Қазақ инновациялық гуманитарлық –заң университеті
Этнопедагогика пәні бойынша студенттің өздік жұмысына
әдістемелік нұсқау
Семей 2015 ж.
Этнопедагогика пәні бойынша студенттің өздік жұмысына арналған
әдістемелік нұсқау 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі», мамандығының 2 курс студенттеріне арналып құрастырылған.
Құрастырған: педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы, магистр Оспанова Б.К.
Тақырып №1 Ежелгі замандағы қазақтың көрнекті ойшылдары халықтық тәрбие туралы.
Мақсаты: Студенттердің өздігінен білімдерін толықтыра алу дағдыларын қалыптастыру, материалды нақты және тақырыпқа сай іздестіруін қамтамасыз ету.
Негізгі сұрақтар:
Халықтық тәрбиенің міндеттері. Ежелгі замандағы қазақтың көрнекті ойшылдары халықтық тәрбие туралы (Әр реферат көрнекті тұлғаның шығармашылығына арналады).
Тапсырма: Ежелгі замандағы қазақтың көрнектіойшылдары мен педагогтар шығармаларындағы халықтық педагогика, халықтық тәрбие элементтеріне талдау жасап реферат жазу.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Есеп беру формасы: Реферат
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қыркүйек 1 апта, 4 ұпай
Тақырып №2 Халықтың діни көзқарастары мен өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиесі.
Мақсаты: Студенттердің қажетті материалдарды іздестіре алу мен негізгі қорытынды шығара алу дағдыларын қалыптастыру,
Негізгі сұрақтар: Халықтың діни көзқарастары мен өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиесі. Халықтық педагогиканың ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы рөлі.
Тапсырма: Халықтың діни көзқарастары мен өскелең ұрпақтың ұлттық тәрбиесіне байланысты сызбанұсқа құрастыру
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Студент тақырыпқа байланысты материалдарды іріктеп және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасауы.
Есеп беру формасы: Сызбанұсқа құрастыру.
Тапсыру мерзімі мен студенттерің білімдерін бағалау: Қыркүйек 2 апта, 4 ұпай
Тақырып №3. Дәстүр, әдет-ғұрып пен ырымдардың тәрбиелік маңызы. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы дәстүрлер мен ырымдар.
Мақсаты: Студенттердің қажетті материалдарды іздестіре алу мен негізгі қорытынды шығара алу дағдыларын қалыптастыру,
Негізгі сұрақтар:
1. Дәстүр, әдет-ғұрып пен ырымдардың тәрбиелік маңызы.
2. М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы дәстүрлер мен ырымдар.
Тапсырма: «М.Әуезовтың Абай жолы» романындағы дәстүрлер мен ырымдар тақырыбына байланысты материалдарды іріктеп және жинақтау негізінде слайд жасау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Студент М.Әуезовтың «Абай жолы» романындағы дәстүрлер мен ырымдардың тәрбиелік маңызының мән-мағынасын ашуға байланысты кесте түрінде слайд жасайды.
Есеп беру формасы: Слайд жасау.
Тапсыру мерзімі мен студенттерің білімдерін бағалау: Қыркүйек 3 апта, 4 ұпай
Тақырып №4 Әр түрлі халықтар дәстүрінің үндестігі. Ш.Уалиханов - этнограф және тәрбиедегі халықтық дәстүрді зерттеуші.
Мақсаты: Студенттердің өздігінен білімдерін толықтыра алу дағдыларын қалыптастыру, материалды нақты және тақырыпқа сай іздестіруін қамтамасыз ету.
Негізгі сұрақтар:
Әр түрлі халықтар дәстүрінің үндестігі. Ш.Уалиханов - этнограф және тәрбиедегі халықтық дәстүрді зерттеуші. (Әр реферат көрнекті тұлғаның шығармашылығына арналады).
Тапсырма: Ежелгі замандағы қазақтың көрнекті ойшылдары мен педагогтар шығармаларындағы халықтық тәрбие дәстүрлеріне талдау жасап тақырыптық.
конспект жазу.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Тақырыпқа қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Конспект жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар). Шартты түрде конспектілерді төрт түрге бөлуге болады: жоспарлы; мәтіндік; еркін; тақырыптық.
Тақырыпты зерттеуші студент конспект мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Есеп беру формасы: Конспект
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қыркүйек 4апта, 4 ұпай
Тақырып №5 Мақалдар мен мәтелдердің айырмашылықтары және ұқсастықтары
Мақсаты: Студенттердің қажетті материалдарды іздестіре алу мен негізгі қорытынды шығара алу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ өз ойын еркін және анық жеткізе алуы.
Негізгі сұрақтар:
Мақалдар мен мәтелдердің айырмашылықтары және ұқсастықтары туралы.
Тапсырма: : Тақырыпқа байланысты конспектілеу. Әр сұраққа жеке тоқталу.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Мақалдар мен мәтелдердің айырмашылықтары және ұқсастықтары төңірегінде әңгімелесіп, ой бөліседі. Сұрақтарына жауап алып, сұқбаттасушының пікірін біледі. Сұхбаттық әңгіме түрі көпшілігінде екі адамның әңгімелесуі түрінде өтеді. Сұхбатқа қатысушылар фактілерді жинақтап, қойылатын сұрақтарын айқындап, сұхбатқа қатысушы еркін, ашық, сындарлы әңгіме өткізуі тиіс.
Есеп беру формасы: әңгіме
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қазан 1 апта, 4 ұпай
Тақырып №6 Игілік достықта
Мақсаты: Студенттердің қажетті материалдарды іздестіре алу мен негізгі қорытынды шығара алу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілетін арттыру
Негізгі сұрақтар:
Игілік достықта
Тапсырма: : Тақырыпқа байланысты эссе жазу.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: ЭССЕ (фр. « essay » - попытка, проба, очерк) - очерк, шығарма, белгілі бір тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік ойларының жиынтығы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық (көркем шығармалық) сипаттағы жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек. Эсседе пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет. Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді, ол кез-келген стилде жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой. Эссенің бірінші жоспарында - автор тұлғасы, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы тұрады, бұл шығарманың басты ұстанымы. Эссе студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдарын келтіретін бағалау тәсілі. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссені бағалау барысында мына факторларды есте сақтау қажет: Кіріспе мен жұмыстың қорытындысын құрастыра білуі; Логикалық тұрғыдан аргументтерді келтіре алу қабілетінің болуы; Кеңінен және тереңірек талдау жасай білу, тұжырымдар мен қорытындыны бағалау және сын тұрғысынан қарай білу қабілеті; Шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілеті; Қарастырылатын әдебиеттердің кеңдігі мен тереңдігінің қажеттілігі; Түсінікті және нақты бейнелеп жаза алу сауаттылығы; Жұмысты ұқыпты рәсімдеу, оның түйіндемесін, сілтемесін, библиографиясын құра білуге қабілеттілігі.
Есеп беру формасы: эссе
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қазан 2 апта, 4 ұпай
Тақырып №7 Қазақ мақалдары мен мәтелдерін, жұмбақтарын жинақтаған және зерттеген ғалымдар еңбектері. Мақалдар мен мәтелдердің тәрбиелік маңызы.
Мақсаты: Студенттердің өздігінен білімдерін толықтыра алу дағдыларын қалыптастыру, материалды нақты және тақырыпқа сай іздестіруін қамтамасыз ету.
Негізгі сұрақтар:
Қазақ мақалдары мен мәтелдерін, жұмбақтарын жинақтаған және зерттеген ғалымдар еңбектері.
Тапсырма: Қазақ мақалдары мен мәтелдерін, жұмбақтарын жинақтаған және зерттеген ғалымдар еңбектері негізінде конспект дайындау.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Тақырыпқа қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Конспект жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар). Шартты түрде конспектілерді төрт түрге бөлуге болады: жоспарлы; мәтіндік; еркін; тақырыптық.
Тақырыпты зерттеуші студент конспект мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Есеп беру формасы: Конспект
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қазан 3апта, 4 ұпай
Тақырып №8 Белгілі әншілердің өмірі мен музыкалық іс-әрекеттері
Мақсаты: Студенттердің өздігінен білімдерін толықтыра алу дағдыларын қалыптастыру, материалды нақты және тақырыпқа сай іздестіруін қамтамасыз ету.
Негізгі сұрақтар:
Халықтық тәрбиенің міндеттері. Ежелгі замандағы қазақтың көрнекті ойшылдары халықтық тәрбие туралы (Әр реферат көрнекті тұлғаның шығармашылығына арналады).
Тапсырма: Белгілі әншілердің өмірі мен музыкалық іс-әрекеттеріне арналған альбом құрастыру. Халық әндерінің ерекшеліктерін қарастыру.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Белгілі әншілердің өмірі мен музыкалық іс-әрекеттеріне арналған альбом жасау. Халық әндерінің ерекшеліктерін анықтап қарастыру.
Есеп беру формасы: Альбом
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қараша 1 апта, 4 ұпай
Тақырып №9 «Қазақстан – көпұлтты мемлекет».
( Мақсаты: Студенттердің қажетті материалдарды іздестіре алу мен негізгі қорытынды шығара алу дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілетін арттыру
Негізгі сұрақтар:
«Қазақстан – көпұлтты мемлекет» Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері.
Тапсырма: : Тақырыпқа байланысты эссе жазу.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: ЭССЕ (фр. « essay » - попытка, проба, очерк) - очерк, шығарма, белгілі бір тақырыптарға ой толғау. Рефератпен салыстырғанда, эссе автордың өзіндік ойларының жиынтығы болып табылады. Бұл философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық (көркем шығармалық) сипаттағы жаңа сөз. Барлық аргументтер, идеялар, анықтамалар егер студенттің өзінікі болмаса, сілтеме жасалуы керек. Эсседе пайдаланған дерек көздер, дәйектемелер көрсетілуі керек. Эссе көлемі 3-5 бет. Эссе жанры шығармашылық еркіндікті қажет етеді, ол кез-келген стилде жазылады, бұл оқылған, естілген, көрілген заттар туралы өзіндік ой. Эссенің бірінші жоспарында - автор тұлғасы, оның ойы, сезімі, дүниеге көзқарасы тұрады, бұл шығарманың басты ұстанымы. Эссе студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдарын келтіретін бағалау тәсілі. Эссе арқылы оқытушы студенттің ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Эссені бағалау барысында мына факторларды есте сақтау қажет: Кіріспе мен жұмыстың қорытындысын құрастыра білуі; Логикалық тұрғыдан аргументтерді келтіре алу қабілетінің болуы; Кеңінен және тереңірек талдау жасай білу, тұжырымдар мен қорытындыны бағалау және сын тұрғысынан қарай білу қабілеті; Шығармашылық стилде маңызды материалға шолу жасай білу және сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап беру, жүйелілік пен дәлдікті біріктіре алу қабілеті; Қарастырылатын әдебиеттердің кеңдігі мен тереңдігінің қажеттілігі; Түсінікті және нақты бейнелеп жаза алу сауаттылығы; Жұмысты ұқыпты рәсімдеу, оның түйіндемесін, сілтемесін, библиографиясын құра білуге қабілеттілігі.
Есеп беру формасы: эссе
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Қараша 4 апта, 4 ұпай
Тақырып №10 Президент Н.Ә.Назарбаевтың көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы көзқарастары
Мақсаты: Студенттердің өздігінен білімдерін толықтыра алу дағдыларын қалыптастыру, материалды нақты және тақырыпқа сай іздестіруін қамтамасыз ету.
Негізгі сұрақтар:
Президент Н.Ә.Назарбаевтың көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы көзқарастары.
Көпұлтты Қазақстанның халықтар бірлігін сақтау саясаты.
Тапсырма: Президент Н.Ә.Назарбаевтың көпмәдениетті тұлғаны тәрбиелеу туралы көзқарастарына тақырыптық конспект жазу.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Тақырыпқа қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Конспект жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. Конспект – басқа формалармен салыстырғанда жазудың ең әмбебап формасы. Конспект жазғанда оқылған мәтінді қайта жазуда дұрыстығын қамтамасыз ету керек. Конспекттің басты сипаты қысқалық әрі нақтылық. конспектіде ой сабақтастығы мен айтылған мәтіннің қисыны сақталуы тиіс. Конспектілеуде мәтін мазмұнының ең мәнді компоненттері, есте сақталуға тиісті тіректер жазылады (мәселен, атаулар, даталар, кейбір терминдер, символдар). Шартты түрде конспектілерді төрт түрге бөлуге болады: жоспарлы; мәтіндік; еркін; тақырыптық.
Тақырыпты зерттеуші студент конспект мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Есеп беру формасы: Конспект
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Желтоқсан 1апта, 4 ұпай
Тақырып №11 Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Мақсаты: Студенттердің өздігінен білімдерін толықтыра алу дағдыларын қалыптастыру, материалды нақты және тақырыпқа сай іздестіруін қамтамасыз ету.
Негізгі сұрақтар:
Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеудегі отбасының рөлі.
Тапсырма: Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеудің ерекшеліктері. Көпмәдени тұлғаны тәрбиелеудегі отбасының рөлін анықтап, талдау жасап реферат жазу.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқау: Таңдап алған рефераттың тақырыбына қатысты студент кішігірім зерттеулер жасайды. Студент осы алғашқы ғылыми жұмысқа байланысты мәселелерге орай қажетті әдебиеттерге шолу жасаудан бастайды. Керек жағдайларда оқытушымен кездесіп, керекті кеңестер алғаны абзал. Реферат жазуда студент негізгі мәселені ажыратуға, тақырыптардың өзара сабақтастығын тануға дағдыланады. Фактілер, фактілік материалдарды іріктеу және жинақтау негізінде таблицалар, графиктер, схемалар жасалады. Пайдаланған деректер, материалдар, әдебиеттердің тізімін, қайдан алғанын (сілтеме) қайда, қашан, қандай баспадан жарық көргенін көрсетуі қажет. Студенттің жазған рефераты аудиторияда талқыланады. Ең алдымен оқытушы қысқаша реферат тақырыбымен, негізгі идеясымен таныстырады. Тақырыпты зерттеуші студент реферат мазмұнын аудиторияда баяндайды, сұрақтарға жауап береді.
Есеп беру формасы: Реферат
Тапсырманы орындау мерзімі мен студенттер білімін бағалау: Желтоқсан 2апта, 5 ұпай
Достарыңызбен бөлісу: |