ПОӘК ОӘК 042-16-02.1.09/03-2013
|
№ 1 басылым
|
Беттің бет
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
|
Құжат СМЖ 3 дәрежелі
|
ПОӘК
|
ПОӘК
042-16-02.1.09/03-2013
|
«Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы»
Оқу- әдістемелік кешені
5В011400 -«тарих»
мамандығына арналған
|
Редакция №1
|
«Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы»
пәнінің оқу- әдістемелік кешені (ПОӘК)
5В011400 «тарих» мамандығы үшін
СЕМЕЙ -2013
ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
5В011400 «тарих» мамандығы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты арнайы пәннің типтік бағдарламасы негізінде жасалған.
Құрастырушы: Тарих магистры А.С.Керейбаева
«______» __________ 2013 ж.
2 ҚАРАЛДЫ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының отырысында
Хаттама №______ «__»________ 2013 жыл
Кафедра меңгерушісі ____________ Н.Мухаметжанова
2.2 ГЗФ оқу-әдістемелік бюросының отырысында талқыланды
Хаттама №______ «__»________ 2013 жыл
ОӘБ төрағасы_________ Ш.Кеңесбаева
3 БЕКІТІЛДІ
3.1 Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданды және баспаға ұсынылды
Хаттама №______ «__»________ 2013 жыл
ОӘК төрағасы_________ Г.Искакова
4 АЛҒАШ ЕНГІЗІЛДІ (немесе № «___» ____ 201_ ж. баспа ОРНЫНА)
Мазмұны :
1.Глоссарий.................................................................................................
2.Қысқаша дәрістер мәтіні...................................................................
3. Практикалық (семинар) сабақтары ...............................................
4. Студенттердің өздік жұмыстары......................................................
6.3.1 ГЛОССАРИЙ:
Альтернатива-бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу.
Альянс-ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі.
Анархизм-жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым.
Апатридтер-ешбір мемлекеттің азаматы болып саналмайтын адамдар.
Ассамблея-халықаралық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысы. Мысалы, БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы.
Ассимиляция- бір халықтың өз тілін, мәдениетін, ұлттық сана-сезімін жоғалтып, екінші халыққа сіңіп кетуі.
Ассоциация- белгілі бір саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени т.б. мақсаттарға жету үшін ұйымдасқан адамдар немесе мекемелер бірлестігі.
Бихевиоризм- жеке адамдар мен топтардың іс-әрекетін талдауға негізделген әдістемелік бағыт.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар- ХІХ ғасырда Еуропа мен Солтүстік Америкада бір кезде пайда болды.
Бюрократ-азаматтрадың мүддесіне нұқсан келтіріп өз міндеттерін формалды түрде атқаратын қызмет адамы.
Волюнтаризм-саяси серкелердің қоғамдық өмір жағдайларымен санаспай, өз бетімен күштеу әдістеріне сүйеніп жүргізген саясаты.
Геноцид-адамдарды шығу тегіне, бір ұлттың, діннің өкілі болуына байланысты әдейі қыру немесе қудалау.
Геосаясат-сыртқы саясатты географиялық факторларға байланысты жүргізетін саясат.
Глобальдылық-бүкіл жер шарын қамтитын, әлемдік мәселелерді шешуге арналған ғылыми бағыт.
Гуманизм-адамзаттың еркін жетілуне негізделген мақсатты әлеуметтік қозғалыс.
Депортация-жеке адамдарды, халықтарды еріксіз, күшпен жер аудару.
Диверсификация-мәселенің әр түрлі, жан-жақты қаралуы, дамуы, саяси қызметтің көп түрлілігі.
Диктатура-қарулы күшке сүйенетін, заңмен шектелмеген шексіз мемлекеттік билік.
Еуропарламент-еуропалық бірлестіктің 12 елін қамтитын мемлекетаралық саяси мекеме.
Егемендік-мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
Идеология-белгілі бір әлеуметтік топтар, таптар, партиялар және т.б. мақсаттары мен мүдделерін бейнелейтін, үстемдік етіп отырған қоғамдық қатынастарды орнықтыруға немесе оларды өзгертуге қызмет ететін тұжырымдардың, пікірлердің, идеялардың жүйесі.
Импичмент-жоғарғы лауазымды адамдарды конституцияны бұзғаны үшін немесе басқа қылмысы үшін жауапкершілікке тартуға және ісін сотта қарауға мүмкіндік беретін ерекше тәртіптің түрі.
Инновация-жаңалық енгізу
Охлократия-қоғамдық өмір жағдайына қанағаттанбай мемлекеттік мекемелерді басып алып, ойран салған, демократияны теріс түсінген тобыр билігі.
Парадигма-жасалатын өзгерістердің нәтижесінде туатын болашақтағы қоғамдық құбылыстың үлгісі, бейнесі.
Прагматизм-алға қойған мақсатқа іс жүзінде жету үшін ұстаған бағыт.
Инагурация -мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты кірісуі
Коалиция -ортақ жауға қарсы немесе мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін бірлескен мақсатты партиялар мен қоғам қайраткерлерінің бірігіуі.
Конституция-мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың негізгі қағидаларын, принциптерін білдіретін негізгі заң.
Көппартиялылық-мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әр түрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрі
Легитимдік-халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы.
Можаритарлық жүйе-сайлау нәтижесінде үміткердің округ бойынша көпшілік дауыс алуы.
Маргиналдар-белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік тобына, табына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар.
Меморандум-дипломатиялық хат жазысудың бір түрі.
Мороторий-ішкі жіне сыртқы міндеттемелерді орындауды уақытша тоқтату, үзіліс жариялау.
Саясаттану –қоғамның саяси дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары туралы ғылым
Саясаттану зерттеуі-қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды саяси-идеологиялық тұтас жүйе ретінде қарастырады.
Саясаттану сауалдамасы-жеке адамдар мен топтарға ауызша және жазбаша түрінде сұрақтар қою жолымен алғашқы саяси- әлеуметтік ақпарат алу тәсілдері
Абсентеизм-халықтың саяси өмірге немқұрайды қарайтындығы
Автономия-бір мемлекеттің шеңберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси-ұлттық құрылым
Әлеуметтік-саяси институттар- біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік және саяси жүйелік түзілім.
Иделды тип-дәуірге сәйкес ұтымды құндылықтар бағытының эталоны және саяси - әлеуметтік ақиқатты тану туралы қызметі атқарушы. Негізін салған-М.Вебер.
Абсолютизм-жоғары өкімет билігі шексіз жеке-дара бір адамның қолында тұрған мемлекеттік басқарудың түрі..
Азаматтық қоғам- әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам.
Саяси- әлеуметтік байланыс- адамдардың немесе топтардың тәуелділігін және сәйкестігін көрсететін әлеуметтік әрекет.
Саяси даму-жаңа қоғамдық қатынастардың, институттардың, нормалардың, құндылықтардың қалыптасқан өзгерістері
Саяси- әлеуметтік қауымдастық – ортақ әлеуметтік белгілердің болуымен біріккен, бірлескен, адамдар жиынтығы.
Саяси нормалар – адамдардың іс-әрекетін реттейтін ереже.
Саяси прогресс – қоғамдық дамудың бағыты.
Саяси -әлеуметтік төңкеріс – қоғам дамуындағы сапалық, терең және жоғары прогрессивтісімен алмастыру тәсілі.
Саяси- әлеуметтік заңдар- қоғамның, мемлекеттің т.б. топтардың даму бағытын анықтайтын әлеуметтік және саяси құбылыстар мен процесстердің арасындағы тұрақты өзара байланыстар.
Саяси- әлеуметтік институттар – біршама жоғары ұйымдасқан әлеуметтік саяси түзілім.
Саяси- әлеуметтік коммуникация – тікелей және қарым-қатынастар мен әлеуметтік және саяси субьектілер арасындағы өзара әрекет актісі мен процесі.
Саяси- әлеуметтік конвергенция – түрлі әлеуметтік және саяси жүйелердің біртіндеп жақындасуы.
Саяси- леуметтік қозғалыс – адамдардың әлеуметтік және саяси қолдау мен қарсылық көрсетуге бағытталған ұжымдық әрекетімен байланысқан әлеуметтік және саяси процестердің формасы.
Саяси- әлеуметтік мүдделер – қоғамның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтардың, субьектілердің әлеуметтік-саяси әрекеттерінің себептері, қайнар көздері, талаптары, мотивтерінің қызметі.
Әлеуметтік-саяси тәрбие - тұлғаға ықпал жасаудың мақсатты бағытталған және жүйелі процесі, сол қоғамдағы өмірге дайындау мақсатында оның санасы мен мінез-құлқына әсер ету процесі.
Әлеуметтік-саяси элита- қоғамның иерархиялық әлеуметтік құрылымындағы негізгі бұқара көпшіліктен белгілі бір ерекшеліктерімен айрықшаланып, жетекшілігі, жеңілдіктері бар және мемлекеттік билікке салмақты ықпал жасайтын немесе оны жүзеге асыратын адамдар тобы, жігі.
Саяси теңсіздік – адамдардың әлеуметтік және саяси жағдайларының біркелкі еместігі.
Бедел- белгілі бір тұлғаның немесе адамдардың салмақты ықпал жасаудағы әрекеті.
Урбанизация –қалалардың, қала халқының өсуінің, қоғам дамуындағы ролінің артуы және өмір салтының таралуының әлеуметтік процесі.
6.3.2 Қысқаша дәрістер мәтіні
№1 тақырып «Еуропа және Америка елдерінің тарихы» пәніне кіріспе.
1.«Еуропа және Америка елдерінің тарихы» пәні, мақсат,міндеттері
2.Хронологиялық шеңбері және кезеңдеріне сипаттама
3. Мәселені зерттеудің жаңа тұрғысы және курсқа тарихнамалық шолу.
Дәріс тезисі: Жаңа заман 1640-1918 жылға дейінгі аралықты қамтып, капитализмнің еркін бәсекелестік және монополистік капитализм сатыларына бөлінді. Алғашқы кезеңінде Ұлы географиялық ашулардың салдары, «алғашқы қорлану», жаңа сауда жолдарын экстенсивті түрде пайдалану, Батыс пен Шығыс арасындағы дәстүрлі сауданы дамыту, буржуазия табының қалыптасуы және олардың билік үшін талас-тартыстағы рөлі, жалдамалы еңбек күшіне сұраныстың артуы, жер-жерлерде буржуазиялық революциялар орын алуы, ел өмірлеріне капиталистік қатынастар етене енуі қарастырылса, екінші кезеңінде қоғамдық-саяси және мәдени дамудың ерекшеліктері айқын көрініс тапты.
№2 тақырып 1640-1815 жж. Еуропа мен Солтүстік Америка
Еуропа және Америка елдерінің жаңа заиан тарихы 1640-жылғы Ағылшын буржуазиялық революциясы оқиғасымен мөлшерленеді. Осының өзінде бұл мезгіл, біршама мөлшерлеуден соң ғана келісіммен алынып отыр. ХҮІІ ғасырдың ортасындағы Ағылшын революциясының маңыздылығы, бәрінен де оның еуропалық ауқымдығы модернизация процессінің қарыштауына негіз болумен сипатталады.
18ғ. Англиядағы ескі мемлекеттік билік жаңа мазмұнмен толыға түсті.1701-жылы парламент екі заң қабылдайды.Онда Стюарттар династиясының мұрагерлігіне шектеу қойылған болатын.Бірінші документ –Тақты бекіту Биллі болып саналды.Тақ Гонноверлер династиясының өкілдеріне берілу жайында еді.Екінші документ- «Корольдіктің стакусы» және парламентаризм енгізілді.Парламент министірлер алды жауапты болуы тиісті болған.Королева Анна(1665-1714жж.) тұсында парламенттік биліктің күшеюі жүрген еді.Тіпті Георг ІІ(1638-1760жж.) кезінде вето құқығынан айрылады.Парламен отырысына қатынасу құқығынан да айрылған болатын.Парламент екі палатадан тұрды.Лордтар және общинадан.Парламент пен король арсындағы күресте 17ғасырдан бері өмір сүріп келе жатқан тюри және виги партиялары өте көп күш салады.1714жылдан бастап Англияны король емес виги партиясынан шыққан буржуазия мүддесін қорғайтын министірлер басқарды.1760-жылдан бастап ГеоргІІІ(1738-1820жж.) кезінен үкімет басына абсалютизмнің жақтаушылары тори партиясы билікке келген еді.
Мануфактура қоғамның дамуына байланысты өздігінен қалыптаса бастады.Феодалдық қатынастың сақталуымен қатар мануфактуралардың көбеюі қоғамда алаңдаушылықтар тудыра бастады.18ғ.Англияда мануфактура ұлттық деңгейде дами түсті, себебі, өндірістің дамуы ішкі нарықтың сұранысына сәйкес келе бастаған болатын.Осыған байланысты Англияда өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары қалыптаса бастады.Негізгі төңкеріс тоқыма өндірісінде етек алды.Дж.Кей (1704-1764жж.)тоқыма самалеті, Дж.Харгривстің тоқыма машинасы және т.б. осындай техникасының арқасында Англияда бұл салада үлен өзгерістер болды.Бұл қол өндірісінің техника өндірісіне бәсекелес бола алмауына әкеліп соқтырды.Джейммс Уатт(1736-1819жж.) ойлап тапқан бу машинасы да көптеген қол күшін қысқартқан еді.Бұрынғы ағаштың орнына Англияда енді көмір қолданысқа ене бастады.Бұндай жағдайлар жол қатынастары мен темір жолдың ұзаруына жол ашты.
Англия жол мәселесі жөнінен Франция мен Италиядан біршама артта қалған болатын.18-ғ.Англиядағы жөнделген жолдардың ұзындығы 1600 мильге жеткен еді.Сауда қатынастары болса Англияда жақсы дамыды. Негізгі бәсекелесі болып Франция саналды.Британ тауарлары Нидерландыда, Германияда үлкен сұранысқа ие болды.Қалай дегенмен де сыртқы саудада Франция Англияға үлкен бәсекелес болды.Францияның халқы да, портты қалалары да Англидан екі есеге артық болды.Кеме саудасы да Англиядан қарағанда жақсы жолға қойылған еді.
№3 тақырып XVII ғ. Англия. Ағылшын буржуазиялық революциясы
Революция ќарсањындаѓы Англия тарихына шолу.
Ұзақ парламент және оның ќызметі.
Пресветериандар, индепенденттер, левеллерлер және дигерлер.
Республика жєне протекторат.
Стюарттар династиясы.
Дәріс тезисі: ХҮІІ ғ. Бірінші жартысндағы Англияның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктері. Карл І ішкі және сырқы саясаты. Буржуазиялық революцияның алғы шарттары, пресветериандық партияның құрылуы. Ұзақ парламент, құрамы, саясаты, заң жобаларын талқылаудығы қызметтері. Азамат соғысы.Индепендеттік республиканың ішкі және сыртқы саясаты. Кромвельдің протектораты, оның мәні. Рестабрациялау.Виги және тори партиялары.1688 жылғы төңкеріліс. Конституциялық монархияның орнауы.
№4 Тақырып Солтүстікамерика отарларының тәуелсіздігі үшін соғысы. АҚШ-тың құрылуы.
1.ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы колониялардың әлеуметтік және саяси дамуы.
2.Егемендік үшін соғыстың себептері жєне ағылшын езгісі.
3.Революциялық жағдайдың қалыптасуы және соғыстың басталуы.
4.1787 жылы Конституция. Құқықтар туралы билль.
Дәріс тезисі: Еуропалық державалардың солтүстікамерика континентін отарлау саясаты. Ағылшын отарындағы әкімшілік – тарриториялық жіктеліс, елді басқарудағы олигархиялық тип. Аймақтағы капиталистік қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері.Тәуелсіздік үшін соғыс буржуазиялық революция ұрамен өтуі, АҚШ құрылуы.1787 конституция және 1789 жылғы түзетулер.
1607 жылы Солтүстік Америкада Джеймстаун фортының негізін салған Лондон компаниясы мен Плимут акционерлік компаниясы пайда болды. Бұл жерде орныққан алғашқы колония – Виргиния.
Виргинияның жері тың, ну күйде болғандықтан, оны тазартуға көп күш қажет болды. Үндістерді құлдыққа айналдыру дұрыс нәтиже бермегендіктен, қара еріксіздер, яғни негрлер әкеліне бастады. 1619 жылы Виргинияға тұңғыш рет құлдар әкелініп сатылды. 1630 жылы Виргиниядағы құлдар саны 50 болса, 1660 жылы олар 950-ге жетіп, 1780 жылы 220582-ден асты. XVII-XVIII ғасырларда Атлант мұхиты жағалауында ағылшынның 13 отары құрылды. Жаңа Англияда қолөнер, мануфактура кең өріс алды. Оңтүстік Каролина, Джорджияда құл еңбегі көбіне плантациялық шаруашылықта қалдырылды.
Американдық буржуазиялық тарихнамада Жаңа англияның негізін қалаған Ағылшындық пуритандар Америкаға таза діни идеалдар соңынан, діни және азаматтық еркіндік қоғам құру мақсатымен келіп, қазіргі Американың негізін қалады деген аңыз көп кездеседі.
1776 жылы 4 шілдеде халық қысымымен Конгресс «Тәуелсіздік Декларациясын», ягни Англияның бөлектенуі туралы өтініш қабылдайды. Бұл құжаттың авторы өз заманының алдыңғы қатарлы ойшылы, атақты саяси қызметкер Т. Джефферсон еді.
1783 жылы колониялардың тәуелсіздігі туралы келісімге қол қойылады. Революцияның соғыстағы таптар күресінде АҚШ-тағы билік жер иеленуші-аристократтардан Солтүстіктегі сауда өндірістік буржуазия қолына өтті.
1787 жылы негізінен бүгінгі күнге дейін сақталған конституция қабылданды. Ол конституция бойынша атқарушы билік 4 жылға сайланатын президенттің қолында болды. АҚШ-тың алғашқы президенті Д. Вашингтон болды.
1791 жылы аталған контитуция «Құқықтар туралы заңмен» толықтырылды.
Америкадағы тәуелсіздік жолындағы соғыстың нәтижесінде отарларда капитализмнің дамуына кедергі болып отырған отарлық қанау мен ағылшын жер иеленушілерінің үстемдігі жойылды.
Ауыл шаруашылығында капитализмнің дауының американдық немесе фермерлік жолы қалыптасты. Ол революцияның түпкі мақсаты капитализмді жақсы дамытуға қажетті ең негізгі фактор еді.
1784-1787 жылдары АҚШ конгресі Батыс жерлерін мемлекеттік жер деп жариялады. Ал 1784-1785 жылдары жерді 640 акр көлеммен сату туралы шешім қабылданды. Сауда-өнеркәсіптік дамуға кедергі болған ескі тәртіптер жойылып, капиталистік даму тездей түсті.
Құлдықты жою мәселесі толығымен шешілмеді. Ол тек 2-ші азамат соғысы кезінде ғана жүзеге асырылды.
Американ революциясы жайлы К. Маркс: «Еуропа буржуазиясы үшін соғылған дабыл қоңырауы», - деп жазады. Жалпы алғанда, бұл соғыс Американы езген және отарлық құлдықта ұстаған ағылшын қарақшыларына қарсы Американ халқының соғысы болды.
ХҮІІІғасырдың соңы ХІХ ғасырдың алғашқы он жылдығында АҚШ-тың экономикалық даму деңгейі Батыс Европадан әсіресе Англиядан артта қалып отырған болатын. Оның өнеркәсібі енді ғана аяғынан тұра бастады. Бірақ та капиталдың шоғарырлануы, ішкі нарықтың қалыптасуы және ағылшынның техникалық жетістіктері өнеркәсіптегі төңкеріске түрткі болды. ХҮІІІ ғасырдың 90 жылдарында АҚШ та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда болса, ал ХІХ ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйеге енгізіле бастады. АҚШтың тұңғыш призеденті Джордж Вашингтон (1789-1797жж) кезінде елдің қаржы жүйесі нығайтылып ұлттық банк Құрылды және бірыңғай ақша жүйесі енгізілді.
№5 тақырып XVII–XVIII ғғ. Батыс Еуропа елдері (Ұлы француз буржуазиялық революциясына дейін)
Англия жол мәселесі жөнінен Франция мен Италиядан біршама артта қалған болатын.18-ғ.Англиядағы жөнделген жолдардың ұзындығы 1600 мильге жеткен еді.Сауда қатынастары болса Англияда жақсы дамыды. Негізгі бәсекелесі болып Франция саналды.Британ тауарлары Нидерландыда, Германияда үлкен сұранысқа ие болды.Қалай дегенмен де сыртқы саудада Франция Англияға үлкен бәсекелес болды.Францияның халқы да, портты қалалары да Англидан екі есеге артық болды.Кеме саудасы да Англиядан қарағанда жақсы жолға қойылған еді.
1799ж 9-қарашадағы мемлекеттік төңкерістен кейін билік үш консулдың қолына өтті, Бірақ іс жүзінде Бонапарттың яғни І консулдың колында болды. Ол кейін жеке өзі билік жүргізгісі келіп өзінің билігін заңдастыруға асықты. Жаңа конститутция қабылданды. Конституция бойынша Франция республика болып қалды. Конст-ға сәйкес І консул бас әскер қолбасшысы болды, заң шығаратын өкімет органының барлық мүшелерін тағайындады. Департаменттерді басқару үшін үкімет префект-шенеуніктерін тағайындады. Бүкіл Францияны қатаң орталықтанған әкімшілік жүйе биледі. Ең күшті мекеме полиция болды. Оны Жозеф Фуше басқарды. Қатаң цензура орнады. 1801 жылы котолик шіркеуінің дінбасы Рим папасымен конкордантқа қол қойды. 1804 ж Рим папасы салтанатты түрде Напалеонға тәж кигізді. Наполеон ұсынысымен Француз эпископтарын Рим папасы тағайындады.
Франциядағы 18 брюлер төңкерісінен кейін қала буржузиясына сүйенген Напалеон Бонопарт диктатурасы орнады. 1804 жылға дейін бұл режим Консулдық түрде Франция республика болса 1804 жылдан бері Н. Бонапарт «Францияның императоры» атанды. Мемлекеттік төңкерістен кейін өз билігін заңды түрде бекітті. Жаңа конститутция бойынша билік І Консулдың қолына шоғырланды. Төрт заң шығарушы орган- сенат, мемлекеттік кеңес, трибунат, заң шығаушы корпус тек атауы ғана болды. Наполеон парламенттік режимді жойды. Оның орнына полицейлік-чиновниктік жүйе орнады. Демократтар қуғындалып, репрессияға ұшырады. Наполеон Яксбиншілерді құртуға тырысты.
Негізгі әдебиеттер: 4, 10, 11, 13, 15.
Қосымша әдебиеттер: 3, 5, 8.
№6 тақырып Еуропалық Ағартушылық.
Европадағы ағартушылықта Англияның алатын орны ерекше.Себебі ағартушылықтың отаны Англиядан бастау алған еді.Ағылшын ағартушылығының саяси негізін салушы Джон Локк болып есептеледі.Ол мемлекетті ымыралы келіскен қоғам өнімі ретінде қабылдаған болатын.Ол басқы тетік ретінде қоғамдағы адам моралін қарастырады. Азаматтық құқықтар емес, адам ішінде жасырынған үнсіз, келісімшілік пен сыйласылымдылық басты роль атқаруы тиіс деп есептеген тұғын.Бұл адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін басты фактор болуы тиіс дейді.Локктің конституциялық идеялары негізінен Англияның саяси құрылымына негізделген ,яғни буржуазия мен дворян арасындағы ымыраға бағытталған болатын.
Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 9, 13.
Қосымша әдебиеттер: 4, 8.
№7 тақырып XVIII ғ. Ұлы француз буржуазиялық революциясы.
Ұлы француз революциясы, Француз төңкерісі — 1789 — 1794 жылдары Франциядағы феодалдық-абсолюттік құрылысқа ауыр соққы беріп, капитализмнің дамуына жол ашқан буржуазиялық-демократиялық көтеріліс. 18 ғасырдың соңында Францияда жаңадан қалыптасып келе жатқан өндіргіш күштер мен ескі феодалдық өндірістік қатынастардың арасындағы қайшылықтар шиеленісе түсті. Елдің эконикалық жағдайын мемлекеттік қазынаның сарқыла бастауы, сауда-өнеркәсіптік дағдарыс, құрғақшылық әрі қарай ауырлатып, 1788 — 1789 ж. аса қиын ахуал қалыптасты. Оның алдын алу мақсатымен король Людовик XVI 1789 ж. 5 мамырда Версальда Бас Штаттарды шақырды. Оған ақсүйектерден 300, діни мекемелерден 300, үшінші сословиеден (қарапайым халық) 600 депутат қатысты. 1789 ж. 17 маусымда үшінші сословиенің депутаттары өздерін бүкіл ұлттың өкілдері деп мәлімдеп, өз жиналыстарын ұлттық, ал 9 шілдеден — Құрылтай жиналысы деп жариялады. Өкіметтің бұл жиналысты қуып тарату әрекеті халық көтерілісіне әкеп соқты. Король Бас штаттарға жиналыс өткізуге тыйым салғаннан кейін үшінші сословиеден шыққан депутаттар мен оларды қолдаушылар сол кезде бос тұрған Әулие Яков шіркеуіне жиналып, саяси мәселелермен айналысты. Сондықтан Яков шіркеуіне жиналғандарды халық-яковиншілер деп атады. 1789 ж. 14 шілдедегі Бастилияға тікелей шабуыл жасау Француз революцияның бастамасы болды. Феодалды-абсолюттік құрылысқа қарсы күресте буржуазия, шаруалар мен қала кедейлері бірігіп кетті. Бұл бірлік 1789 ж. 26 тамызда Құрылтай жиналысы қабылдаған “Адам және азамат құқықтарының Декларациясынан” көрініс тапты. Онда ұлт жоғ. өкімет билігінің қайнар көзі ретінде жарияланды. “Адамдар ерікті және құқығы жағынан тең болып қала береді” делінді. Сөйтіп, феодалды артықшылықтар мен үстемдіктерге соққы берілді. Сөз, баспасөз, дін ұстау, жиналыс бостандықтары жарияланды. Жеке меншік мызғымас және қасиетті құқық ретінде танылды. Негізгі саяси құқықтар алдымен салық төлеушілерге берілді. Француз революциясының бірінші кезеңінде (1789 ж. 14 шілде — 1792 ж. 10 тамыз) билік ірі буржуазия мен фельяндар деп аталған либерал ақсүйектерге тиісті болды. Негізінен буржуазия өкілдерінен тұратын астаналық әкімшілік құрылды. Ол Париж коммунасы деп аталды. Оның басшылығымен 1792 ж. 10 тамызда көтеріліске шыққан халық жеңіске жетіп, король тақтан түсірілді. Ұлттық Конвентке сайлау белгіленді. Француз революциясының екінші кезеңінде (1792 ж. 10 тамыз — 1793 ж. 2 маусым) саяси билік Құрылтай жиналысының орнына сайланған Заң шығару жиналысына көшті. Ол жиналыста Жиронда департаментінен шыққан депутаттар үстем түсіп, Ұлттық Конвентте көпшілік орынды иемденді. 1792 ж. 22 қыркүйекте Конвент Францияны республика (бірінші республика) деп жариялады. Конвент залындағы жоғ. орындарға революцияны соңына дейін жеткізуді мақсат еткен депутаттар отырды. Бұл топ “тау” деп аталды. Оны М.Робеспьер, Ж.П. Марат, Ж.Ж. Дантон, Л.Сен-Жюст, т.б. басқарды. “Тау” якобиншілер клубында басымдыққа ие болып, жирондистерді клубтан шығарды да, Париж Коммунасындағы жетекші күшке айналды. “Таудың” талабы бойынша 1793 ж. 21 қаңтарда Людовик XVI корольдің басы кесілді. Революцияның онан әрі жалғасуын тоқтатып, халықты бейбіт еңбекке жұмылдырмақ болған жирондистердің әрекеті 1793 ж. 31 мамыр — 2 маусым аралығындағы халық көтерілісіне әкеліп соқты. Оның нәтижесінде якобиншілер диктатурасы орнады. Бұл Француз революциясының соңғы, үшінші кезеңі (1793 ж. 2 маусым — 1794 ж. 27/28 шілде) болды. Билікке ие болған топ басқа әлеум. топтардың талап-тілектері мен мүддесін ескермей, тек өз мақсатттарын жүзеге асыруға тырысты. Бұл әрекет әділеттілік, ерік, бостандық, теңдік ұғымдарымен сыйыспады. 1793 ж. жазда бүкіл өкімет билігі М.Робеспьер басқарған Қоғамдық құтқару комитетіне көшті. Өкіметке наразылық білдірушілерді жазалау үшін Жалпы қауіпсіздік комитетті құрылды. Сауда жасау еркіндігіне шек келтіріліп, өз бетімен сауда жасаушылар “алыпсатарлар” ретінде айыпталды. Революцияның қас жауы деп есептелген корольдің әйелі Мария Антуанетта өлтіріліп, елде революциялық лаңкестік жүргізілді. Ашынған шаруалар мен жұмысшылар ақсүйектер мен байларды өлтіріп, байлықтарын өзара бөлісіп алуға кірісті. Бұл “барып тұрған якобиншілер” байлардан астықты күшпен тартып алуды, саудагерлерге қарсы лаңкестікті күшейтуді талап етті, кедейлерді Конвентке қарсы көтеріліс жасауға шақырды. Халықты арандатушылық әрекеттерге итермелегені үшін Қоғамдық құтқару комитеті “нағыз якобиншілердің” басшыларын соттап, өлім жазасына кесті. Бұл якобин диктатурасының халық бұқарасы алдындағы беделінің түсуіне себеп болды. Қоғамды өндіріске, бейбіт еңбекке жұмылдырудың жолдарын көрсете алмаған якобиншілер енді Конвенттегі “самарқаулар” деп аталған жаңа буржуазия өкілдеріне қарсы күрес жүргізді. “Самарқаулар” лаңкестікті бәсеңдетуді, рев. диктатура тәртібін тоқтатуды, Англиямен тез арада бітім жасауды талап етті. Олардың басшылары да “сатқын” деп айыпталып, 1794 ж. сәуірде өлтірілді. Бірақ якобиншілердің саяси беделі нығаюдың орнына, керісінше әлсіреп кетті. 1794 ж. 9 термидорда (27/27 шілдеде) “самарқаулар” мен оларды жақтаушылар жеңіске жетіп, М.Робеспьер бастаған “барып тұрған якобиншілердің” 22 басшысы өлтірілді. Тез әрі оңай жолмен “тартып алып, бөліп беруге” бейімделген диктатура халықты өндірісті ұйымдастыруға, жаңа құндылықтар жасауға жұмылдыра алмай, экон. процестердің дамуына кедергі келтіргендіктен құлады. Дегенмен, Француз революциясы Францияда капит. қатынастардың дамуына жол ашты.
Негізгі әдебиеттер: 4, 6, 9, 10, 11, 13.
Қосымша әдебиеттер: 1, 3, 8.
№
Достарыңызбен бөлісу: |