Этноcaрaлық келіcім Қaзaқcтaн Реcпубликacындa тәуелcіздік пен демокрaтияны нығaйтудың негізі. Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблеяcының мәнін aшу


Н.A. Нaзaрбaевтың «Ұлы Дaлaның жеті қыры» мaқaлacының мәні



бет46/87
Дата21.12.2021
өлшемі178,55 Kb.
#104584
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   87
Байланысты:
Тарих Сессия 2020 дұрыс ответы

Н.A. Нaзaрбaевтың «Ұлы Дaлaның жеті қыры» мaқaлacының мәні

Елбасының 2018 жылғы 21 қарашада шыққан «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деп айтылған. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау, әрі дәріптеу міндетіміз. Бұл мақалада Евразия кеңістігін мекендеген түрік тайпаларының әлемдің өркениетке қосқан үлесін көрсетіп, тарихи сананы жаңғырту туралы айтылған.«Өз ұлтыңның мәдениетін, әдебиетін, тарихын, ұлттық құндылықтарын білу қажет» делінген. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз. Бұл мақаламның мақсаты оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге үйретіп, оларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын білімді, өнегелі азамат болуға тәрбиелеу. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Біздің жерімізден көптеген бұйымдар кезінде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған. Бұларды адамзат баласы жер жүзінің әр түкпірінде әлі күнге дейін пайдаланып келеді. Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет өзгерткені туралы сыр шертеді.

1. Атқа міну мәдениеті. Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі.

2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия. Ежелгі заманда - ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау - кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата - бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты.

3. Аң стилі. Біздің ата - бабаларымыз қоршаған ортамен етене өмір сүріп, өздерін табиғаттың ажырамас бөлшегі санаған. Олардың мұрасының жарқын көрінісі, көркем болмысы мен рухани байлығының айшықты белгісі - "аң стилі" өнері.

4. Алтын адам. Біздің түп-тамырымызға жаңаша көзқараспен қарауға жол ашып, әлемдік ғылым үшін сенсация саналған жаңалық - 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, өнертанушы ғалымдар арасында "Қазақстандық Тутанхамон" деген атқа ие болған "Алтын адам".

5. Түркі әлемінің бесігі. Қазақтардың және Еуразияның басқа да халықтарының тарихында Алтайдың алар орны ерекше. Осынау асқар таулар ғасырлар бойы Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі саналды. Дәл осы өңірде біздің дәуіріміздің І мыңжылдығының орта шенінде Түркі дүниесі пайда болып, Ұлы дала төсінде жаңа кезең басталды.

6. Ұлы Жібек жолы. Еліміздің географиялық тұрғыдан ұтымды, яғни Еуразия құрлығының кіндігінде орналасуы ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік "дәліздердің" пайда болуына септігін тигізді. Орталық Еуразияда түркілер үстемдік құрған кезеңде Ұлы Жібек жолы гүлдену шегіне жетіп, халықаралық ауқымда экономиканы өркендетуге және мәдениетті дамытуға септігін тигізді.

7. Қазақстан - алма мен қызғалдақтың отаны. Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың "тарихи отаны" екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген.

Қорытындылай келе, Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты стратегиялық мақаласы барша болмыс-бітіміміз бен қадір-қасиетімізге нәр беріп, кемел келешегіміздің бағыт-бағдарын айқындап бергенін айтқым келеді. Мұның бәрі-өткенін мақтан тұтып, өз-өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеуде бағдаршам болатын құндылықтар. Міне, бүгінгі аға буынның ұрпақ алдында адал атқаратын бастамалары да осы. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай-талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін, ұлттық құндылықтарымызды,сана сезімдерімізді рухани қазынамызды жалғастыру, дәріптеу бүгінгі ұрпақ еншісінде.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет