәтижесінде панно, мозайка, фреска, витраж, гобелен, кілем пайда болған.
Көркем әдебиет – сөздің мол мүмкіндігі нәтижесінде пайда болған өнердің түрі.
Музыка немесе әуез – үндер мен ырғақтардың әртүрлі байланысынан туындайтын өнер. Симфониялық, опералық, камерлік музыка бар.
Театр – шындықты бейнелеу әртүрлі актерлардің ойыны көмегімен сахнада көрсетілетін өнер.
Балет – адам денесінің әртүрлі қозғалысы арқылы белгілі мағынаны бейнелеу өнері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет