Қaзaқ AКCР-нің құрылуы мен қaзaқ жерінің біріктірілуінің aяқтaлу үрдіcін тaлдaп жaзыңыз.
1920 жылы 4 қазанда Қазақ АКСР-і құрылды. Қазақ жерінің байырғы жерін бір республикаға біріктіру мақсатында арнаулы комиссия құрылып, республиканың шекарасын белгілеумен айналысты. Елдің шығысындағы алғашқы Кеңестік республика 1918 жылы 30 сәуірде жарияланған Түркістан Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (Түркістан АКСР-і) болып табылады. Қазақстанның оңтүстік облыстары (бұрынғы Сырдария, Жетісу обл.) Түркістан АКСР-інің құрамына енді. Түркістанда құрылған алғашқы ұлттық мемлекет көп өмір сүрген жоқ.1919 жылдың аяғы мен 1920 жылдың басында Қазақ автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық қызу жүріп жатты.
Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахань губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді.1920 ж. 4 қазанда Орынборда Қырғыз(қазақ) АКСР Кеңестерінің Құрылтай съезі өткізіліп, онда Жоғарғы үкімет органдары сайланды (Орталық Атқару комитеті және Халық Кшмиссарлар Кеңесі). ҚазақАКСР Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы С.Мендешов, ал республиканың тұңғыш Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы Радус – Зенкович болды.Қазақ АКСР-інде 1921 ж. «іс-жүргізуді қырғық(қазақ) және орыс тілдерінде қолдану»; ал 1923 ж. «қырғыз(қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу» туралы декреттер қабылданды.1925 ж. Ақмешітте Кеңестердің бүкіл Қазақстандық V съезінде жергілікті тұрғындарға «қырғыз – қазақ» атауы берілсе, 1936 ж. 9 ақпанда «қазақтар» атауы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |