УДК 37.0877.:374(091)(574)
Физика пәні педагогінің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негізі
Теоретические основы формирования профессиональной компетентности преподавателя физики
Theoretical bases of formation of professional copetence of the teacher of physics
Әубәкірова Әсел Әубакірқызы
Аубакирова Асель Аубакировна
Aubakirova Assel Aubakirovna
Математика және физика кафедрасы
Кафедра математики и физики
Department of Mathematics and Physics
Аға оқытушы, педагогика ғылыдарының магистрі
Старший преподаватель, магистр педагогических наук
Stnior Lecturer, Master of Education
Aubakirova_aa@mail.ru
Түйін: Жоғары оқу орны жүйесінде болашақ педагогтың жеке тұлғасын кәсіптік білім стратегиясы арқылы жетілдірудің өзекті мәселелері қарастырылады. Осы білім стратегиясында болашақ педагогтың құзыреттілігін кәсіптік генетикалық коды арқылы дамыту технологиясы және педагог профессиограммасы арқылы зерттеудің мәні қазіргі заманның педагогика ғылымында ең бір өзекті мәселе екендігі сипатталады.Осындай өзекті мәселелерге А.П.Сейтешевтің кәсіпке баулудың өңдеп- жетілдірілген әдісі, Б.Т.Кенжебековтың кәсіптік генетикалық коды арқылы модельдеу жолы жоғарғы оқу орнында студенттердің іс-әрекеті жүйелі түрде зерттеу мен талдау жолдары зор мүмкүндіктер мен нәтижелер береді.
Резюме: Уровень профессиональных знаний определяется развитием личности педагога в системе ВУЗа. Стратегия профессионального образования определяется путем развития технологии генетического кода и профессиональной компетентности будущего педагога. Рассматриваются проблемы развития личности будущего педагога в системе ВУЗа при помощи изучения профессиограммы педагога. К таким основным проблемам можно отнести усовершенствованный метод приучения к профессии А.П.Сейтешева, метод Б.Т. Кенжебекова моделирования путей в высшем учебном заведении с помощью профессионального генетического кода. Системное изучение и анализ деятельности студентов в учебных заведениях дает большие возможности и результаты.
Abstract: It is considered problems of development of the identity of future teacher in HIGHER EDUCATION INSTITUTION system with the help knowledge professional strategy. In this strategy development of technology of a professional genetic code and professional competence of future teacher is an important problem in modern pedagogical science. In this problem A.P.Seyteshev's method on improvement of formation professional education and modeling of a professional genetic code of B.T.Kenzhebekov in system of HIGHER EDUCATION INSTITUTION give great opportunities and results of a way of system research and the analysis of activity of students.
Түйін сөздер: Технология, құзыреттілік, коммуникативті, ақпаратты, регулятивті, интелектуалды, педагогикалық, субъект, экперимент
Ключевые слова: Технология, компетенция, коммуникативный, информационный, регулятивный, интелектуальный, педагогический, субъект, экперимент
Keywords: Technology, competence, communicative, iformation, regulatory, intellectual, pedagogical,subject, experiment
ХХІ ғасыр жаңа заман талаптарын меңгере отырып, жан-жақты дамыған ғасыр. Ал болашақ жастар сол ғасырды басқарып, меңгеретін тұлғалар. Ол үшін әрбір Қазақстан Республикасының азаматы жан-жақты дамыған, білімді, білгір болуы тиіс. Сол үшін әр оқушының кәсіби құзыреттілігінің толықтай дамуы да маңызды. Құзыреттілік-оқушылардың іс-әрекетінің әмбебап тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білім нәтижесі, ал құзірет дегеніміз алға қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; оқушының білім беру жүйесіне деген әлеуметтік тапсырысты құрайтын жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатында табысты іс-әрекетке дайындығы» деп көрсетілген. Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді. [1].
Білім беру талаптарына «Құзыреттілік» ұғымы енгізілді. Оның мазмұны психологиялық ғылымда бірнеше нұсқада қарастырылады. Тәжірибеде кәсіби құзыреттілік бітірушінің идеялды моделі ретінде көрініс берді. Құзыреттіліктің негізгі анықтаушы факторлары болып үздіксіз білім алуға деген қажеттіліктердің қалыптасқандығы, кәсіби құзыреттілікті тереңдетуге дайындық болып табылады. Үздіксіз педагогикалық білім берудің деңгейі ретінде ЖОО негізгі қызметі, бұл маманның кәсіби құзыреттілігін қамтамасыз ететін тұлғалық және кәсіптік жағдайлардың қалыптасуы болып табылады. Құзыреттілік бірінші орынға жалпы проблеманы дұрыс шеше білу қасиетін қояды. ЖОО бітірушінің іс-әрекеттік моделіне мыналар кіреді:
Білім беру мен тәрбиенің жаңа іргелі негіздерін білу;
Кәсіби іс-әрекеттің психолого-педагогикалық теориялық және практикалық негіздерін меңгеру;
Педагогикалық технологияларды игеру;
Ұлттық салт-дәстүрлерді білу;[2]
Құзыреттілік әрдайым бірінші орынға ақпаратты сауаттылықты қоймайды, оның проблеманы дұрыс шеше білу қасиетін қояды. Егер болашақ педагогтың құзыреттілігінің қалыптасуын кәсіби білім беру жүйесінің аумағында қарастырсақ, онда білім, білік, дағды мүмкіншілігі, яғни педагогикалық қызметке маманның қаншалықты дайын екендігі туралы айтуға болады. Кәсіби құзыреттілік коммуникативті, ақпаратты, регулятивті және интелектуалды – педагогикалық құзыреттілік ретінде қарастырылады [3].
Мұғалім қызметінің аса бір ерекшелігі – екі түрлі объектімен, яғни оқу материалы және студенттермен жұмыс жүргізуінде. «Физика мұғалімінің кәсіби шеберлігінің негізі» түсінігін физикалық білімдердің, іскерліктер мен дағдылардың және физикалық мәдениетінің деңгейлері, физиканы оқыту әдістемесін меңгеру және оны оқытуда қабілеттілігіне күшті әсер ету, оқыту процесінде тәрбиелей білу. Жоғары теориялық және әдістемелік деңгейде сабақты өткізу, аудиторияны көре білу, жоғары педагогикалық мәдениет, ұйымдастырушылық қабілеттілігі т.б. Оқытушылардың кәсіби сапалары студенттердің сабаққа деген қызығушылықтарын анықтайды. Оқытушылар студенттерге тек қана білім берумен шектелмеуі қажет, оларға оқыту әдістерін үйретеді және жалпы педагогикалық, физикалық мәдениетке тәрбиелейді[4]. ЖОО саласында әлемдік деңгейге жету үшін, жаңа оқулықтарының пайда болуы, ағарту саласы мамандарының өз қызметтерін сын көзбен қарап, кәсіби шеберліктерін уақыт талабына сай шындап, білімдерін көтеріп отыруды талап етеді. Электронды оқулықтар, педагогикалық технологияларды қолдану т.б. Мұғалім әр баланы қайталанбайтын жеке тұлға деп оған сеніммен мейіріммен қараса онда оқу – тәрбие процесі жақсы жүреді. Келешектің адамын қалыптастыру ол мұғалімнің оқушыға сенуі, оқушының мұғалімді сүюі – ізгілендіру идеясы. Қазіргі оқыту оқушыны жан-жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған. Проблемалық ахуалдарды қамтитын есептерді шығару болғанда оқушылардың ойлау қызметі, зерттеушілік машықтары дамытылады [5].
Психологиялық тренингтер қолданылады. Жаңа технологиялардың сабақтарда қолданылуы туралы әр студент баяндамалар, рефераттар, сабақ жоспарларын жасайды. Мысалы: «Лысенкованың іс-тәжірибесі», «Тірек үлгілері неге қажет», «И.П.Волковтың іс-тәжірибесі», «Проблемалық оқыту технологиясы», «А.В.Шаталовтың іс-тәжірибесі», «Деңгейлеп оқыту технологиясы», «Теңдеу құру арқылы есеп шығару», «Тест туралы мәліметтер», «Құрама есептермен жұмыс» т.б. [6].
«Құзыреттілік» деген түсінік, латын тілінен competens- орындайтын істің мәні туралы терең, айқын білім, қойылған мақсатқа жетудің құралдары мен тәсілдері, сондай-ақ сәйкес біліктілікпен дағдылардың болуы [7].
Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары сияқты қасиеттері жатқызылады.
Педагогикалық-психологиялық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: құзыреттілік (компетенттілік) және құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Оның біріншісіне «Қазақ Совет Энциклопедиясының» орысша-қазақша сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жақты ұғымды білдіреді. Түсініктің шығу тегі, батыс әдебиетінде, 1960 жылдың соңына қарай 1970 жылдың басында білім берудегі жаңа бағыт, құзыреттілік әдісі дами бастаған кезде шықты. Кеңес дәуіріндегі білім берудегі құзыреттілік әдісін жасаудың алғашқыда 1980 жылдың аяғында қатысты, және де В.Н.Введенский осы терминді кең мағынада толтырумен айтылған деп есептейді.
Ағылшын ғалымы Дж. Равен құзыреттіліктің 37 түрін, ал орыс ғалымдары Н.В Кузьмина –5, И.А.Зимняя –3 тобын көрсеткен.
Жалпы алғанда, «құзыреттілік» түсінігі орыс авторларының жұмыстарында кең жайылған, ол кәсіби, әлеуметтік - педагогикалық, әлеуметтік – психолгиялық, құқықтық және басқа сипаттары бар, күрделі интегралданған құбылыс ретінде сипатталады [8].
Демек, болашақ мұғалімдердің құзыреті деп, студенттің білім беру дайындығына, алдын- ала берілген талап, ал оның құзыреттілігі, оның қалыптасып қойған тұлғалық қасиеттері және берілген аумақтағы іске қатысты ең аз тәжірбие деп түсіндіріледі.
Өзінің зерттеуінде Б.Т. Кенжебеков маманның құзыреттілігі түсінігінде келесідей анықтама береді : «кәсіби құзыреттілік - бұл адамның негізгі интегралданған білімдерінің, жалпыланған қабілеті мен білгірлігінің, оның кәсіби мәнділігі мен тұлғалық қасиеттерінің, жоғары технологиялық деңгейі мен мәдениеттілігі және шеберлігінің жоғары деңгейі, істерді ұйымдастыруға, шығармашылық көзқарас, тұрақты өзара дамуға дайындығының, жиынтығы»
В.А. Болотовтың және В.В. Сериковтың анықтамалары құзыреттіліктің мағынасын ашып көрсетеді, олардың пікірінше, білім алудың жемісі бола тұра, одан тікелей шықпайды, ол тұлғаның өзіндік дамуымен, тек қана технологиялық, тұлғалық өсуімен ғана емес, тұлғалық және әрекеттің тәжірбиесінің жалпылауымен өзіндік дамуының нәтижесі деп есептейді. Олар түсіндіргендей, бұл кәсіби құзіреттілік, білімін, білгірлігімен, білімділігін, іске асырушы тәсіл, ол тұлғалық жүзеге асырудың тәсілі, тәрбиеленушінің өмірде өзінің орнын табуы, осыдан білім жоғары мотивацияланған және тұлғалық бағдарланғандығының шын мәнінде, оның тұлғалық потенциалының ең көп қажеттілігін қамтамасыз етеді, тұлғаны жанындағылардың тән алуы мен өзінің жекелік мәнділігін ұғыну [9].
Жалпы алғанда, ескеру керек, зерттелетін түсінік, өзінде құзыреттіліктің жеке түрлерінің бір – бірімен органикалық байланысқан жүйені енгізді, олар маманның әрекетінің ерекшелігі мен оның санатына қойылған талаптардан тікелей байланыста болады.
Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми - педагогикалық әдебиеттерді оқу, «құзыреттілік» түсінігінің , «кәсібилік», «санаттылық», «дайындық», «кәсіби қабілеттік» деген түсініктермен тығыз байланыста болады деген қортынды жасауға мүмкіндік береді.
Осыдан, «құзыреттілік», «кәсіби құзыреттілік», «педагогикалық құзыреттілік» түсініктерінің анықтамаларының серпінділігін және көп жақтылығын, кәсіби құзыреттіліктің мағынасын талқылаудағы әр түрлі көзқарастың болуымен түсіндіруге болады, бұның әр түрлі фактілердің құбылтуына тәуелді. Ол фактілерге, педагогика мен онымен аралас ғылымдардың, қоғам, экономика, мәдениеттің және т.б. түйінін дамуы. Психологиалық-педагогикалық әдебиеттердің талдауы күрделі құзыреттілік феномен толықтау зерттелгендігі көрсетеді, бірақ бір мағыналы анықтамалар әлі де жок. Бұл біздің көзқарасымыз бойынша, толықтай құзыреттілік көзқарасын дайындау және «педогикалық құзыреттілік» түсінігінің анықтамасы оның мазмұны мен құрылымы педагогика ғылымында қүрыстырылу кезеңінде тұрғандығымен түсіндіріледі .
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін — өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар ұстаздар қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы; жедел шешім қабылдаушы; ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; нақты бағыт — бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім – қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы. 2010.-8 б.
Зимняя И.А.Ключевые компотенттности к как результативно-целевая компетенттносного подхода в образовании. Авторская версия / И.Л.Зимняя. – М: Исследовательский центр проблем качества подготовки специалистов, 2004. – 42с.
Кенжебеков Б.Т. Сущность и структура профессиональной компетентности специалиста // Высшая школа Казахстана. -№2. -2002г.с. 81-84.
Менлибекова Г.Ж. Социальная компетентность, сущность, стуктура, содержание // Высшая школа Казахстана, №4-5, 2001. –С. 153.
Құрманалина Ш.Х. Оценка качества профессиональной компотентности учителя. Алматы-2006.
Равен Дж. Компетентность в современном обществе: выявление, развитие и реализация. – М., 2002. с.253. Пер.с анг. 1984.
Сластенин В.А. Формирование профиссиональной культуры учителя/ Под.ред. В.А.Сластенина. –М., 1993.
Тұрғынбаева Б.А «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы-2005
Кенжебеков Б.Т., Нуркасымова С.Н., Аубакирова А.А. Компетентно-технологическая деятельность преподавателя. Ізденіс ҚР Халықаралық ғылыми-журнал қосымшасы гуманитарлық ғылымдар сериясы. № Алматы,.2014 ж 221-226 бет
Достарыңызбен бөлісу: |