Оперативті жады (ОЗУ, англ. RAM, Random Access Memory) — бұл процессормен тікелей байланысқан және есептеулер орынладатын бағдарламаларды сақтау үшін арналған, көлемі үлкен емес, жылдам сақтау құрылғысы. Мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.
ТҰРАҚТЫ ЖАДЫ
Қатқыл диск (немесе Hard disk Drive (HDD) – бұл компьютердегі негізгі мәліметтер қоймасы және гигабайтпен өлшенеді.
ШЫҒАРУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Шығару құрылғылары пайдаланушыларға мәліметтерді өңдеу нәтижелерін көрсетуге арналған. Ең таралған шығару құрылғыларына монитор және принтер жатады. Графиктер мен сызбалар алуға арналған құрылғылар бар - графоқұрастырушылар, немесе плоттерлер, акустикалық жүйелер және басқа да құрылғылар.
Принтер - сызбалық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін жасайтын құрылғы
МОНИТОР
Монитор(немесе дисплей) мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелеуге, пайдаланушы мен компьютер арасындағы ақпараттық байланысты қамтамасыз етуге арналады.
Мониторлар электронды-сәулелі түтікшелі және сұйық кристалды дисплейлі болады.
Колонка, наушник - дыбыстық ақпаратты шығаруға арналған құрылғы.
ЕНГІЗУ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ
Енгізу құрылғылары ақпаратты компьютерге енгізуге арналған. Оған пернетақта, тышқан және сканер жатады.
Пернетақта компьютерге ақпарат енгізу мен оның жұмысын басқару үшін пайдаланылады және алфавитті-цифрлік мәліметтерді енгізуге және компьютерді басқару командаларын енгізуге арналған.