Этика мен эстетиканың пәні


Әдемілік пен ұсқынсыздық, асқақтық пен ойпаңдық ұғымы



бет4/7
Дата09.04.2022
өлшемі35,21 Kb.
#138566
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Өнер философиясы (Этика эстетика)
-840522944, «Слова назидания» А.Кунанбаева.
Әдемілік пен ұсқынсыздық, асқақтық пен ойпаңдық ұғымы.
Әдемілік немесе сұлулық – зат пен құбылыстың жетілу барысында эстетикалық құндылық ретінде қалыптасуын бейнелейтін категория. Мәдениет пен философия тарихында сұлулықтың әртүрлі түсініктері қалыптасты. Сұлулық үйлесімділік, симметрия, ритм, пропорционалдылық, мақсаттылық, сонымен қатар, әуездік, дыбыстық, бояулық, реңдік, түрлік эквивалентті бейнелейтін қасиет деп анықталған.
Сұлулық дегеніміз – адам жанымен танылып, адам санасында бейнеленген табиғи-әлеуметтік құбылыс.
Әдемілік пен сұлулыққа қарама-қарсы қасиеттерді ұсқынсыздық ұғымы бейнелейді. Ұсқынсыздық әдемілікке қарама-қарсы ақиқат құбылыстарын сипаттайтын эстетикалық категория. Ұсқынсыздық – яғни шамадан, образдан, белгілі бір өлшемнен, тәртіптен, ұстанымнан тыс, хаос бейберекеттік. Көне грек эстетикасында ұсқынсыздық болымсыздық пен зұлымдық ұғымымен қатар қойылған. Орта ғасырлар философиясында ұсқынсыздық күнәнің, күнәлі болудың синонимі.
Ұсқынсыздық – сұлулыққа қарама-қарсы. Сондықтан олар бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені кез-келген әдемі құбылыс, зат, нәрсе даму барысында өзгеріске ұшырайды, әдемілігін жоғатады. Кез-келген әдемілік объективті даму барысында ұсқынсыздыққа айналады.
Асқақтау – сұлулық пен әдеміліктің ең жетілген, дамыған түрін бейнелейтін эстетикалық категория. Асқақтау деңгейіне көтерілген оқиғалар мен фактілер біздің санамызда ерекше көтеріңкі көңіл, жан тербелісін, мақтаныш сезімін тудырады. Әлемнің шексіздігі мен мәңгілігі, табиғат пен адам болмысының қуатты ішкі күштері, жаратылысты игерудің үзілмейтін , ұдайы жетілдірілетін жолдары мен әдістері, амалдары – осының бәрі асқақтаудың әртүрлі сәттерін көрсетеді.
Асқақтау – бүкіладамзаттық және қоғамдық маңызы бар құндылықтардың эстетикалық маңызын анықтайтын категория.
Өмірдегі асқақтау тек өнерде ғана көрінеді. Өнердегі асқақтаудың мысалдары монументалдылық, масштабтылық, өте үлкен зәулімділік. Бұл – атақты Египет пирамидалары. Құдай ұлы – фараонды ұлықтау арқылы бұл монумент тұлғаны кішкене сусымалы құмға дейін төмендетеді.
Өнердегі асқақтауды шабыт сезімі бейнелейді. Шабыт сезімі - өнердегі асқақтаудың шығар биігі, асқар тауы.
Асқақтауға қарама-қарсы ұғым ойпаңдық, төменшіктеу.
Бұл ұғым арқылы адамзатқа, қоғамға, қауымға қатер төндіретін жағымсыз қылықтар мен оқиғалар бейнеленеді. Ойпаңдық – бұл ұсқынсыздықтың ең сорақы түрі, зұлым күштермен байланыс. Адамдардың мінезі мен іс-әрекеттеріндегі жалақтық, көзбояушылық, арамдық, тоғышарлық, сасықтық, өркөкіректік, сатқындық ойпаңдықтың айқын белгілері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет