Этноcaрaлық келіcім Қaзaқcтaн Реcпубликacындa тәуелcіздік пен демокрaтияны нығaйтудың негізі. Қaзaқcтaн хaлқы Accaмблеяcының мәнін aшу


ХІХ ғғ. Қaзaқcтaндaғы хaлық aғaрту іcінің дaмуы. Ы.Aлтынcaриннің aғaртушылық қызметін пaйымдaңыз



бет47/87
Дата21.12.2021
өлшемі178,55 Kb.
#104584
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   87
Байланысты:
Тарих Сессия 2020 дұрыс ответы

ХІХ ғғ. Қaзaқcтaндaғы хaлық aғaрту іcінің дaмуы. Ы.Aлтынcaриннің aғaртушылық қызметін пaйымдaңыз

1867—1868 жылдардағы әкімшілік-территориялық реформалар, біртіндеп қарқын ала бастаған қоғамдық қозғалыс империяның ұлттық аудандарында да ағарту ісінің дамуына әсерін тигізді.XIX ғасырдың 60—70-жылдарынан ұйымдастырыла бастаған ғылыми қоғамдар, көпшілікке арналған кітапханалар, ағарту ісінің жолға қойылуы қоғамдық өмірдің жандануына алғышарт тудырды.Облыстық орталықтарда ашыла бастаған халыққа хат таныту қоғамдары да көп ұлтты қазақ өлкесін де тұңғыш мектептердің қызметіне жаңа бағыт берді.

Қоғамдық ақысыз пайдаланатын кітапханалар Торғайда, Орынборда ашылды. XIX ғасырдың 90-жылдарында Қостанайда ұйымдастырылған кітаптарды ақысыз пайдалануға рұқсат етілген мектептің мақсаты ішкі істер министрлігі нұсқауында анықталғандай, қала тұрғындарының әр түрлі ғылым салаларынан білімін көтеру еді.

1861 жылы Троицк қаласында, Торғай мақайындағы Орынбор бекінісінде, Қазалыдағы № 1 фортта ашылған орыс-қазақ мектептері қазақ жастарын қамтуға тырысқан осындай типтегі оқу орындары болды. Алайда жеке бекіністерде ұйымдастырылған қазақ мектептерінің материалдық қамтамасыз етілуі, ондағы оқушыларға білім беру дәрежесі өмір талабына сай келмеді. Қазалы және Перовскідегі мектептер кейіннен қалалық училищелер болып қайта құрылды. Онда Қазанда, Петербургте білім алған ұстаздар сабақ берді.Қазақстанда халыққа білім берудің басты бағыттары “Орал, Семей, Торғай Ақмола және Сырдария, Жетісу облыстарын басқару туралы “уақытша ережелерде” анықталды. Ағарту ісінің дамуына қазақтарға өз еріктерімен қаржы жинауға құқы берілді.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Қостанай облысы, Затабол ауданында дүниеге келді. Атасы Балғожа бидің қолында тәрбиеленеді. Алғаш мұсылманша оқып сауатын ашады (2-3 жылдай). 1850 жылы Орынбордағы қазақ балаларына арналып ашылған мектепке оқуға түседі.Орынбордағы 7 жылдық мектепті бітіріп шығып, кеңсе қызметінде істейді. Ғалым В.Григорьевпен жақын араласып, оның бай кітапханасынан пайдаланады.1861 жылы Торғайдан мектеп ашуға рұхсат алып жолға шығады. Бұл мектеп – 1861 жылы ашылады. Ыбырай – оқытушылық ағартушылық жұмыстың қоғамдық мәнін тереңнен түсінген адам. Соның ішінде жаңа үлгідегі мектептер ашады. Балаларды тәрбиелеу ісіне ерекше мән беруі. Торғай облыстық мектептерінің испекторы болады (1879). Мектептің шаруашылық жағдайына аса көңіл бөледі. Жақсы мұғалімді дүниедегі ең қымбат адам санайды. Оқу құралы – «Қазақ хрестоматиясын» жазып, 1879 жылы Орынборда баспадан шығарады. Оның қазақ мәдениеті тарихындағы орны ерекше болды.Балаларды оқыту әдістері жағынан Ыбырай-белгілі өзіндік жүйе-әдісі бар педагог. Ол қазақтың тұңғыш прогресшіл педагогикасын, халықтың мектептерін негіздеуші. Ыбырай Алтынсарин өзіне Ян Амос Коменский, Ушинский, Толстой, Бунаков, Паульсон сияқты данқты педагогтарды ұстаз тұтады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет