Этиологиясы. Қоздырғышы бозғылт трепонема, Treponema pallidum, штопор тәрізді иірімдерден тұрады, соңына қарай аздап қысыңқы. Ол 5-тен 24 дейін біркелкі иірімдері, орташа 8-14 иірімі бар


Мақсаты: Әйелдерден гонокок және трихомонада анықтауға материал алу Қолдану көрсетілімдері



бет2/2
Дата11.10.2024
өлшемі21,43 Kb.
#206218
1   2
Байланысты:
Мерез соз

Мақсаты: Әйелдерден гонокок және трихомонада анықтауға материал алу
Қолдану көрсетілімдері: гонокок және трихомонада ауруларында
Дайындаңыз:мақта, зонд, 2заттылық шыны,гинекологиялық пинцет,доғал қасық
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа алгоритм барысын түсіндіру
2.Материал алар алдында 3 сағат дәретке отыруға болмайтынын түсіндіру
3.Зәр түтігімен жатыр мойнынан жұқпа аларда залалсыздандырылған құрғақ мақтамен сүрту
4.Зәр түтігін қынаптың алдыңғы қабаты арқылы сұқ саусақпен уқалау
5.Зондты 2 см тереңдікке кіргізіп, жұқпа алып заттылық шынының сол жағына жұқа қылып «И» әріпі түрінде жағу
6.Жатыр мойнының өзегіне 1-1,5 см тереңдікке қысып тұрып гинекологиялық пинцетті кіргізу
7.Оны ашып өзектен жұқпа алып сол заттылық шыныларға «С» әрпі түрінде жағу
8.Тік ішектен материалды доғал қасықпен алып сол заттылық қарай жүргізіп қолмен сипау
9.Тығыздығын білу үшін дақты екі саусақтың арасында қысып, зондпен тексеру
Мақсаты: Қыз балалардан гонококк және трихомонада анықтауға материал алу
Қолдану көрсетілімдері: гонокок және трихомонада ауруларында
Дайындаңыз: мақта,зонд,затты шыны
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа алгортим барысын түсіндіру
2.Материал алар алдында 2-3 сағат кіші дәретке отыруға және сыртқы жыныс мүшелерін жууға болмайтынын түсіндіру
3.Бас жағына мақта ораған зондпен аса қатты баспай, стерильді жағдайда зәр түтігінен жұқпа алу
4.Заттылық шынының сол жағына «И» әріпі түрінде жағу
5.Екінші зондпен қынаптан жұқпа алып «Ү» әріпі түрінде заттылық шыныға жағу
6.Тік ішектен материалды жуынды түрінде алу
Мақсаты: Екі ыдыстық Томпсон сынағын жүргізу әдісі
Қолдану көрсетілімдері: алдыңғы және артқы уретритті бір бірінен айыруда
Дайындаңыз: зәр жинауға 2 ыдыс
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа алгортим барысын түсіндіру
2.Сынақты жүргізерде 6-8 сағат науқас кіші дәретке отырмау керек екендігін түсіндіру
3.Кіші дәретін біркелкі етіп екі ыдысқа жинау
4.Егер бірінші ыдыста зәр бұлдыр болса және ішінде жіпшелер, жапалақтар болса онда зәр
түтігінің тек алдыңғы бөлігі зақымданған
5.Ал егер екі ыдыста бұлдыр, лайланған болса – зәр түтігі тұтас зақымданған болып саналады
Мақсаты: Гонококқа егіс дайындау әдісі
Қолдану көрсетілімдері: гонококта
Дайындаңыз: мақта, ілмек, 2 пробирка
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа алгортим барысын түсіндіру
2.Алдымен сыртқы жыныс мүшелерін залалсыздандырылған мақтамен сүрту
3.Материалды ілмекпен алу
4.Жалқықтың алғашқы тамшысын мақтамен сүртіп тастап келесі тамшысын алу
5.Егісті дымқыл жаңа ортаға жүргізеді немесе екі пробиркаға ортаның бүкіл бетіне жағу
6.Нәтижесін 24-48 сағаттан кейін көруге болады, бірақ 5-7 күн бақылаған дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет