Этикалық (исламдық) қаражат аспаптары



бет1/2
Дата11.04.2022
өлшемі128,67 Kb.
#138855
  1   2
Байланысты:
ислам1


Этикалық (исламдық) қаражат аспаптары


Ислам қаражат моральдық-этикалық қағидаларға сәйкес анық әлеуметтік бағытқа ие. 
Ислам экономикасы Халифаттың (әл-Ғазали, әл-Фараби, Ибн Таймий) гүлденуі кезеңінен бастап мұсылмандық Шығыстың ғалымдары мен дін ілімгерлерімен қаралады және заңдар діни ниетте белгіленген, адамзатқа Авраам, Мұса, Иса пайғамбарлар арқылы пайғамбарымыз Мұхаммедтің дүние туралы оқуларымен аяқталатын қоғамдық құрылымның бөлігі ретінде түсіндіріледі. Осы ұғымда ислам экономикасының тағы бір атауы бар – «таухид экономикасы» (таухид – бір Құдайға сену, араб сөзі).
Әлеуметтік бағдар экономиканың дамуының басты мақсатын шаруа- шылық қызмет нәтижелерін бөлу кезінде әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету деп болжайды. Осы мақсатқа жету құралы болып экономиканы және әлеуметтік экономикалық прогресс секторын дамыту табылады. Сонымен қатар, теологтар мен экономистер шаруашылық қызметті теріс пайдалану мен заңсыздықтан қорғау қабілетінің рухани этикасы мен мораліне ерекше көңіл бөледі.
Ислам нарықтық күштерді және нарықтық экономиканы мойындайды. Пайда алуға деген ынта жеткілікті шектерде жарамды. Жеке меншік толық теріске шығарылмайды. Кейбір шектеулер болса, олар адаммен қаланған және қандай да бір Құдайшыл күштің ешқандай өкілеттігін қабылдамай­тын демократиялық заңнама арқылы өзгертілуі мүмкін. Осындай қатынас қоғамда теңгерімнің үйлесімсіздігін туғызатын бірқатар әрекеттерге жол береді. Пайыздар, құмар ойындар, алыпсатарлық мәмілелер байлықты азғана топтың қолына шоғырлануына әкеледі. Теріс адами түйсік адамгершілікке жат және зиянды өнімдер көмегімен ақша алуға пайдаланылады. Бетімен кеткен пайда алу олардың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіретін моно­полияларды құрады.
Осылайша, нарықтық күштерге негізделген деп көз жеткізген капита­листік экономика сұраныс пен ұсыныс процесін іс жүзінде тоқтатады, себебі осы күштер монополияның емес, ерікті бәсекелестік жағдайында ғана дұрыс жұмыс істей алады.
Діни емес капиталистік экономикада нақты экономикалық қызмет қоғам мүддесінде еместігі жоғары бағаланады, сонымен қатар, оның жалғасуына рұқсат берілген, себебі ол заңнама билігінде көпшілігінің күшті позиция­сында болғандығынан үстемдік ететін кейбір ықпалды топтардың мүдде­леріне қайшы келеді. Әрбір билік демократиялық басқарудан тыс толығымен теріске шығарылады және Құдайға сену (АҚШ әр долларының сыртқы бетінде бекітілген) әлеуметтік-экономикалық саладан тәжірибе жүзінде шығып кетті, әйтпесе экономикалық қызметті басқаруда мораль мен этика мойындалмайды.
Осындай қатынастардан туындайтын залал, егер адамзат Құдайдың ер­кіне бағынбаса және қандай жағдайда болмасын оны ұстану қажет Оның талаптарына бағынбаса, ешқашан шектелмеуі мүмкін. Жеке меншікті, пайда мен нарықтық күштерді алуды құптағаннан кейін ислам экономикалық қыз­метке нақты моральдық-этикалық шектеулер қойды.
Осы шектеулер білімінің шегі жоқ, адамның билігімен алынбайтын Құ­дыреті күшті Аллаһпен қойылған.
Рибаға (өсімқорлыққа) тыйым салу, құмар ойындар, шамадан тыс қор жинау, заңсыз тауарлармен және қызметтермен коммерциялық операциялар, қысқа сатулар мен алыпсатарлық операциялар – міне, Құдайдың шектеу­лерінің бірнеше мысалдары.
Бірге жинақталған осы тыйым салулар теңгерімді, бөлу әділдігін және мүмкіндіктер теңдігін қолдауда кумулятивтік тиімділікке ие. Исламдық қаржыландырудың аса маңызды сипаттамаларының бірі болып осы қаржы­ландыру нақты активтер негізінде екендігі табылады. Қаржы ісінің қалып­ты капиталистік тұжырымдамалары банктер мен қаржы мекемелері ақшаны және монетарлық міндеттемелерді ғана сататындығымен және сатып ала­тындығымен қорытындыланады.
Бір Құдайға сенушілік, екінші жағынан, ақшаны сауда мәні ретінде мақұлдамайды. Ақшаның ешқандай меншік құндылығы жоқ, ол тек қана айырбас құралы ғана, бұл – тауардың немесе қызметтің ақшалай баламасы ғана.
Пайда меншік құндылығы бар нәрсе ақшаға сатылатындығынан немесе әр түрлі валюта бір-біріне айырбасталатындығынан құралады. Ақшамен не­месе олардың орнындағы қағазбен кредит-борыштық операция (сол валю­тада) нәтижесінде алынған пайда ақшалай қосылған құнды ұсынады, демек тыйым салынған болып табылады.
Осылайша, балама қаржыландырудың жәй қаржы мекемелерінен айыр­машылығы сол, ол сатып алу-сату процесінде әрқашан нақты қосылған құн құрайтын нақты активтерге негізделеді.
Осы аспаптарды аванстық қаржыландыру (салам және истисна негізін­де) жолымен қарап көрейік, нақты активтер құралады.
Қаржы институтының клиенті ауыл шаруашылығында пайдаланылатын салам операциясы кезінде және оларды сатқаннан кейін негізінде, өз пайда­сын қаржыгермен бөліседі.
Истисна жағдайында қаржыландыру инфрақұрылымдық активтерді өн­діруге жолданады, мерзімі кешіктірілген сатуда тапсырыс берушіге қаржы­гер өз ақшасын және беркітілген пайданы қайтарады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет