Этика мен эстетиканың пәні


Қайғыру мен күлкі, яғни трагедия мен комедия. Эстетикалық сана, оның құрылымы



бет5/7
Дата09.04.2022
өлшемі35,21 Kb.
#138566
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Өнер философиясы (Этика эстетика)

Қайғыру мен күлкі, яғни трагедия мен комедия. Эстетикалық сана, оның құрылымы.
Асқақтау мен ойпаңдықтың әрекеттесуі, өзара бетпе-бет ұшырасуын трагедия мен комедия одан әрі тереңдетеді.
Трагедия – еркіндік пен қажеттіліктің қақтығысында туындап отыратын адамдардың қайғы-қасіретін, торығу, өмірден үміт үзген шақтарын, қоғамдағы күрделі қайшылықтарды бейнелейтін эстетикалық категория.
Трагедия дегеніміз – зұлым күштерге қарсы күресте сұлулықтың құрдымға кетуін немесе жеңіліске ұшырауын бейнелейтін ұғым.
Өмірде қайғы-қасіреттің түрі өте көп: бала немесе адам өлімінен бастап шығармашылық қуаттың жойылуына дейін, жеке адам қайғысынан бүкіл халық қайғысына дейін.
Бұл категорияның негізгі бастауы – жақсылық пен жамандықтың, өлім мен мәңгіліктің арасындағы күрес, өлім өмірлік құндылықтардың бағасын арттырады, адам өмірінің мәнін ашады.
Адам тіршілігінің екі қыры – тән құмарлығы мен жан құмарлығының тікелей ұшырасуы – осы замандағы трагедияның көрініс беру алаңы десек те болады. Өйткені жан құмарлығынан гөрі тән құмарлығына көбірек аңсары ауған адам баласы бұл күндері оны қанағаттандыру үшін не түрлі айла-тәсілдерге барып, адам өмірінің өзінің құбыжыққа айналдырып қойды. Мұны көргенде, білгенде, қоғам, мәдениет кеңістігіндегі қымбат құндылықтардың азая түскенінің куәсі болған сайын суық жел мен аяз өтіндегідей жан дүниең азынап сала береді.
Трагедияның жасампаздығы оның жеңіліске ұшырауымен күрестің, биікке ұмтылыстың жоғалмауы. Кез-келген трагедия рухани серпіліс, ұмтылыс тудырды.
Өмірде, өнерде трагедияға қарама-қарсы комедия тұрады. Комедия немесе күлкі, көңілді болу әлеуметтік маңызды қайшылықтарды эмоциялық-сыни көзбен бағалап, мысқыл күшімен, жеңіл әзілмен бейнелейтін эстетикалық категория.
Өнерде комедияны жеткізетін, күлкі-әжуа тудыратын көптеген жылдар бар: гротеск, юмор, ирония, сарказм, сатира.
Гротеск – келекелі, сықақ стильде шығарылған көркем шығарма. Яғни эстетикалық нысанның кейбір жақтарын шектен тыс сықақтау, келекеге айналыдырып әшкерелеу. Гротеск ыза болушылық, жеккөрушілік, теріс айналушылық сияқты терең сезімдерді тудырады.
Сарказм – қоғамға қатер төндіретін құбылыстарды өте дәл және улы сатиралық бағыттағы жолдармен кекету. Сарказмнің сыртқы мағына мен тұспалдау арасындағы айырмашылықтың нақтылануы оның негізгі мәнін құрайды.
Сатира – эмоциялық-эстетикалық сынаудың өте терең және кексінді түрі. Ол әр уақытта күлкі тудырмауы да мүмкін, бірақ тапқырлықсыз болмайды. Сатира әр уақытта қажет және өзекті, онда күтілмеген салыстырулар мен өзі қарастырып отырған құбылысты эстетикалық идеалға қарама-қарсы қою тән.
Юмор - әзіл-оспақ, комизмнің бір түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет