5. Мектеп және оның формасы
Мектеп — жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме; білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты нысаны – сабақ оқыту. Оны мұғалім атқарады.[1] Мектептердің түрлері:
1) білім беру сипатына қарай: жалпы білім беретін және кәсіптік;
2) берілетін білім көлеміне қарай: бастауыш, орта, жоғары;
3) балаларды жынысына қарай бөліп оқытатын мектептер;
4) оқытудың тілдік нысанына қарай:
а) ұлт мектебі;
ә) орыс тілді мектеп, аралас тілді мектеп;
б) дінге қатысына қарай: діни зайырлы;
в) меншік түріне қарай: мемлекеттік, қоғамдық және жеке меншік (ақылы) мектептер болып сараланады; қара Қазақстан (оқу-ағарту жүйесі).[2]
Жалпы білім беретін мектеп Өңдеу
Жалпы білім беретін мектеп - әрқайсысы дербес қызмет жасай алатын үш басқыштан: бастауыш, негізгі және жоғарғы басқыштардан тұратын, негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын, орта, жалпы білім беретін оқу орны.[3]
Бүгінгі таңда мектеп формасының рөлі қандай? Оның көмегімен әлеуметтік теңсіздік мәселесін шешуге бола ма? Немесе бүгінгі күнге кеңес дәуірінен келе жатқан ережелер қаншалықты жарайды? Бұл мәселелерді ұстаздар мен мұғалімдердің, оқушылардың көзқарасы тарапынан шешуге тырысайық.
Осыдан біраз жыл бұрын мектеп формасы ұғымы пайда болып, еліміздің түкпірлерінде бірдей форма кие бастады. Ал 90 жылдары ата-аналары мен балалары мектеп формасын өздері таңдайтын. Бастысы ақ кеудеше мен қара белдемше болса болғаны. Мұны әркім түрліше қабылдады. Есесіне оқушылар әлеуметтік дәрежесін пайдаланып, қымбат бағалы киімдер кие бастады.
Әлеуметтік теңсіздік
Мектепке балаларының қандай киімде баратынын ата-аналары шешеді. Алайда ерекше талғам барлығында бола бермейді. Біреулері "келесі жылы да киесің" деп үлкен көлемдегі киімдерді сатып алса, екіншілері дәл сол уақыттағы сәнге сәйкесін таңдайды. Ал бірыңғай форма әлеуметтік теңсіздікті жасыруға септігін тигізеді. Оны кию арқылы жарлы отбасыдан шыққан балалар қалталы азаматтардың баласымен тең дәрежеде сөйлесе алады. Әрине, сөйлесуге тыйым салады деген ұғым жоқ, мұның барлығы психология деңгейінде қарастырылатын мәселелер.
Тәртіп
Мұнымен қатар, классикалық үлгідегі киімдер психологиялық деңгейде тәртіпке шақырып, үлкен өмірге дайындайды. Бұл мектеп формасының жақсы жағы. Жастар еліктегіш келетіндіктен, стильдерін атақты адамдарға ұқсатқысы келеді. Ал мектеп формасы өз кезегінде бұндай фанатизмнен сақтандырады әрі ата-аналардың қалтасындағы ақшаны үнемдейді.
Қол жетімділік
Мектеп формасының тағы бір пайдасы – қол жетімділігінде. Оларды «Abdi» секілді дүкендерден де, көше базарларынан да сатып алуға болады.
Кемшіліктері
Кейбір оқушылар бірыңғай болуға үйреніп қалғандықтан, өздерін көрсете алмайтын қасиетке ие болады. Сәнқой оқушылардың айтуынша, ол барлығына бірдей жараса бермейді. Ендігі мектеп формасының қалай өзгеретіндігі уақыттың еншісінде.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: almaty.vssdelki.kz
Достарыңызбен бөлісу: |