«Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы»



бет3/4
Дата07.04.2020
өлшемі450,5 Kb.
#61820
1   2   3   4
Байланысты:
ef8d2705-c0d7-11e3-b0bc-f6d299da70eeЕуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы» УМКД

12 тақырып: XIX ғ. 50–60 жж. Батыс Еуропа елдері.

1850 жылдары Англия Ресей империясының қарқынды өсуіне үреумен қарады. Петербургте І Николай ағылшын елшісіне Турцияға қарсы одақ құруды ұсынды. Бірақ Англия Өз мүдделерін есептеп, 1853 ж.басталған орыс – түрік соғысында Турция жағында Франциямен одақ құрды.

Крым соғысынан кейін Англияның ең қауіпті жауларының бірі – ІІІ Наполеонның Франциясы еді.

Англиядағы ішкі қоғамдық күрестерге 1861 – 1865 жж.АҚШ – ғы Азаматтық соғыс кезеңіндегі ағылшын өкіметінің саясаты көр әсер етті.

ХІХ ғ.ортасында Англия ірі отаршы империя болды. Бұл империяның маңызды бөлігі – Үндістан еді. 1857 – 1859 жж. халық қозғалысы бұл елдегі барлық отарлық жүйені дүр еткізді. Көтерілісті басу үшін ағылшындық отаршылар жергілікті феодалдармен бірлесті. 1859 ж.үнділердің ұлттық қозғалысы жанышталып, ағылшын өкіметі елдегі өз билік аппаратын күшейтті және оны ағылшын экспансиясының Азидағы плацдармына айналдырды. 1852 – 1853 жж.отарлаушы соғыстардың нәтижесінде Англияның үнді иеліктеріне Оңтүстік Бирма, кейін бүкіл Малайя, Сингапур, Пенанг және Малккуда қосылды.

1861ж.Батыс Африкадағы Лагос(Нигерия), 1850 – 60 жж.Австралия, Жаңа Зеландия бағындырылды.

1865 ж.Дж.Рассел премьер – министр болды. Оның кабинетіндегі ең көрнекті мүшесі қаржы министрі У.Гладстон еді. Ол Вест – Индиядағы ағылшын иеліктеріндегі құлдардың асығыс түрде босатылуынан қауіптенді, “нан заңдарын”, Ирландиядағы репрессия, университетке түсушілердің діни сенімін тексеруді қолдады. Рассельдің орнына келген граф Дерби өкіметінің қаржы министрі Дизраэли Гладстон билі проектынан екі есе асып түскен реформа проектын ұсынды. 1867 ж. 15 тамызда билль заңға айналды.
1868 ж.ақпанда Дерби денсаулығына байланысты отставкаға кетіп, королева кабинетінің құрылымын Дизраэльге тапсырды.

1868 ж. 13 шілдеде өкімет палатаны таратып, жаңа сайлау нәтижесінде либералдар басым түсіп, Дизраэль өкіметі Гладстон бастаған Кабинетке орнын берді.

Гладстон реформаларының бірі – бастауыш білім беру болды. Дамушы ағылшын өндірісі сауатты жұмысшыларды талап етті. Сөйтіп, жеке меншік мектептер, мемлекеттік мектептер пайда болды. Нәтижесінде көптеген жаңа мектеп ғимараттары салынып, мектептердегі орын саны 3.5 млн. Жетті. 1867 – 1876 жж.кезеңде бастауыш мектептерге өкімет субсидиясының мөлшері үш есе өсті.

Революциялық ж/е ұлт-азаттық қозғалыстар мен күресті күшейту үшін қалыптасқан тәртіпті сақтау мақсатында 1Александр еуропалық монархтарға бірігіп ,іс-әрекет ету жөнінде кеісім шарт жасауды ұсынды. 1845ж 26 қыркүйекте 1 Александр құрастырған Қасиетті одақ актісіне Осман империясының сұлтаны, Ағылшын корольі ж/е Рим папасынан басқа монархтар қол қойды.

Тұңғыш рет барлық Еуропа мемлекеті Еуропаның құрылымы жөнінде мәселені талқылауға қатысты. Еуропада бейбітшілікті ж/е тәртіпті сақтау үшін жүйелі түрде конгрестер өткізу тетігі құрылды.

Одақтастардың ж/е Франциядағы бұрынғы француз ақсүйектерінің талабына орай Бурбондар билігі қалпына келтірілді. Король болып XYIII Людовик деген атпен 1793ж өлтірілген XYI Людовиктің інісі граф Прованский отырды.

I Александр ж/е басқа да монархтардың талабы бойынша XVIII Людовик Францияда конституциялық монархияны бекіткен Хартияны жариялады. Мемлекеттегі барлық билік орындары Бурбондарға берілді.

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 13.

Қосымша әдебиеттер: 2, 3, 4
13 тақырып: XIX ғ. Бірінші жартысындағы АҚШ. 1861–1877 жж. Екінші солтүстікамерика революциясы.
1817-1819 жылдары құрама штаттар Шығыс Флориданы сатып алу жөнінде келіссөз бастайды. Келісе алмай генирал Джексон бастаған америкалық әскер АҚШ-тың Оңтүстік шекарасынан өтіп Филориданы басып алды. 1835 жылы Техаста көтеріліс бұрқ ете түсті. Мексикалық әскерер болды. 1836 жылы Техас тәуелсіз республика болып, 9 жыл өткеннен соң 1845 жылдың желтоқсанында Техас құлиеленуші штат ретінде АҚШ құрамына кірді.

Техастың АҚШ-қа қосылуы 1846-1848 жылдарындағы Мексика-Америка соғысын тудырды. Соғыс Мексиканың жеңілуімен аяқталды да, ол өзінің жарты аумағын АҚШ-қа беруге мәжбүр болды. Бұл қазіргі АҚШ-тың Калифорния, Невада, Аризона, Нью-Мексика және Юта штаттары.


1846 жылы АҚШ пен Англия келісімшартқа қол қойып, Канададағы ағылшын иеліктері мен АҚШтың солтүстік шекарасын бекітеді. Осындай негізде Атлантикадын Тынық мұхитқа дейінгі осы күнгі аумақ қалыптасқан болатын. Жарты ғасыр уақытта ол үш есе үлкейді. Кейінірек, 1867 жылы америкалықтар Ресейден Алясканы сатып алады, ал 1893 жылы Тынық мұхиттағы Гавай аралдарын жаулап алды.

ХІХ ғасырдың ортасында АҚШ-тағы саяси күрестегі ең шиеленісті мәселе - құлдық мәселесі болды. АҚШ-тың негізін қалағандардың көпшілігі: Дж.Вашингтон, Б.Франклин, Дж.Медисон, Дж.Адамс, Т.Джефферсон құлдыққа қарсы болды. Дегенмен барлық осы атақты адамдар, АҚШ президенті болған күнде де, құлдықты жоя алмады. Өйткені көптеген оңтүстіктік штаттар, егер құлдық жойылатын болса, одақтан шығамыз деген талап қойған еді.

ХІХ ғасырдың басында «Америкалық отарлар қоғамы» құрылып, олар негрлерді Африкаға қайтару идеясын ұсынғанды. 1820 жылдан бастап солтүстік шаттардан 11 мыңға жуық негрлер отанына қайтарылды.

1860 жылға президенттік сайлау барысында бір-біріне қарсы тұрған демократтар мен республикашыл партиялар арасындағы қиян-кескі күрес үдей түсті.Демократиялық пратия жағынан кандидаттыққа құлиеленушілікті жақтаушы Стефан Дугласты ұсынды. Ал республикалық пратия - адвокат және публисцист Аврам Линкольнді ұсынады. Ол құлдыққа қарсы болғанымен, Браунның көтерілісі сияқты қадамдар мәселенің шешілуін қиындата түсетіндігін түсінді. Линкольн құлдықтың Батсқа жайылуын тоқтату қажет деп санады. Құл иеленушілікті жоюдың белгілі жақтаушысы, ел өнеркәсібінің өркендетілуін қолдаған республикашыл А.Линколннің мемлекет басшысы болып сайлануы Оңтүстікті АҚШтан бөлінуге итермеледі. Ең алғашқы әскери қақтығыс 1861 жылдың 12 сәуірінде өтті. Оңтүстік әскері зеңбіректерден оқ жаудырып, федералды әскер тұрған Самтер қамалын басып алды. Конституция бойынша АҚШ-тың флоты мен әскерінің қолбасшысы болып есептелінетін президент А.Линкольн Оңтүстікті теңіз жағынан қоршауға алуға бұйырып, Оңтүстік штаттардағы көтерілісті басу үшін үкімет құрамына 75 мың еріктілерді шақырды. АҚШ тарихындағы ең қантөгісті соғыс – Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы Азамат соғысы осылай басталды.

Азамат соғысының ең басты маңызы құлдықты жою болды. Қара түстілер мен ақ түстілердің тең құқықты екендігін бекіту үрдісі басталғандығы америкалық демократияның дамуындағы маңызды қадам болды. Соғыс ірі жер иелену меншігін, плантациялық шаруашылықтың негізін күретіп, америкалық аулыл шаруашылығын фермерлік жолмен дамуға бағыттады. Сондай-ақ, соғыс елдің экономикалық және саяси өмірінде Солтүстіктің жетекшілік ролін бекітті. Осының барысында Солтүстіктің өнеркәсіп капиталистері мен мен орта табының Батыстағы фермерлер одағы нығая түсті. Бұл республикалық партия күшейтіп, елдің саяси өміріндегі жетекшілік ролін қамтамасыз етті.

АҚШ - тағы азамат согысы буржуазиялы Солтүстік пен

қүл иеленуші Оңтүстіктің арасындагы антогонистік

қайшылықтан, шықты. Қүл иелену АҚШ - та

капитализмнің дамуына кедергі жасады. 19 - гасырдың

ортасында Солтүстік штаттарда қүлдықты жою

жолындағы күрес — аболиционизм күшейді. Қүл

иеленушілер ел ішіндегі буржуазияга арқа тіреді. Оларды Англиямен Франция үкіметтері де қолдады. Қүл иеленуге қпрсы күресте фермерлердің Канзастағы қарулы күреесі (11854-56), 1859 ж. Дж.Браун котерілісінің маңызы зор болды.Елде Республикалық партияның (1854 ж. қүрылған ) ықпалы күшее түсті. 1860 жылы республикашылар кандидаты А.Линкольнон АҚШ-тың президенті болып сайланды. Бүл қүл иеленуші штаттардың Одақтан бөлінуіне әсер етті. 1861 ж. февральда Монтгомери қаласында (Алабама штатында) қүл иеленуші штаттардың Конфедерациясы қүрылды. Оған АҚШ — тағы 34-штаттың 11-і бірікті.

Азамат соғысына Оңтүстік штаттар белсене кірісті. 1861 ж. 14-апрельде қүл иеленушілер Самтер қамалын басып алды. Алғашқыда көтерісшілер жеңіске жетті. Өйткені Солтүстік штаттар соғыска даяр емес еді.1862 ж. конгресс соғысты ревалюциялық әдіспен жүргізуге бағытталған шаралар

белгіледі.Көтерісшілердің мүлкін алу туралы заң шығарылды. Қүрама штаттардаға опасыздық жасағандарға өлім жазасы кесілетін болды.Гомстед және қүлдарды азат ету туралы заң (1862 ж. 20 май) зор маңыз атқарды. Ревалюциялық әдіске көшу азамат соғысының жаңа кезеңінің (1863-65) бастамасы болды. Солтүстік штаттар армиясына 190-мың негр қосылды, 250-мың негр тылдағы бөлімдерде қызмет атқарды.Жүмысшы полктері көбейді.Көтерісшілерге қарсы шабуыл күшее түсті .1865 ж. 3 апрельде федералдық әскерлер Конфедерацияның астанасы Ричмондты алды .Бірнеше күннен кейін генерал Р.Ли бастаған котерісшілер Аппоматокс озенінің бойында тізе бүкті. АҚШ-тағы азамат соғысы аяқталды. Мүнан кейін Оңтүстікке негрлерге жер және ақ адамдармен бірдей тең право беру жолындағы қозғалыс күшейді.Бүл Оңтүстікті қайта қүрудың бастамасы болды. Қайта қүру тарихта 1861-77 жылдардағы буржуазиялы-демократиялық ревалюцияның екінші кезеңі деп аталды. Бірақ буржуазия опасыздық жасап , негрлерді право атаулыдан қүр алақан қалдырды.Оңтүстік штаттарда бүрынғы қүл иеленушілер өкіметті өз қолына қайта алды, қүлдық негізінен сақталып қалды.Плантаторлар неглерге қатал тәртіп орнатты. Қара кодекс қабылданып , 1865 ж. Ку-клукс -клан үйымы қүрылды. Дегенмен ,Оңтүстік капитализм даму жолына түсті.Азамат соғысы және Оңтүстікті қайта қүру жылдарында онеркәсіп ондірісі тез өсті. Буржуазияның экономикалық ықпалы , саяси үстемдігі күшейді.


14 тақырып: 1815–1870 жж. Социалистік идеялар мен ілімнің дамуы.
ХІХ ғ. ең ықпалды идеологияның бірі - социализм еді. Социализмнің, социалисттік идеялардың қалыптасуы ерте индустриялық қоғамдық қайшылықтарына жауап еді. Социалисттер қанаудың негізгі себебі -жеке меншіктің өмір сүруі деді. Олар қоғамды ұжымдық ( коллективтік) принциптерге негіздеуді ұсынды. Келешек жаңа социалисттік қоғамда қанау болмайды, социалисттік негізі болған ХУІІ ғ. Реформациялық қозғалыстың идеялары еді. Реформациялық қозғалысқа келешекте әлемде бәрін теңестіретін, қанауды жоятын Құдай патшалығы еді. Бұл теңдік, таптардың, жеке меншіктің жойылу идеялары социализмге Реформациялық қозғалыстан келген қауымдық цехтік көзқарастар да социализмге ықпалын тигізді.

Социалисттік идеяларды таратқан Р. Оуэн (1771-1858 ), К. Маркс ( 1818-1883), Ф. Энгельс болды.

ХІХ ғ. 70 жж. социалисттік идөяларды таратқан И. Вейдемеер, Ф.А. Зорге, Дицген. Олар американ капитализмінің дамуының ерекшеліктерін атай отыра, негізіннен, оның даму қайшылықтардың өсе түсетінін көрсетті.

Марксизм ілімінің негізін қалаушылар американ жұмысшыларына АҚШ - ғы таптық күрестің ерекшеліктерін, американ даму күрес барысында табиғи одақтасы фермерлер мен негрлер болатынын ашып көрсетті.

Келешекте АҚШ - да Социалистік жұмысшы партия ( СЖП) құрылған.
15 тақырып: 1870–1918 жж. Солтүстік Америка мен Еуропа.
Бүл жүмыссыздардың Вашингтондагы жасаган аттанысы (1931-32). Аштар жорықтары -капиталистік елдердегі жүмысшалардың жүмыссыздықпен қайыршылыққа қарсы күресінің бір түрі .Көбінесе АҚШ пен Үлыбританияда қолданды Ең ірі жорықтар 1929-33 жылдардагы дүние жүзілік экоомикалық дагдарыс кезінде болды.

АҚШ-тың Демократиялық партиясы. Ол -американ моно полистік капиталының негізгі екі саяси партиясының бірі.1828 ж. қүрылды. Басаптқыда ол плантаторлар мен фермерлердің едәуір болігін , буржуазияның кейбір топтарынан біріктірілді.Кейіннен қүл иеленушілер мен ірі буржуазия партимясына айналды.Кәзіргі күнде ірі монополиялардың сойылын согады, агрессиялық саясат жүргізеді. Косемдері : Л.Джонсон, Г.Хемфри , М.Мэнсфил (сенаттагы демократардың басшысы) АҚШ-тың демократиялық партиясының түрақты мүшелері болмайды.Монополиялар және партияның басшы қайраткерлерімен тыгыз байланысты босстар ( саяси алаяқтар ) маңызды роль атқарды. Аса ірі монополиялар АҚШ-тың демократиялық партиясына қаражат беріп, оның саясатын белгілеп отырды.

АҚШ-тың Республикалық партиясы. Американ монополистік капиталының негізгі екі саяси партиясының бірі.1854 жылы буржуазия окілдері қүрды. Империялизм дәүірі бастаганнан бері ірі монополиялардың мүддесін қоргай отырып, агрессияшыл саясат жүргізіп келеді. Косемдері:Б.Голдуотер , Р.Никсон , Д.Эйзеихауэр , Э.Дирксен ( сенаттағы республикалардың басшысы).АҚШ-тың р.п. Аса ірі монополистік топтармен тығыз байланысты; олар партияны қаражат жағынан асырап-сақтап оның саясатын белгілеп беріп отырды.
16 тақырып: 1870–1871 жж. Франко-прусс соғысы және Париж Коммунасы.
1869-70 жылдары Францияда бонопартистік режимнің дағдарысы бұрынғыдан да күшейді. Оның себебі император Наполеон III Францияны құдіретті мемлекетке айналдыруды, Еуропада Францияның ықпалын күшейтуді көздеді. Ол үшін елдің ішіндегі наразылықгы басу керек, ол үшін жеңімпаз соғыс жүргізу керек. «Еуропаның басқа мемлекеттерін жеңу арқылы Еуропада Францияның ықпалы орнайды» — деп ойлады. Германияның бытыраңқылығын сақтап калуға тырысты. Германия бірігіп кетсе күшейеді. Сол үшін Пруссияға соққы беру керек болды. Осындай жолдармен бонопартистер өз әулетін күшейтуді армандады. Бонопартистердің жеке мүддесінен шыккан соғыс болды. Сол кезде Пруссияға да соғыс керек болды. Себебі Пруссия елді біріктіруді аяқтағысы келді. Германияньщ төрт мемлекетін қосу керек болды. Ал Франция болса Германияньщ қосылмаған төрт мемлекетінің косылуына кедергі жасағысы келді. Пруссия бүл соғысқа дайындалып отыр еді. Сонау 1863 жылы соғыс жоспарын дайындаған болатын. Австро-Венгрияны бейтараптылыкка көндірген болатын. Пруссияның милитаристік топтарының агрессияшыл саясаты осындай болды.

Германияның алдында қойып отырған мақсаты едді біріктіру. Бүл соғыс Пруссияның тарапынан обьективті соғыс болды. 1870 жылы Пруссияда соғысқа қажетті дайындықгар аяқгалды. Енді соғысқа бір сылтау керек болды. Бүл сылтау Испанияның тағына мүрагер отьтрғызу кезінде жасалды. 1870 жылы шілде айында королева Изабелла қуылғаннан кейін Испанияның тағы неміс принці Леопольд Гогенцоллерн Зигмарингенге үсынылды Бүны Франция қаламады. Леопольд тақтан бас тартты. Бисмарк бүл мәселені Пруссияның беделін төмендету деп баспасөз бетінде жариялады. Вилгельм бүны Пруссияны жәбірлеу деп қабылдайтынын мәлімдеді. Дәл осындай соғысуға сылтау іздеген Францияның соғыс министрі Лебеф былай деді: «Біз соғысқа дайъшбыз, өте дайынбыз» — деп мәлімдеді. Франция 1870 жылы 19 шілдеде Пруссияға соғыс жариялады. Франко-Прусс соғысы басталды. Ал шындап келгенде Франция соғысқа дайын болмай шықгы. Азық-түлік жеткіліксіз екен. Әскер басшылары кднша күш барын білмейді. ЖәшІктердегі оқ-патрондар орнына күм толтырылып қойылған. Осылай Франция әскері бірде-бір рет шабуылға шыға алған жоқ. Француз әскерлеріне неміс әскерлері үш рет қатты соқкы берді. 4-тамызда Виссамбург түбінде, 6-тамызда Фервахта соққы берілді. Бүл хабарды естіген француз халқы демонстрацияға шықгы. Францияның армиясы бүл үш сокқыдан кейін инициатива ала алмады. Ақырында Мец түбінде генерал Базен әскері қоршалды. 1870 жылы 30-тамызда Седан түбінде Мак Магонның әскері қоршалды. 1870 жылы 1-қыркүйек күні сағат үште Наполеон ақ ту көтеруге бүйрық берді. 82 мың әскері қол көтеріп берілді. Бүл империяның бет пердесін ашып берді. П-империяның дағдарысқа үшырап отырғанын дәлелдеді. Седан түбіндегі бұл жеңіліс Париж халқының наразылығын тудырды. 1878 жылы 4-қыркүйекте Париж халқы республика талап етті. Бүл 4-қыркүйек күнгі революция кезінде республикашылар буржуазияның басшылары Гамбетта және Жюль Фабр болды. Халыкхың талап етуімен буржуазия өкілдері бланкистер өкімет мүшелерінің күрамын жасап жатты. Гамбетта және Жюль Фабр бастаған топтар Париж халқына үкіметтің қүрамын олардан бүрын жариялап жіберді. 1870 жылы басталған Франко-Прусс соғысының барысында республикалық басқару жарияланды.

Бұл революция буржуазиялық демократиялық революция болды. Революцияның жасалуы мен республиканың жариялануы Франко-Прусс соғысының сипатын өзгертті. Франция тарапынан бүл соғыс енді Отан қорғау, яғни әділетті соғысқа айналды. Германияның тарапынан болса, бүл соғыс Франциядан жер алуды көздеген әділетсіз соғысқа айналды. Франциянын халқына енді Германиядан қорғану керек болды. Сондықтан үлттық қорғаныс үкіметі деп жариялады.

Бекіністің бір кірпіші берілмейді деп мәлімдеген, республикашылар шын мәнінде тездетіп Германиямен келісімге келгісі келіп отырды. Пруссияның әскері алға жылжи берді. Бүдан үкімет қорытынды жасамады. Немістер 1870 жылы 19-қыркүйек күні 230 мың әскерімен Парижді қоршады. Базен әскері 27-қыркүйекте неміс үкіметіне берілді. Жюль Фабр Бисмаркпен келісіп болашақ бітімнің жобасын жасады.Бүл халықты ызаландырды. Еріктілер отряды кұрылды. Еддің ішінде отаншылдық бастамасы күшейді. Осының нәтижесінде округтік Бақылау комитеті күрылды. Бүған 20 округ қарады. Бүл округтердің ішінде бірінші интернационалдын секцияларыньщ мүшелері жүмыс жасады. Үлттық гвардия күрды. Орталық комитет үйымдастырылды. Бүл белсенділіктерді буржуазия үнатпады. Олар бланкистерді түтқындады. Қолдан келгенше Франциядағы революциялық қозғалысты басып-жаншып, карсылық болдырмауға әрекет жасады. Францияда бүл жылы қыс қатты болды. Аштық пен күйзелушілік пайда болды. Париж халқының тізе бүгу туралы сөзді естігісі де келмеді. Бланкистердің орекетін прудонистер қолдамады. Трошю үкіметі оскер шығарып бүл көтерілісті басып тастағысы келді. Трошю үкіметі үлттық гвардия отрядтарын нәтижесіз аяқталатын қимылдарға жүмсап отырды. Жюль Фабр Версаль қаласында отырған Бисмарктан бітім сұрады. Бисмарк Жюль Фабрмен сөйлесті. Бірақ одан Париж порттарының берілуін сүраған жоқ. СебебІ олардың берілмейтінін білді. Франциянын басшылары Пруссияға қарсы ел ішінде үлкен күштің бар екенін білді. Кдй заманда да елдің тәуелсіздігін сақтаушы — халық.

1871 жылы 18-қаңтарда Франция мен Пруссия арасында келісім болды. Үлттык сайлау өтті. Онда монархиялық топтың өкілдерінің саны көп болды. Үкіметтің басшысы етіп А. Тьер бекітілдІ. А. Тьер Францияның баюшы буржуазиясының өкілі болатын. А. Тьер тек өзі байыған үстіне баи беру арманынан таймаған адам.

1871 жылы 26-ақпан күні жоғарыдағы келісімге байланысты Германия мен Францияның арасындағы бітімге қол қойылды. Франция Эльзас пен Лотарингияны (көлемі 145 мың шаршы шақырым) Германияға берді және 5 млрд. франк контрибуция төлейтін болып міндеттенді.

Париж Коммунасы
1. 1871 жылғы 18-наурыз революциясының себебі мен сипаты
2. Париж Коммунасына сайлау
3. Париж Коммунасының әлеуметтік шаралары
4. Коммуна және шаруалар
5. Коммунаның жеңілу себебі
Ұлттық гвардияның басшылары жүмысшыларды Париж қаласына кірген неміс әскерлеріне оқ атпауға көндірді. Неміс әскері 1-наурыз күні Париж қаласына кірді. Неміс басқыншыларын қаңсылаған иттер мен мияулаған мысықтар қарсы алды. Барлық жұмыс орындары, дүкендер жабық тұрды. 3-наурыз күні үлттык жиналыс өзінің отырысында Франкфурт келісіміне көніп Бисмаркке тапсырды. Париждін халқын неміс әскерлерінің қолымен бағындырмақ болған француз өкіметінің үміті жүзеге асқан жоқ. Париждің қарулы халқын кдрусыздандыру үшін оларды көшеге турткілеп шығару керек болды. Ол үшін үлттык гвардия әскерлерінің онсызда аз жалақысын азайтты. Қала түрғындарынан қарыздарын екі жетінің ішінде төлеуді талап етті. Бүның бәрі Парижді шыдамынан шығару үшін істелді.

Француз үкіметі Германия үкіметімен келісіп, Седан түбіндегі әскерді Парижге кіргізуге рүқсат алды. 12 мын шасси винтовкасын адды. 18-наурыз күні сағат 3-те Тьер әскері Монмартр биігінде түрған үлттық гвардия қолындағы артиллерияны басып алғысы келді. Тьер әскері Монмартр биігіндегі зенбіректерді төменге түсіре бастады. Түске таман Тьер әскері Париждің орталық көшелерімен Версальға қарай кете бастады. (Париж халқының, ұлтгық гвардия әскерлерінің арасымен Тьер әскері зеңбіректерін сүйретіп өтіп кетті). Париж халқы 18-наурыз күні өкімет мүшелері Версальға қашып кеткеннен кейін өкіметті өз қолына алды.

Бланкистер де, неоякобиншілер де Тьер әскерін қарусыздандыруды түсінбеді. Үлттық гвардияның Орталык Комитетінің айқын жоспары болған жоқ. Бүлар халыктың білсендігімен Париждін тізгінін өз қолына адды.
1871 жылы 18-наурыздағы революция стихиялы, ойламаған жерден болған революция болды. Орталық комитет революцияны алдын-ала дайындаған жоқ. Варле, Асси тағы басқа да көрнекті қайраткерлер де дайындамады. Кешке карай бүкіл Париж көтерілісшілердің қолына өтті. Ратуша үйінде қызыл жалау желбіреді. Осы кезде үлттык гвардия не істеуі керек еді? Біріншіден, Версальға қарай қозғалып оларды қарусыздандыру керек еді. Екіншіден, үкіметті түткъіндау керек еді. Алайда бүлар үкімет билігіне қолын жеткізе отырып революцияның міндетін түсінген жоқ. Революцияға тән тактика шабуылға шығу екенін түсінбей, қорғаныс бағытын үстанды. Орталық Комитет мүшелерінің «мейрімділігінің» себебі азамат соғысы шығып кетеді деп кдуіптенді. Олар бүл соғысты шығарып отырған негізгі мұрындык буржуазия екенін түсінген жоқ. Париж жұмысшылары буржуазияға моральдық ыкпал жасау арқьшы әсер етуге болады деп түсінді. Орталық Комитет өзінің басшы орган екенін түсінбеді. Ол өзінің негізгі міндеті — Коммунаға сайлау жүргізу деп түсінді. Сайлауға дайындық жүргізді. Буржуазиялық элементтер қарусыз демонстрациялар үйьшдастырды. 26-наурыз күні сайлау жүргізілді. Париж Коммунасы Советі сайланды. Сайлауға еңбекші бүқара ғана дауыс берді. Коммуна советіне 85 адам сайланды. Дегенмен 16-сәуІрде қосымша сайлау болып, тағы 22 адам сайланды. 18-26-наурыз аралығында Орталық Комитет бірнеше шаралар жүргізді. Әлеуметтік жағынан алғанда көпшілігі жүмысшылардан түрды. Партиялык жағынан алғанда Коммуна советі әртүрлі болды. Олардың ішінде лрудонистер, неоякобиндшылаар тағы баскдлар болды. Неоякобиндықтар болып жатқан оқиғаның мәнін түсінген жоқ. Олар сыртқы жаудан Франдияны корғауды күн тәртібіне қойды.

Революцияның барысында еңбекші бүқара үкімет басына келді. Бланкистер мен неоякобиндіктер бір блокқа бірікті. Кейбір коммуна мүшелері екі топтың екеуіне де қосылған жоқ. Коммуна советінің басым көпшілігі Маркске дейінгі социализмнің түрлі ағымдарында түрды. Бланкистер де, пруддонистер де Францияның жүмысшыларына басшылық жасай алған жоқ. Францияның пролетариатынын өз партиясы болмады.

Сонымен 18-наурыз күні болған халық көтерілісі жаңа революциялық үкіметтің басына Париж жүмысшыларын әкелді. Олар революцияның міндетін түсінген жоқ. Сонда да олар үкімет билігін колына алғаннан кейін өздеріне кджетті жүмыстар істеді. Олар тұрақты армияны жойып қарулы халык жасағын күрды. Ескі аппараттың чиновниктері жүмысқа шықпай қойды. Коммуна атқарушылық және орындаушылық билікті біріктірді. Париж Коммунасы 10 комиссия күрды. Олар финанс, әскери, юстиция, қоғамдық тағы басқа. Коммуна Советі бүл комиссияларға өз өкілдерін тағайындады. Басқару және сот аппараттарына мүшелер сайлау арқылы тағайындалды. Сенімді ақтамағандарды жүмыстан шығаратын болды. Коммуна жүмысшылардың еңбек ақысын маман жүмысшылардың еңбек ақысымен теңестірді. Коммуна жаңа мемлекеттік қүрылым ретінде көрінді: түрақты армияны халық жасағымен алмастыру әрекеті, ескі бюрократтык аппаратты жойып жаңа аппарат қүруы, жалпыға бірдей сайлау енгізуі. Олар халық алдында есеп берді. Қызметкерлер жалақысы жүмысшы жалақысына жақын етіп белгіленді. Заң шығару және атқару органдары Коммунаға біріктірідді.

Коммуна советі қүрылғаннан кейін елдің ішінде әлеуметтік топтардың саяси белсенділігі артты. Әйелдер клубы тағы басқа клубтар қүрылды. Коммуна жүмысшылардың талабын орындауға тырысты. Айырбас және еңбек комиссиясы қүрылды. Оның басшысы Лео Франкелъ былай деді: «Егер біз жүмысшыларға ештеңе істемесек Париж Коммунасының мәні не?» — деді. Он сағаттық жүмыс күні енгізілдІ. Түнгі жүмысқа тыйым садды. Осы шаралар Коммуна советінің жүмысшылар үкіметі екенін көрсетеді. ШіркеудІ мемлекеттен бөлді. Азаматтық оқу енгізілді. Балалар бақшасы, мүражай есіктері ашылды. Париж Коммунасы соғысты жек көретінін көрсетті. Наполеонға салынған жүз метрлік алып ескерткішті қүлатты. Париж Коммунасы кезінде баска елдердің азаматтары Лео Франкель, Врублевский, Домбровский, басқа да орыс азаматтары жүмысшы-лардың киындықгарын бөлісті.

Францияның провинцияларын да, басқа да қалаларында 23-наурызда Марсель қаласында, Лион, Тулон кэлаларында революция болды. Бірақ олар үзақ өмір сүрген жоқ. Шаруалар мен Париж Коммунасы арасындағы байланыс жасау әрекеті болды. Коммунар жазушы Андре Малон шаруаларға арнап жазған «К сельскому труженику» деген үндеуінде былай жазды: «Туысқан, сені алдап жатыр, сондықтан менің талап етіп жүргенім азат болу — сенің де азат болуың».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет