Әулиекөл ауданыдық мәслихатының 2011 жылғы «4» ақпандағы сессиясының №217 шешімімен бекітілген



бет3/10
Дата24.03.2018
өлшемі2,07 Mb.
#39608
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ақпарат көзі: Қостанай облысының статистика департаменті, Интернет-ресурс: www.kostanai.stat.kz;

Ауданда аттестатталған 5 асыл тұқымды мал субъектісі бар. Асыл тұқымды зауыттар мен шаруашылықтарда 2013 жылдың басында барлығы 11507 бас ірі қара мал ұсталды, бұл жалпы мал басының 30,8% құрайды.

Аналық басты жасанды ұрықтандыратын 5 аттетатталған пункт жұмыс істейді.

Ауданда мал шаруашылығын әрі қарай дамыту үшін малды ұстау және жем-азық беру технологиясын жетілдіру бойынша мақсатты жұмыс жалғасуда.

Мал шаруашылығын дамытудың болашағында мықты бағдар бар, оның ішінде жоғарғы әлеуеттік экспортқа ет тағамы бағытталған.

Жайлымы бар жер мал шаруашылығы өнімі өндірісінің көлемін және қара мал басын көбейту үшін мүмкіндік береді.

Ауданда мал шаруашылығының дамуына республикалық бюджеттен «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша қаржылық қаражаттың бөлінуі елеулі ықпал етеді, оның көлемі 2013 жылы 152,358 мың теңгені құрады, «Мал шаруашылығының өнімдерінің мөлшерін және сапасын жетілдіру» қаржыландыру көлемі 39,44 млн. теңгені құрады.

2011 жылы және 2013 жыл кезеңде «Сыбаға» бағдаламасы бойынша жалпы сомасы 42,9 млн. теңгеге, 832 ІҚМ бас сатып алынды.

Ауданда мал шаруашылығы өнімдеріның эпизоотиялық жарамды және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылданады.

Ауданда 2 мал сою пункті – Аманқарағай, Юльевка селосында жұмыс істейді, олрадың жұмыс атқаруы 40-50% және 3 мал сою алаңы – Москалевка, Тимофеевка селолары мен Құсмұрын поселкесінде.

Сонымен бірге жыл сайын облыстық бюджеттен «Мал шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша қаражат бөлінеді, ағымдағы жылы қаржыландыру 192 мың теңгені құрады.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметі толық жинақталған. 15 округте 15 ветеринария маманы жұмыс істейді.

2010 жылы 25 жұқпалы ауруға қарсы эпизоотияға қарсы шаралар жүзеге асырылуда. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 11,8 млн. теңге қаражат бөлінді.

Мал ауруының диагнозын қою мақсатында бруцеллез ауруына 75 мың бас ірі қара мал тексерілді, аурудың жұғуы 0,6% құрайды.

Жұқпалы аурумен ауырған малды көму 28 мал қорымында жүзеге асырылады.

2010 жылы құтырудың алдын алу үшін ит пен мысықты ұстау жжәне жоюға жергілікті бюджеттен 292,5 мы, теңге мөлшерінде қаражат бөлінді.

Жем-азық дақылдарының көлемі 2009 жылы 79,2 мың га құрады, 2010 жылы 2009 жылыдың деңгейінде сақталды, 2012 жылы азықтық дақыл алаңы 116,8 мың. га көбейді, өсуі 47% құрады.

2010 жылы қысқы – мал күту кезеңіне 93,5 мың тонна көлемінде шөп, 15,8 мың тонна пішендеме, 54 мың тонна сабан, 22 мың тонна жемдік астық дайындалды, бұл жем-азықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

2015 жылға жем-азықтың барлық түрін дайындау көлемі шартты түрде 1 мал басына 25-30 центнер жем-азық бірлігін құрайтын болады.

Ауданда 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен 16 кәсіпорын айналысады.


5-кесте

Қайта өңдеу кәсіпорындары

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

барлығы

Жобалық қуаты т/тәулігіне

жүктемесінің%

барлығы

Жобалық қуаты т/тәулігіне

жүктемесінің%

барлығы

Жобалық қуаты т/тәулігіне

жүктемесінің%

барлығы

Жобалық қуаты т/тәулігіне

жүктемесінің%

барлығы

Жобалық қуаты т/тәулігіне

жүктемесінің%

Диірмендер

4

102

60

4

102

62

5

132

64

5

132

66

5

132

64

Наубайханалар

12

7

82

12

7

82

12

7

82

12

7

81

10

6,8

79

Макарон цехтары

1

0,3

30

1

0,3

30

1

0,3

35

1

0,3

30

1

0,3

31

Өндіріс көлемінің өсуі және өндірілетін өнімнің сапасын жетілдіру технологиялық желілерді жаңарту және өндірістік қуатты, өндірістік технологиялармен мал шаруашылығы өнімдерін қайта өндеуде жетілдіру мен жаңалық енгізуді қамтамасыз етеді.


6- кесте

Өнім өндіру

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

2012ж.

%2008 жылға

Ет және тағамдық ішек-қарын, тонна

274

429,2

440

480,9

477,24

177

Ұн, тонна

8895,4

9569,8

10784,3

9328,3

8720,2

97

Макарондар, тонна

1,6

1,1

1,5

1,36

1,38

93

Жаңа піскен нан, тонна

2885,9

3010,4

3051,5

3180,7

3067,7

107

Аудан өнімнің негізгі түрлері бойынша өзін-өзі қамтамасыз етеді: астық, нан өнімдері, сойылған мал еті, сүт.

Азық-түлік өнеркәсібін дамыту және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өндеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін етілдіру мақсатында екінші деңгейдегі банктердің қайта өндеу кәсіпорындарына олардың айналымдағы қаражатын толықтыруға беретін несиелері бойынша банктік сияқы ставкасын субсидиялау жөніндегі бюджеттік бағдарлама іске асырылады.

2013 жылы ауданда 34 елді мекен болды. Әлеуметтік-экономикалық даму денгейі бойынша 6 елді мекен жоғарыға сәйкес келеді, 30 – орташа даму әлеуеті.

Ауданда базалық сала ауыл шаруашылығы болып есептеледі. Тұрғындардың барлығы ауылдық жерде тұрады, сондықтан ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуы үшін күшті ауыл шаруашылығы құрылымдарының негізінде агроқалашық құру қажет.

Аргоқалашық ауылдық поселкелердің сапалы жаңа үлгісі ретінде белгіленеді. Аргоқалашық - көркейтілген елді мекен, әдетте тұрғындардың саны мың адамнан кем, онда тұратын тұрғындардың және іргелес аумақтағы тұрғындардың әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ету қндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылатын болады:



  • орталықтандырылған және жергілікті сумен жабдықтау (суық және ыстық), оның ішінде өрт сөндіру үшін;

  • қатты жол жабындысы бар көшелер;

  • оны елді мекендермен қызмет көрсету аймағында байланыстыратын жол желілері; Аудандық және облыстық орталықпен жолаушылар көлігі қатынасы;

  • байланыстың стационарлық және мобильді жүйесі негізінде телефон байланысы;

  • мектепке дейінгі мекемелер және мектептер;

  • спорт нысандары және имараттары;

  • жалпы тәжірибелік дәрігерлік амбулатория;

  • жол жиегіндегі сервисті қызмет көрсету нысандары (қоғамдық тамақтандыру, ТҚС, АҚС, қонақүйлер);

  • мәденет мекемелері (мәдениет мекемелері, клубтар, кітапханалар және т.б.), тұрғындарға заң қызметін көрсету, натариаттық қызмет қоса енеді.

Әрі қарай дамуға белгіленген ауылдық елді мекендер үшін құрылыс салу және абаттандыру жоспарларының жобасын әзірлеу қажет, онда ауыл тұрғындарының тұрмысы мен жұмыс істеу жағдайын жақсартуға бағытталған өзара байланысты кешенді шаралар белгіленді.

Осы құрылымдар мүмкіндік береді

ауылдық жерде өмір сүру артықшылығы үшін және ауылда демографиялық жағдайды жақсартуға негіз жасап ауыл тұрғындарының табысын арттырады;

ауылдың әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымын дамыту ауыл шаруашылығы өндірісін ьұрақты жүргізу үшін жағдайды қамтамасыз ету;

ішкі және сыртқы рыноктар үшін жеткілікті көлемде ауыл шаруашылығы өнімдерімен азық-түлікті өндірудің тиімділігін қамтамасыз ету.
Шағын кәсіпкерлік және орта кәсіпкерлік, сауда
2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны 1449 бірлікті құрады, оның ішінде: 49 заңды тұлға (жалпы санының 3,4%), 1107 жеке кәсіпкер (76,4%) және 293 шаруа (фермерлік) шаруашылығы (20,2%), 2013 жылғы 1 қаңтарға шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 1433, оның ішінде: заңды тұлғалары – 45 - (3,1), жеке кәсіпкерлер – 1100 - (76,8) және шаруа (фермерлік) шаруашылығында – 288 - (20,1) құрады.

2013 жылы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша шағын кәсіпорынмен белсенді айналысатындардың саны 1140 адам, жеке кәсіпкелер -1136 адам, шаруа (фермерлік) шаруашылығында – 1219 адам.

2011 жылы 2010 жылға қарағанда төмендеді, себебі шағын бизнес кәсіпорындары «Алтын-Бел Д» ЖШС, «Қайсар-Агро» ЖШС, «Әулие-Жер-Агро» ЖШС, жұмыс істеп тұр бірақ (шағын кәсіпкерлік) жылдық актитерінің орта жылдық құнын өсіруіне байланысты заңды тұлға тіркелімінен шығарылды.
7-кесте

Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштері динамикасы



Көрсеткіштер

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Шағын кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны, бірлік

28

29

33

28

25

33

Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны, адам, оның ішінде

2428

2800

2804

1347

1136

2316

Әулиекөл ауданында облыс бойынша жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санын 3,7% бар. Ауданда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тұрғындардың жұмысқа орналасуын көбеюіне және кедейшілік денгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Бірақ шағын кәсіпкерлік әзірге инновациялық белсенділігі төмен инертті болып қала беретінің мойындауымыз керек.

Ауданның азық-түлік рыногындағы бәсекелестік ірі өнеркәсіп кәсіпорындары мен шағын бизнес арасында ғана емес, жергілікті тауар өндірушілердің арасында да бар екені анықталды. Сонымен бірге ішкі тауар рыногы басқа өңірлерден , таяу және алыс шет елден тауарлар әкелу есебінен құрылады.

Жергілікті тауар өндірушілкрдің негізгі басымдығы –жалпы өзіндік құнында көлік шығынының үлесі төмендігі есебінен бағалар жоғары емес. Кемшіліктерге дамыған көлік желісі қызметінің және қысқа мерзімдік жинақтау жүйесінің болмаын жатқызуға болады. Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі келтіретін негізгі барьерлер-қаржылық мәселелер:кепілдік қамтамасыз етудің болмауына байланысты кредиттік қорға қол жеткізудің шектеулігі, сыйақы мөлшерінің жоғары болуы,кредиттік мекемелерде құжаттарды қарау мерзімінің ұзақтығы,аздаған жергілікті тауар өндірушілердің өндіретін ауыл шаруашылығы өнімдерін өз бетінше (немесе шамалы делдалдар мөлшерінде) облыстың ішкі рыногында, сонымен қатар Қазақстан бойынша да сата алмауы.

Сауда-ауданның экономикалық қызметінің бір саласы және оның дамуы –экономиканың табысты дамуының шарттарының бңрң.2013 жылы қаңтардағы тауарларды бөлшек саудада сату айналымы 2041 млн.теңгені құрады, 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (тұрақты бағамен) 2,3 есе немесе 1157 млн. теңге көбейді. Сауда рыноктарындағы айналым көлемі енетін бөлшек сауда айналымы 2013 жылы 9 айында 1575 млн.теңгені құрады немесе 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 104,3%.Сатылған тауар негізінен аудан орталығыныкі.

Бөлшек сауда айналымы құрылымында ауданның ауыл шаруашылығына бағытталғанына байланысты азық-түлік тауарлары басым. 2013 жылғы 1 қаңтарға Әулиекөл ауданында 312 сауда нысаны жұмыс істейді, оның 206 ауылдық жерде, 2013 жылғы 1 қаңтардға 318 сауда нысаны, оның ішінде 206 ауылдық жерде, Әмбебап рынок үлгісінде 315 сауда орны бар 3 рынок тіркелген. Статистикалық мәліметтер бойынша бүгінгі күннің тұрғындардың саудамен айналысатыны 674 адам.

Қазақстан Республикасында сауда қызметін дамыту Бағдарламасының болмауы сауда қызметін дамытуға теріс ықпал етеді.

Тұрғындардың тұтыну белсенділігінің төмендеуінің бір себебі азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауы.

Сауда саласындағы проблемалар:

Сауда қызметін реттеу саласында заңнамамен қамтудың әлсіздігі, оларды қолдану механизмінің болмауы, сауда саласының қызметкерлерінің құқықтық білім деңгейінің төмендігі.


Инновациялар мен инвестициялар
2009 жылы Құсмұрын поселкесінде,2010 жылы Әулиекөл селосында инвестициялық жобалар іске асырылды және осы кәсіпорындардың жаңа сумен жабдықтау жүйелері пайдалануға берілді,ол тұрғындар үшін сапалы су және жаңа нысандардың қосылуға және 2011-2015 жылдары өндіріс көлемінің ұлғаюына мүмкіндік туғызды.

- Заем қаражаты мен кәсіпорындардың қаражаты есебінен аудан 2013 жылы экономикасын дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру бағытталған:

-өнеркәсіпте- «Қазтеміртранс» Құсмұрын вагон жөндеу депосы» АҚ филиалының 1 млрд 328 млн. теңге сомасында. Индустрияландыру картасы жобасына қосылды.

өндірістік кешенді қайта құрастыру инвестициялық жобаны іске асыру басталды:

-ауыл шаруашылығында- «Агрофирма Диевка» базасында сомасында «Диевка селосында нан қабылдау пункт алаңын қайта жабдықтау» екі инвестициялық жобасын орындау жоспарланып отыр және 200 млн теңге сомасында «Үшқарасу селосында №2 ферманы қайта құрастыру» жалпы сомасы 221 млн.тенге 20 жұмыс орыны құрылды.

2013 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша «Әулиекөл тұқымды ірі қара мал алу» «Әулие-Би 1» жобасы мақұлданды. Қаражаттандыру түрінде 80,0 млн. теңге сомасында пайыздық несие мөлшерлемесі бойынша мемлекеттік қолдау алды.

Қарастырылып отырған кезеңде негізгі капиталға инвестицияның негізгі көзі кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың өз қаражаты болып табылады. Инвестицияның мөлшерінің жыл сайындық серпінді өсуі оң беталысы. 2012 жылы негізгі капиталға инвестицияның мөлшері 4 млрд.564 млн. теңге, оның ішінде: республикалық бюджет қаражатынан - 311 млн. теңге, жергілікті бюджет қаражатынан – 54 млн. теңге, кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғындардың өз қаражатынан – 3697 млн.теңге және басқа заем қаражаты – 502 ңге. Жалпы инвестициялар мөлшері 2012 жылы, 2007 жылғы инвестиция мөлшерінен артты 5,5 есе немесе 3731 млн. теңге. 2013 жылы 10 айында 3646 млн. теңге сомасында инвестицияның жұмсалымдары, өткен жылдың кезеңімен сәйкес инвестиция мөлшері 9,1 % төмендеді.

Өндірілетін өнімнің сапасын жақсарту басқару жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

ИСО 9001-2009 сәйкес сертификаты барлар екі кәсіпорын: «Болашақ-А»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ИСО 9001-2009 №КZ 3910318.07.03.12181 сертификаты 25.11.2013 ж., «Диев Агрофирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ИСО 9001-2009 №КZ. 3910318.07.03.12173 сертификаты 22.10.2003 ж.

Күшті жақтары

Минералдық шикізаттық-ресурстардың болуы.

Өңдеу өнеркәсібінде инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндігі.

Әлсіз жақтары

Ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары жабдықтарының физикалық және моральдық жоғары деңгейде тозуы, оларды жаңартуға қаражаттың тапшылығы.



Қауіп-қатерлер

Тау-кен секторы өнімдері бағасының төмендеу мүмкіндігі. Сату рыногының болмауы



Мүмкіндіктер

Отандық тауар өндірушілерді сыртқы экономикалық ( кедендік жеңілдіктер) қолдау.

Сату рыногын көбейту,өндірісті кеңейту.
2.2.2.Ауданның әлеуметтік саласын талдау

Білім беру

Ауданда күндізгі жалпы білім беру мектептерінің жалпы саны 2007-2013 жылдары 3 мектепке қысқартылды және 34. Әулиекөл селосында 2011 жылы кешкі мектеп ашылды кешкі мектеп жүйесі 2 бірлікті құрады.

Ауданда 2007 жылғы 1 қыркүйектен 2013 жылғы 1 қыркүйек кезеңде мектептерді қысқартуымен оқушылардың саны1356адамға қысқарды. 2013-2014 оқу жылының басында оқушылардың саны 5555 құрады.

Бірыңғай Ұлттық Тестілеу нәтижелерін талдау негізгі сапалы көрсеткіштер бойынша оң серпінге көз жеткізіп отыр. 2009-2013 жылы орташа балл 16,44 төмендеді және 2013 жылы 69,86 бірлікті ( облыс бойынша 75,41), 2012 ж. -75,99 бір. ( облыс бойынша 77,72), 2011 ж.-82,6 балл, 2010 жылы – 9085 балл, 2009 жылы – 86,30 балды құрады.

Ауданда 2013 жылы 2 үміткерден 3 адам (66,6%) «Алтын белгі» жалпы орта білім беру аттестатын алып, өздерінің үлгілі білімдерін растады. 2012 жылы 5 үміткерден 3 адам (60%), 2011 жылы жылы 4 үміткерден барлық 4 түлекте (100%) «Алтын белгі» жалпы орта білім беру аттестатын алып, өздерінің үлгілі білімдерін растады.

Екі жыл ішінде өтініш берген үміткерден орта білімді үздік бітірді деген бір де бір үміткер өз балдарын растай алмады, (2012 жылы -2 үміткер, % расталған -0, 2013 жылы – 3 үміткер, % расталған -0).

Мемлекеттік білім грантына ие болатындардың саны бойынша теріс серпін көрінеді. 2011 жылы 91 түлек (21%)Мемлекеттік білім грантына ие болды, 2012 жылы – 80 (19,1%) түлек, 2013 жылы грант иелері екі есе азайды 42 (13,2%) ҰБТ қатысушыларын құрады.

2012 жылы ішкі оқыту бағаларының нәтижесінің үдерісі әрі қарай (ІОБН) Әулиекөл ауданы бойынша 111 оқушы қатысты 9-шы сынып оқушылары Н.Островский атындағы Аманқарағай ОМ (60 оқушы), Б.Кенжетаев атындағы Новонежин ОМ (43 оқушы), Клинин БМ (8 оқушы). Аудан бойынша (ІОБН) орта бал қортындысы 28,4 бал (ең көп - 80) құрады.

2013 жылы Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл ОМ ІОБН қатысушылар саны 75 оқытушыны құрады. ІОБН қортындысы бойынша 2013 жылы орта бал 44,5 тең (ең көп - 80).

2010 жылы 1 түлек «Болашақ» бағдарламасы бойынша өз оқуын жалғастырды.облыс әкімінің 2 гранты және аудан әкімінің 2 гранты бөлінді.2011 жылы аудан әкімінің 3 гранты және облыс әкімінің 2 гранты, 2013 жылы аудан әкімінің 2 гранты бөлінді.

Ауданның жалпы орта білім беру мектептерінде 827 педагог қызмет атқарады, оның ішінен 85,4% немесе 706 адам жоғары білімді, 2010 жылмен салыстырғанда 5,5%. Сонымен қатар, жоғары және бірінші санаттағы оқытушылардың саны 3,1% және құрады – 341 (38,3%) ұлғайды. 2013-2014 жылғы оқу жылының басында аудан мектептеріне 29 жас маман ( 2012жылы – 33 мұғалім) келді.

Ауданда мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту мақсатында оқушылардың контингентін сақтау және есепке алу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Басты назар негізгі орта білім беру орындар түлектерінің одан әрі тиісті білім алуын жалғастыруына аударылуда.

2010 жылы 735 негізгі орта білім беру орындары түлектерінің қатарынан 440(59,8%) оқушы жалпы білім беру мектептерінің 10 сыныбында, 147 (20%) – колледждерде,137 (18,6%) – кәсіби лицейлерде оқуын жалғастыруда, ал 2013 жылы 592 негізгі орта білім беру орындары түлектерінің қатарынан 268 (45,3%) оқушы жалпы білім беру мектептерінің 10 сыныбында, 309 (52,2%) – колледждерде оқуын жалғастыруда.

2010 жылы аудан бойынша жалпыға міндетті оқу қорларына көзделген қаржы 18165,0 мың млн. теңге, 2013 жылы шығыстар ұлғайды немесе мектептерді ұстауға арналған шығыстардың жалпы сомасы 28110 мың. теңгеге немесе 1,5% құрайды.

Мектеп оқушыларына ыстық тамақты ұйымдастыру мәселесінде оқушылардың 65%-на ыстық тамақ беріледі. Аз қамытылған отбасылардың балалары ыстық тамақпен ақысыз толық қамтамасыз етілген.

Мектепте тамақпен дұрыс қамтамасыз етуді ұйымдастыруға биліктің жергілікті атқарушы органдарының шаруашылық субъектілермен әлеуметтік әріптестігі көмектесуде.

Ауданда 29 елді мекен пунктері бар 13 мектепке 267 балалар және жеткіншек үшін және сонымен қатар 166 балалар үшін күнделікті, 101 оқушы үшін апталық тасымалдау ұйымдастырылған. 2012 жылы мекемелерге тасымалдау үшін «Газель» маркалы қосымша 3 автокөлік сатып алынды.

үшін Ауданда барлық мұқтаж балаларды (135 бала және жеткіншек) 100% тасымалдау ұйымдастырылған. Ыңғайлы және сапалы тасымалдау үшін 2015 жылға дейін қосымша 4 мектеп автобустарын сатып алу жоспарланды.

Білім беру жүйесін дамытуға демеушілер мен шаруашылық субъектілері елеулі үлестерін қосып отыр, соңғы жылдары білім беру обьектілерін күрделі, ағымдағы жөндеу және материалдық-техникалық базасын нығайтуға және балабақшаларға 2010-2013 жылдары 186 млн.273 мың теңге жуық қаражат жұмсады.

2010 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Әулиекөл ОМ күрделі жөндеу өтті жалпы сомасы 70 млн. 128 мың. теңге, 2010-2013 жылы мектепті жөндеуге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға және балабақшаға 199 млн. 817 мың. теңге жұмсалды.



Күшті жақтары:

-апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептердің жоқтығы;

- Интернет желісіне мектептердің 94,1%-ы қосылды.

- 1 компьютерге 7,3 адамға дейін келетін білім алушылардың саны қысқарды;

- тұрмысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың 100% ақысыз ыстық тамақпен қамтылды;

Әлсіз жақтары:

- педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (бөліп айтқанда математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);

- бала туудың азаюына байланысты мектеп оқушыларының саны қысқаруда;

- мектептердің матералдық-техникалық жабдықтаулар деңгейі жеткіліксіз;

- ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептердің болуы.

Қауіп-қатерлер:

- тұрғындардың жақсы еңбекақы және тұру жағдайларына тырысуы жоғары біліктілігі мен балалармен жұмыс істеу тәжірибесі бар педагогикалық кадрлардың білім беру жүйесінен жүйелі түрде кетуіне апарып соғады, бұл орта білімнің сапасын төмендетеді;

- осы заманғы жаңа үлгідегі мектептердің құрылысына арналған шығындардың жеткіліскіз қаржыландырылуы ауылдық елді мекендерде ыңғайластырылған жайларда орналасқан мектептер үлесін сақтауды негіздейді.

Мүмкіндіктер:

- бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және 1 компьютерге 1 немесе 2 адамнан келетін мектеп оқушыларының саны мен мектептерді компьютерлік техникалармен толтыру және кең жолақты Интернет желісіне қосу деңгейін 100% дейін жеткізу мақсатында орта білім объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;

- жас педагогикалық кадрлардың өз істерін беріліп істеуіне және елді мекенге сіңісіп кетуін ынталандыратын шаралар жүйесін әзірлеу.

Ұсынымдар:

- алыс ауылдық-елді мекендерде тұратын оқушылардың тұруы үшін кәсіби мектептердің; мектептердің жанындағы ресурстық орталықтардың құрылысын кеңейту;

- мектептерді, мектептердің жанындағы интернаттарды күрделі жөндеуден өткізуге және қайта жаңғыртуға байланысты шығыстарды қаржыландыруды кеңейту;

- 12 жылдық оқытуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету мақсатында және оқудың жаңа формаларын дамыту үшін білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет